Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





VIi БАЛАҒА БАҒАЛАУ ЖАСАЛҒАННАН КЕЙІН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ



Жергілік қоғамда қандай қызметтер бар екенін, сонымен бірге, қайсысын тек ірі қалаларда немесе жеке меншік секторда ғана алуға болатынын сіз жақсы білгеніңіз дұрыс.

Оған қоса, ата-аналарға ерте араласу қызметтерін табуда сіздің көмегіңіз қажет болады. Араласу шараларынсыз бағалау жүргізудің мәні жоқ, бірақ, кейде ата-аналарға тек диагноз айтылады және/немесе балаларын мүгедектерге арналған жәрдемақы алу үшін тіркеуге алады, бірақ, әрі қарай не істеу керек екені туралы жақсы кеңестер берілмейді. Бағалау нәтижелерін сәйкес қолдау көрсету шараларымен үйлестіру маңызды, бірақ, біздің елдерде осыған ешбір кедергісіз қол жеткізу мүмкін бола бермейді.

 

Көптеген ата-аналар сенделу мен күтуді қысқарту үшін жеке меншік қызметтерге өз қалтасынан ақы төлейді. Барлық ата-аналарды сарапшылардан берген нәтижелерін және ұсыныс-кеңестерін түсіндіруін, сонымен қатар, балаға және отбасына жасау қажет әрі қарайғы қадамдарды айтуын сұрауға итермелеу маңызды.

 

Кейде сіз бұдан бөлек мәселеге тап боласыз. Кейбір сарапшылар ата-ана не үшін қажет екенін түсінбейтін тексерулер, әсіресе, диагностикалық сынақтар тағайындайды. Ата-аналарға осындай сынақтардың нәтижелері қандай қосымша ақпарат бере алатынын және бала мүддесінде араласу шараларын жоспарлауға қалай әсер ететінін түсінуге көмектесетіндей түсіндірме мәлімет беруін сұратқызу маңызды. Баланың медициналық картасынан немесе ата-аналар туралы құжаттан сіз сынақтардың нәтижелерін және жаңа сынақтар жүргізуге қатысты ұсыныс-кеңестер таба аласыз. Өкінішке орай, араласу шаралары кейінге қалдырылуы мүмкін, себебі, «тағы бірдеңені тексеру керек», ал бұл баланың дамуына септесуге жұмсауға болатын алтын уақытты жоғалтуға алып келеді.

 

· Отбасыларға бағалау нәтижелерін түсінуеге қалай көмектесуге болады

Ата-аналармен немесе тәрбиелеушілермен сөйлескенде, оларға бағалау туралы, баланың көрсеткен нәтижелері туралы не білетінін және осыған қатысты не ойлайтынын сұрастыру маңызды. Әңгімені ата-аналарға мәлім тұстардың айналасында өрбіткен дұрыс болады.

 

Осындайда баланың есімін атап сөйлеңіз, «анау, аналар, мына… балалар» сияқты кез-келген жалпылаушы немесе нұсқаушы есімдіктерді пайдаланудан аулақ болыңыз. Ата-аналар бағалаудың болашақ нәтижелері туралы аз айта алатынын, тіпті мүлдем ештеңе айта алмайтынын білуі тиіс. Даму үдерісін бағалауының басты мақсаты – белгілі бір уақытта баланың оқу-үйрену қабілетіне демеу көрсету мүмкіндігі болуы үшін бала дамуының мықты тұстарын, әрі әлсіздеу тұстарын түсіну.   

 

Сонымен қатар, отбасының қажеттіліктерін түсіну және оған қолдау көрсету маңызды. Отбасы басымдылығы жоғары деп таныған қажеттіліктер сіздің басты назарыңызда болуы тиіс. Зерттеу мәліметтері бойынша отбасының ең айқын көрінетін қажеттіліктерінің бірі – ақпаратқа мұқтаждық. Бағалау және оның нәтижелері туралы ақпараттан бөлек отбасына баланың мінез-құлқымен байланысты мәселелер және баланың қажеттіліктері туралы, сондай-ақ, олар баланың және отбасының өмірінің жалпы сапасына қалай әсер ететіні туралы көп ақпарат керек.

 

Көп жағдайда бағалау диагноз қоюға немесе мүгедектіктің не даму ауытқушылығының себебін анықтауға мүмкіндік бермеуі мүмкін. Мұндайда жауап іздеуге көп құнды күш пен ресурс жұмсағанша, баланың дамудағы қажеттіліктері қандай екеніне зейін қоюға көмектесу маңызды болуы мүмкін. Төменде келтірілген жарияланым сізге отбасылармен жұмысыңызда қолдана алатын қосымша ақпарат бере алады.

 

· Өзге қажетті ақпарат ұсыну

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарының ақпаратқа мұқтаждығы айтарлықтай артады.

Күнделікті олар баласының даму және мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты туындайтын жаңа және күтпеген жайттарға тап болады. Оған қоса, баласын тәрбиелеу туралы шешім қабылдай алу үшін және тиісті қызметтер мен бағдарламаларға қол жеткізе алу үшін оларға көп ақпарат қажет. Олардың сұрақтарына бірден жауап бере алмасаңыз, уайымдамаңыз. Мәселені шешу үшін қосымша көмек іздейтініңізді міндетті түрде айтыңыз. Сондай-ақ, есіңізде болсын, кейде ата-аналарға сіздің өздерін тыңдағаныңыз да жеткілікті.

 

Есте сақтаңыз, бүгін отбасылар көп ақпаратты Ғаламтордан таба алады, бірақ, кейде сол ақпаратты ой сүзгісінен өткізу және талқылау қажет. Отбасылар «жалған сауықтыру» немесе емдеу уәделеріне сеніп қалуы мүмкін. Егер отбасы сізге сенім артса, сіз оларға көмектесіп, сенімді ақпарат көздерімен байланыстыра аласыз. Ақпарат пен қолдауды дәл сондай қиындықтардан өткен өзге отбасылар немесе мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарының қауымдастықтары көрсете алады. Егер отбасы осыған дайын болса, басқа бір әріптесіңіз жұмыс істейтін, ұқсас мәселелерге тап болған отбасылармен байланысқа шығу мүмкіндігін талқылаңыз.

 

VIi БАЛАҒА БАҒАЛАУ ЖАСАЛҒАННАН КЕЙІН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Отбасы ерте араласу қызметтерін және өзге қолдау көрсету қызметтерін ала бастағанда да, сіздің отбасындағы рөліңіз аяқталмайды.Көбінесе осындай қызметтер практик мамандардың кабинетінде, емханаларда немесе денсаулық орталықтарында көрсетіледі, ал отбасына сол жерде үйренгендерін үйде немесе амбулаториялық жағдайда әдеттегі күнделікті істерінде қолдану қажет болады. Осы себепті және жалпы үздіксіз қолдау көрсету үшін оларға сіз қамтамасыз ете алатын тұрақты күтім қажет. Осыған дайындалу үшін сіз жасай алатын істердің арасынан келесілерді атап өтуге болады:

· Егер мүмкін болса, ең дұрысы, сізді кіші жастағы балаға және оның отбасына ерте араласу қызметтерін көрсететін кәсіби мамандар командасына, «бала айналасындағы командаға» шақырады.

· Баланы бағалау нәтижелерін және араласу шараларына қатысты ұсыныс-кеңестерді біліп алыңыз және отбасыларға үйренгендерін әдеттегі күнделікті істеріне кіріктіру жолында кездесетін кедергілерген өтуге қалай көмектесе алатыныңызды ойланыңыз.

· Жергілікті қоғамдағы қандай мекемелер отбасына қолдау көрсету бойынша сәйкес қызметтер көрсететінін анықтаңыз. Олардың араласу шараларына тікелей қатысы болмауы мүмкін, бірақ, ата-аналарға бала күтімінде «демалып алу» немесе үзіліс жасау мүмкіндігін бере алуы, маңызды ресурстарға (арнайы құрал-жабдық және материалдар), бейүкіметтік ұйымдарға немесе ақпарат, ұсыныстар, кеңестер беретін немесе қолдау көрсететін ата-аналар ұйымдарына қолжетімділікті қамтамасыз ете алуы мүмкін.

· Отбасының араласу шараларына қатысуына ықпал ететін тосқауылдардан хабардар болыңыз және үйде жұмыс жасауды жалғастырыңыз, әрі, мүмкін болса, араласу шараларын жүзеге асыратын командаға балама нұсқалар ұсыныңыз.

 

Отбасыларға барғанда,

· Есіңізде болсын, алғашқы бағалаулардан кейін отбасыларда түсінбеген ақпарат бойынша сұрақтары немесе жаңа туындаған үрей-қорқыныштары көп болады.

· Отбасылар дайын болғанда, қосымша ақпарат және қолдау көздерін табуға көмектесіңіз. Егер үйіне барғанда олар қандай да бір ақпарат тыңдауға дайын болмаса, келесі жолы тырысып көріңіз. Есте сақтаңыз, ата-анаға және отбасына қосымша қажеттіліктері бар баласын тәрбиелеуге бейімделу қажеттілігінен туындаған көптеген өзгерістерді енгізуге тура келеді.

· Отбасыларға үйренгендері әдеттегі күнделікті істерінде қалай көмектесе алатынын және оларды баланың дамуына септесу үшін қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз.

· Ата-аналарға баласының жаттықтырушысы рөліне шырмалып қалмай, әзіл-қалжыңға толы қарым-қатынастан ләззат алуға мүмкіндік пен уақыт табуға және өздерінің, сонымен қатар, өзге отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін ескеруге көмектесіңіз.


 

             



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.