|
|||
Vi. ДАМУ БӨГЕЛІСТЕРІН АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРМЕН ТАЛҚЫЛАУVi. ДАМУ БӨГЕЛІСТЕРІН АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРМЕН ТАЛҚЫЛАУ Ата-аналармен және отбасы мүшелерімен бала дамуындағы бөгелістер және/немесе ауытқушылықтар туралы сәтті және тиімді тілдесу сізден айтарлықтай күш-жігерді, дағдыларды және белгілі бір уақыт бойы әрбір ата-ананың көзқарасын және сезімдерін түсінуді талап етеді (Тілдесу туралы модульді қараңыз). Ата-аналармен тілдесуге қажет болатын ең маңызды дағдылар болып тыңдай білу және орын алған жағдайға байланысты жанашырлық таныту табылады. Ата-аналармен тілдесу кезінде сізге олардың реакциясын мұқият бақылау, ата-аналардың реакциялары және өзгеше дамитын балаларымен айналысу әдістері әртүрлі болуы мүмкін екенін түсіну қажет. Бірақ, оларға әрдайым жанашырлығыңыз бен түсіністігіңіз керек болады. Есіңізде болсын, ата-аналардың сезімдері және орын алған жағдайды еңсере білу қабілеті уақыт өте келе өзгеруі ықтимал, әрі ата-аналардың реакциясы да өзгеріске ұшырауы мүмкін (Өзгеше дамитын балалар модулін қараңыз).
Міне, сіз тап болуыңыз мүмкін әдеттегі жағдайлар:
· Ата-анаға баласының дамуында бөгеліс болуы мүмкін екенін және оны бағалау жүргізуге жіберу керек екенін қалай хабарлау керек
Сіз баланың жаңа дағдыларды игеруінде немесе өзгелермен тілдесуінде немесе даму қарқынында біршама бөгелістерді немесе ауытқушылықтарды байқағаныңызды ата-аналарға есту ауыр тиетін болса, естіртудің қандай қажеті бар деген сұрақ тууы мүмкін.
Кейбір жағдайларда осындай үрейлі белгілер жоғалып, даму өзінің қалыпты арнасына түсу мүмкіндігі әрдайым бар. Әрине, бұл әбден мүмкін, бірақ, дәл қазір сізге жағдай дәл солай болатынын беймәлім. «Тірі болсақ, көрерміз» ұстанымы дұрыс шешім емес. Бала өміріндегі әр күн маңызды және оқу мен даму үшін оңтайлы мүмкіндіктерге толы болуы тиіс. Дамуында бөгелістері бар немесе ауытқушылықтың қандай да бір алаңдататын белгілері байқалатын балаларға қосымша оқу-үйрену мүмкіндіктері дәл қазір және дәл осы жерде керек. Бәлкім, ата-аналарға баласына осындай қосымша қолдаудң қалай көрсетуге болатынына қатысты қосымша кәсіби кеңестер керек болып қалар.
Сондықтан, сіздің баланы естен шығармай қолдана алатын оңтайлы әдісіңіз – ата-анаға алаңдаушылығыңызды тудыратын жайттар туралы байыппен хабарлау. Сіз баланың әлемді қалай қабылдайтынын жақсырақ түсіну үшін және оның дамуына септесу үшін қанағаттандыруды қажет ететін нақты қажеттіліктерін анықтау мақсатында оған бағалау жүргізуге кеңес бере аласыз.
Егер әдеттегі күнделікті процедураларға қосымша стратегияларды қоса енгізсе, нәтиже үнемі жақсырақ болатынын түсіндіру маңызды, себебі, аталмыш стратегиялар баланы үйретуді және оның өзге адамдармен өзара әрекеттестігін жетілдіреді. Сізге, сондай-ақ, ерте диагноз қою бүкіл отбасына үзақмерзімді оң әсер ете алатыны дәлелденгенін есте сақтау керек: дәл сол сәттен ата-аналардың баласының шектеулі мүмкіндіктеріне психологиялық бейімделуі және үйренісуі басталады, демек, балаға қолдау мен демеу көрсетілетін орта қалыптастырылады.
· Тиісті мекемелермен жұмыс жасау қиындықтары Бұл сіз үшін де, сіз қолдау көрсететін отбасылар үшін де аса қиын мәселе болатын шығар. Әдетте, бағалау жүргізуге ұзын-сонар кезек болады, ата-аналарға көптеген әртүрлі мекемелерге және сарапшыларға (түрлі дәрігерлерге, психологтарға, логопедтерге, физиотерпавтерге және т.с.с) баруға тура келетін шығар. Олар бала мен отбасы туралы бір ақпаратты сан мәрте қайталауға, сарапшылар бір-бірімен жұмыс жасамайтындықтан, жүйесіз және бұлыңғыр түсіндірмелерді тыңдауға тура келіп, нәтижесінде мүлдем шатасып кетуі ғажап емес.
Ең алдымен отбасыларға осындай сарапшылармен байланысқа шығуға көмектесу маңызды. Мұндай қолдауды көрсету үшін сізге сарапшыларға қолжетімділік және өзге секторлармен жұмыс жасау дағдыларыңыз (Өзге секторлармен жұмыс жасау модулін қараңыз) қажет болады. Бағалау рәсімі денсауллық сақтау, білім беру немесе әлеуметтік қамсыздандыру секторларындағы қызметтермен жүзеге асырылуы мүмкін және қызмет түрін таңдау бала бойындағы нақты ауытқушылыққа байланысты болады. Бірқатар елдерде мұндай қызметті бейүкіметтік ұйымдар немесе жеке мамандар да көрсете алуы мүмкін.
|
|||
|