Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР. БҰЛ ТАҚЫРЫП БІЗ ҮШІН НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?



 

ДАМУ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ СКРИНИНГІ            МОДУЛЬ13           Оқу құралы                  
Bettina Schwethelm UNICEF     

 


НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР. БҰЛ ТАҚЫРЫП БІЗ ҮШІН НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?
КҮТІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
I. КІРІСПЕ – ДАМУ МОНИТОРИНГІ НЕЛІКТЕН СОНШАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ
II. КЕЙБІР АНЫҚТАМАЛАР
III. ҮЙГЕ БАРЫП ҚАРАУ КЕЗІНДЕГІ ДАМУ МОНИТОРИНГІ
IV. ДАМУ МОНИТОРИНГІН ЖӘНЕ СКРИНИНГІН ЖҮРГІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ
a) ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІН ҚОЛДАНУМЕН БАЛА ДАМУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
b) ДАМУ СКРИНИНГІН ЖҮРГІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ
c) БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚТА ӘСЕР ЕТЕТІН ӨЗГЕ ФАКТОРЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
d) СІЗГЕ РЕСМИ БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК
V. ЕГЕР БАЛАҒА АУЫТҚУШЫЛЫҚТАР НЕМЕСЕ ДАМУ БӨГЕЛІСТЕРІ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР ДЕП САНАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
VI. ДАМУ БӨГЕЛІСТЕРІН АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРМЕН ТАЛҚЫЛАУ
VII. БАЛАҒА БАҒАЛАУ ЖАСАЛҒАННАН КЕЙІН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
ҚОСЫМШАЛАР
Өзін-өзі бағалау
Қосымша ресурстар
АВТОРЛАРЫ

 


 

 

НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР. БҰЛ ТАҚЫРЫП БІЗ ҮШІН НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

1. Сіз жұмыс жасайтын қоғамға қарай сіздің науқастарыңыз болып табылатын әр 10 баланың 1-2-не шектеулі мүмкіндіктер және/немесе даму ауытқушылықтары қауіп төндіруі мүмкін.

 

2. Мүмкіндіктері шектеулі және/немесе дамуында ауытқулар бар сәбилерді және кішкентай балаларды ерте анықтау өте маңызды. Мұндай балалар неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым тезірек дамуын демеуге қажет қызметтерді алады. Ал бұл, өз кезегінде, балалар ер жетіп, өркендеп, толық әлеуметтік инклюзия жағдайында бар әлеуетін іске асыру ықтималдығын арттырады.

 

3. Дамудағы ауытқушылықтар қоршаған ортадан (мысалы, депрессияға шалдыққан тәрбиелеуші, отбасындағы зорлық-зомбылық, балаға қатыгездік көрсету, отбасында өлім орын алуы, жоқшылық және т.б.) туындауы мүмкін екенін есте сақтау қажет.

 

4. Кейде отбасылар балаларының өзімен жасты басқа балалар сияқты емес, басқаша дамып келе жатқанын әлдеқашан біледі. Басқа жағдайларда отбасылар балаларының дамуында ауытқушылықтар бар екенін ұғынбауы мүмкін. Қалай болғанда да, отбасына ең жақын жүретін және баланы дамыту саласында тиісті дайындықтан өткен және кәсіби тәжірибесі бар кәсіпқой маман ретінде отбасымен осы маңызды тақырыпты талқылау қажет. 

 

5. Отбасына жағдайды түсінуге көмектесуде, ресми бағалау және ерте араласу шараларын жүзеге асыратын қызметтермен байланыстар орнатуда, тиісті қамсыздандыру мекемелерінде олардың мүдделерін қорғауда, оларды тыңдау және стрессті жеңуге қатысты кеңестер беру үшін жанынан табылуға дайын болуда және ең маңыздысы, ата-аналардың балаларының қажеттіліктеріне бейміделуге үнемі даяр болуына және ата-ана мен бала арасында қамқор қарым-қатынастар орнатуға септесуде басты рөл сізге тиесілі. 

 

6. Отбасыларға тиімді қолдау көрсету үшін сізге үйге барып қарау кезінде кіші жастағы балалардың дамуына мониторинг жүргізу дағдыларын игеру қажет. Егер дағды әдетке айналса, сіз, сондай-ақ, ара-тұра ата-аналардың қатысуымен даму скринингі құралдарын да қолдана аласыз.

 

7. Отбасыларға скрининг пен бағалау мәні неде екенін түсінуге көмектесу үшін сізге осы рәсімдермен таныс болу қажет.

 

8. Ата-аналармен және отбасылармен баласы даму бөгелістеріне қатысты ресми бағалауға мұқтаж болуы мүмкін екені туралы мәселені талқылау аса шетін мәселе болуы мүмкін және отбасылар қажет етуі мүмкін қолдауды көрсету үшін сіздің кәсіби тіл табысу дағдыларыңыз және жанашырлық таныта білуіңіз тиіс.

 

9. Бала ерте араласу қызметтерін ала бастағанда, баламен және отбасымен жұмыс жасаудағы сіздің рөлінің тоқтамайды. Отбасы бұрынғыша қолдауыңызға мұқтаж болуы мүмкін және сіз бала мен отбасы айналасындағы кәсіби команданың өте маңызды және құнды мүшесі болып қала бересіз. 

10. Әрі, ең соңғысы, отбасыларға сәтті шыққан істеріне және жетістіктеріне қуануына, үміттерін үзбеуге және баласынан ләззат алуға көмектесуді ұмытпаңыз.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.