Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





II. КЕЙБІР АНЫҚТАМАЛАР



II. КЕЙБІР АНЫҚТАМАЛАР

Анықтамалар

                                                     

· Даму мониторингі. Бұл – бала жалпы және нақты даму салаларында, яғни, ірі және ұсақ моторика (қимыл-қозғалыс), танымдық, тілдік, әлеуметтік-эмоциялық дағдылар, сонымен қатар, өз-өзіне көмектесу және өз-өзін реттеу дағдылары тұрғысынан ілгері қалай жүріп жатқанын бақылаудан тұратын, үздіксіз, үйге барып қараған сайын жүзеге асырылатын әрекет. Тізім түрінде көрсетілген даму кезеңдері патронаж қызметкеріне баланың даму үдерісі балалардың көпшілігінің даму жолынан ауытқығанын анықтауға көмектесетін құрал береді.

 

· Даму кезеңдері –атқарымдық дағдылар немесе белгілі жас шамасына сай тапсырмалар, бала оларды орындай алу қабілетін алғаш рет көрсетеді. Даму кезеңдері деп бала ата-анасына алғаш рет күлімсіреген, алғашқы қадамын жасаған, алғаш рет «ә-ке» деген сәттері аталады. Балалар өздеріне тән ерекше қарқынымен дамиды. Нәтижесінде бала қандай да бір жаңа дағдысын қашан көрсететінін алдын-ала болжау қиынға соғады. Дегенмен, даму кезеңдері бала құрдастарымен салыстырғанда, дамудың қай сатысында екені және келесі жолы қандай мінез-құлық түрлерін және дағдыларды көрсететіні туралы жалпы көрініс береді. Даму кезеңдерін қолданумен даму және мінез-құлық скринингін жүргізу даму ауытқушылықтарын немесе бөгелістерін ертеу анықтауда маңызды рөл атқарады және нәтижесінде балаларға дамуына көмектесу үшін қосымша қолдау және араласу шараларын ұсыну болуы мүмкін.

 

· Даму скринингі.Даму және/немесе мінез-құлық скринингін жүргізудің стандартталған және сенімді құралын пайдаланумен нақты жас шамасында жүзеге асырылатын бір реттік немесе көп реттік әрекет болуы мүмкін. Скрининг құралдары түрлі даму салалары (ірі және ұсақ моторика, тілдік, танымдық, әлеуметтік, эмоциялық, күнделікті тіршілік ету және өз-өзін реттеу) туралы сұрақтарды қамтитын зерттеу нәтижелеріне негізделген ресми құралдар болып табылады. Скрининг құралдарының көмегімен диагноз қоюға болмайды, бірақ, олар балалар дұрыс дамып келе жатқанын/жатпағанын немесе оларға қатысты бір алаңдаушылық бар екенін, сондықтан, ресми бағалау жүргізу керек екенін көрсетеді. Кейбір елдерде скрининг белгілі бір жаста (АҚШ: 9, 18 және 30-36 айда, Ұлыбритания: нәрестелер, 1-2 аптада, 6-8 аптада, 12 айда және 24-30 айда) жүргізіледі және нәтижелері белгілі бір топтарға және/немесе географиялық аймақтар үшін бағдарламалар қызметін жетілдіру үшін немесе 2 ½ - 3 жаста балалардың мектепке дейінгі балалар мекемесіне дайындығын тексеру үшін пайдаланыла алады.

 

· Бағалау немесе дамуды бағалау. Бұл – баланың оңтайлы дамуына септесу үшін ерте араласу шаралары арқылы көбінесе диагноз қою және қолдау көрсетудің мейлінше лайықты жүйесін жасап шығару және жоспарлау мақсатында нақты даму салалары тұрғысынан баланың мықты және әлсіз тұстарын анықтау үшін балаға кешенді бағалау жүргізу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.