Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бастапқы берілгендер. Жол және қозғалыс қызметінің жұмысшыларының жалпы жалақы қоры



2.2.1 Бастапқы берілгендер

 

Бір бекетке бекет басшысының (ДС) бір бірлік штаты; бекет бойынша кезекшінің (ДСП) бес бірлік штаты; автоматика және телемеханика құрылғыларының кез келген түрінде бекет бойынша кезекшісінің операторларының бес бірлік штаттан келетінін, жол және қозғалыс қызметінің жұмыскерлерінің санының нормасын ескере отырып, бастапқы берілгендер ретінде ірі бекеттердің бірін таңдаймыз (тапсырма бойынша).

Бекет маршрутты-бақылау құрылғыларымен жабдықталған жағдайда, бұрмалық постқа бір бірлік штаттың есебінен, үлкен бұрмалық посттардан тұратын қозғалыс қызметінің жұмысшыларының қосымша штаты керек; бұрмалық посттың кезекшісі – бір бұрмалық постқа төрт бірлік штаттан келеді. Бір бұрмалық пост 6-дан 8-ге дейінгі бұрмаларға қызмет етеді.

Жол қызметінің жұмысшылар штаты 50 бұрмаға бір бірлік штатының нормасымен анықталады және бұрмаларды тазалау бойынша жол монтерларының қажеттілігінен алынып анықталады.

Көрсетілген нормативтерден жол және қозғалыс қызметінің жұмысшыларының санынан берілген нұсқа үшін талап етілетін штатты анықтаймыз.

 

2.2.2 Жол және қозғалыс қызметінің жұмысшыларының жалпы жалақы қоры

 

Қозғалыс қызметінің жұмысшыларының жалпы жалақы қоры бекеттегі екі нұсқадағы құрылғылардың (МБҚ және ЭО) сандық мәнін қосу жолымен анықталады. МБҚ және ЭО үшін көрсеткіштерін бөлек келтіреміз. Содан кейін әр құрылғының түрі бойынша құрылғылардың қызмет көрсетуіне байланысты (30% жалпы жалақы қорынан) қосымша шығындарды ескереміз.

Автоматика және телемеханика құрылғыларының қызмет көрсетуіне байланысты жалақы қоры мен қосымша шығындардың мәнін анықтап алып, қосымша шығындардың қосындысын ескере отырып жалпы жалақы қорының сандық мәнін анықтаймыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.