Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ірі бекеттердегі жоғары деңгейлі электромеханиктердің штатын есептеу



1.5.1 Ірі бекеттердегі жоғары деңгейлі электромеханиктердің штатын есептеу

 

Белгі беру және байланыс дистанциясының (электржетектер, бағдаршамдар, РТ, электрмен қоректендіру құрылғылары, желілі-кабель шаруашылықтары) жұмыскерлерінің санының нормативінен шығара отырып ірі бекеттердегі автоматика және телемеханика құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуіне тікелей байланысты аға электромеханиктердің штатын есептеу.

ШНЦС штатынан бөлек 4 штат бөлімі электромеханиктердің әрбір ірі бекеттерге (А, Б, В, Г) өзінің қажетті штатын анықтаймыз.

 

1.5.2 Аралық бекеттердегі аға электромеханиктердің штатын есептеу

 

Белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік теліміндегі жоғары деңгейлі электромеханиктер инженерлік-техникалық жұмыскерлерді басқаруға және автоматика телемеханика және байланыс құрылғыларының техникалық қауіпсіздігіне жауап береді. Техникалық процесте графиктің орындалуына ББОБ құрылғылары қызмет көрсетеді. Олардың қол астында құрылғылардың техникалық жағдайына қарайтын электромеханиктер мен электромонтерлер қызмет етеді. Аға электромеханиктер (ШНЦС) штатының есептеу жұмыстарын белгі беру және байланыстағы қызметкерлер саны нормативтері бойынша жоғары деңгейлі электромеханиктердің бір бөлігі – электромеханик (ШНЦ) төрт бірлігі, электромонтерлер (ШЦМ) штатын қоса алғанда есептеледі. Осы штаттарды есептеп болған соң, А-Б, Б-В, Б-Г телімдеріндегі аға электромеханик штаттарының қажетті есептеу жұмыстарын жүргіземіз.

 

1.5.3 (А-Б, Б-В, Б-Г) теліміндегі бекеттердің өндірістік теліміндегі (ШЧУ) басшылар штатын есептеу

 

Белгі беру және байланыс дистанциясындағы өндірістік телімдердің басшылары дистанцияның әкімшілік-басқару жұмыскерлері (ӘБЖ) штатына жатады. Өндірістік штаттағы басшылардың штат еептеулерін ББОБ және байланыстағы «белгі беру және байланыс дистанция жұмыскерлерінің сандық нормативтері» бойынша анықталады. ЭО-дағы А-Б, Б-В, Б-Г телімдеріндегі бекеттердегі барлық бұрмалардың санын әрбір телімдегі (А-Б, Б-В, Б-Г) және әрбір бекеттегі бұрмалардың санын бастапқы берілгендерден ала отырып телімдегі штатын есептеп әр бірлікке ШЧУ 480 бұрмадан жатады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.