Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Автоматты переездік сигнализацияның (АПС) қызмет көрсету штаты бойынша нормативтері



1.2.3 Автоматты переездік сигнализацияның (АПС) қызмет көрсету штаты бойынша нормативтері

 

АПС құрылғылары теміржол көлігінің автомобильді және жүк көлігінің переезде соқтығысып қалу мүмкіндігінен туатын апаттық жағдайларды болдырмау үшін қызмет етеді. АПС құрылғыларына қызмет көрсету бойынша нормативті штат көрсеткіштері автомобиль және жүк көлігінің теміржол переезі бойымен өту қарқындылығы бойынша анықталады. Белгі беру және байланыс дистанциясының инженерлі-техникалық жұмысшыларының нормативті көрсеткіштеріне сәйкес былай құрылады:

 

22 переезде ББОБ (ШНЦ) электромеханик штатының бір бірлігі.

25 переезде ББОБ (ШНЦ) электромеханик штатының бір бірлігі.

 

1.2.4 Аралық бекеттердегі электрлік орталықтандыру (ЭО) қызметі бойынша нормативтері

 

Электрлік орталықтандыру құрылғылары бекеттегі автоматика және телемеханика жүйелерінің басты бөлігі болып табылады және пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маршруттық жол құрамындағы сигналдар мен бұрмалардың тұйықталуын қамтамасыз етеді.

Аралық бекеттегі ЭО құрылғыларының қызмет көрсетуі бойынша инженерлік-техникалық штат санының нормативтері белгі беру және байланыс дистанциясының топтарын негізге ала отырып және пойыздар қозғалысының қарқындылығын ескере отырып анықталады. Бұл жағдайда олар келесілерден тұрады:

Электромеханик ББОБ (ШНЦ) штатының бір бірлігі ЭО ның 23 бұрмасында

Электромонтер ББОБ (ШЦМ) штатының бір бірлігі ЭО ның 33 бұрмасында

 

1.2.5 Ірі бекеттердегі электрлік орталықтандыру (ЭО) құрылғыларына қызмет көрсету штаты бойынша нормативтері

 

Ірі бекеттердегі электрлік орталықтандыру құрылғылары теміржол саласында қызмет ететін жұмысшылардың еңбек өнімділігін жақсартады, бекеттің өткізу қабілеттілігін арттырады, бекет үшін маршруттарды дайындау уақытын қысқартады, сонымен қатар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына жауап береді.

Ірі бекеттердегі электрлік орталықтандыру құрылғыларына қызмет көрсету үшін инженерлік-техникалық жұмысшылар нормативтері белгі беру және байланыс дистанциясы негізінде және пойыздар қозғалысының қарқындылығын ескере отырып анықталады.

Бұл жағдайда олар келесілерден құралады:

Электромеханик ББОБ (ШНЦ) штатының бір бірлігі ЭО ның 25 бұрмасында

Электромонтер ББОБ (ШЦМ) штатының бір бірлігі ЭО ның 35 бұрмасында

    Белгі беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларына қызмет көрсету бойынша белгі беру және байланыс дистанциясы телімінің техникалық штатының керекті есептерін жүргіземіз.

    Алынған нәтижелерді 1.2-кестесіне апарып қоямыз.

 

1.2-кесте

 

Дистанция телімдерінің пайдалану кезіндегі штатының есеп қорытындысы

 

р/с

Телімдер мен құрылғылардың атаулары

Өлшеуіш

Объектілер саны

Өлшеуіштер саны бірлік. дана

Автоблокировка телімі

ЭО бекеттері

А-Б

Б-В

Б-Г

А

Б

В

Г

ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ ШНЦ ШЦМ
Телімдер: А-Б   Б-В   Б-Г     км км км                                              
Телімдердегі АБ белгі беру сызығы А-Б   Б-В   Б-Г     км км км                                          
Аралық бекеттердегі ЭО А-Б   Б-В   Б-Г   бұрма                                          
Телімдердегі АПС А-Б   Б-В   Б-Г   переезд                                          
Ірі бекеттердегі ЭО А Б В Г     бұрма                                      
  Барлығы:                                    

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.