Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аралық бекеттердегі электрлік орталықтандыру (ЭО) құрылғыларына қызмет көрсететін штаттың нормативті көрсеткіштері



1.3.2 Аралық бекеттердегі электрлік орталықтандыру (ЭО) құрылғыларына қызмет көрсететін штаттың нормативті көрсеткіштері

Техникалық қызмет көрсетуден басқа, аралық бекеттердің ЭО құрылғылары әр түрлі РТ параметрлерін, бұрмалар мен белгі берулерді өлшеу үшін қажетті механизмдермен, құрылғылармен және стендтармен жабдықталған жөндеу-технологиялық телім жағдайында мерзімдік ұсақ және орташа жөндеулерге ұшырайды. ЭО құрылғыларының жөнделуіне және қызмет көрсетуіне байланысты инженерлік-техникалық жұмысшылар санының нормативтері дистанция тобын, оның техникалық жабдықталуын ескере отырып анықталады. Бұл жағдайда олар келесілерден тұрады:

 

Электромеханик (ШНЦ) штатының бір бірлігі ЭО ның 110 бұрмасына.

Электромонтер (ШЦМ) штатының бір бірлігі ЭО ның 150 бұрмасына.

 

Электромеханик (ШНЦ) және электромонтер (ШЦМ) штатының қажетті есептерін орындаймыз, алынған нәтижелерді 1.3-кестесіне енгіземіз.

 

                                                                                           1.3-кесте

 

Белгі беру және байланыс дистанциясының жөндеу-технологиялық телім (ЖТТ) жұмысшыларының есептелген штаты

 

Телімдер мен құрылғылардың атаулары

Өлшеуіш

Өлшеуіштер саны

Өлшеуіштер саны бірлік. дана

Нормативті штат

ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ
Біржіпті АБ км      
Екіжіпті АБ км      
Аралық бекеттердргі ЭО бұрма      
Ірі бекеттердегі ЭО бұрма      
Барлығы            

 

1.4 Дистанционды шеберханалардағы штат санының есебі

Дистанционды шеберханалар белгі беру және байланыс дистанциясының жөндеу-технологиялық телімінің басты бөлігі болып табылады және арнайы жұмыс жасайтын шеберханалардың автоматика және телемеханиканың қазіргі жөндеуден өтіп жатқан құрылғыларымен байланысты болады.

Дистанциядағы телімдердің ірі және аралық бекеттердегі бұрмалар саны туралы шеберхана штатындағы қажетті мәліметтерді, сонымен қатар барлық телімдердің автоматты блоктау ұзындығын анықтау керек. Қажетті барлық мәліметтерді енгізгеннен кейін, дистанционды шеберханалардағы инженер-техник жұмыскерлерінің типтік нормативпен штат санын есептейміз. 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.