Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дистанция бойынша бұрмалар мен бағдаршамдардың жалпы санының есебі



1.4.4 Дистанция бойынша бұрмалар мен бағдаршамдардың жалпы санының есебі

 

Белгі беру және байланыс дистанциясының теліміндеріндегі бұрмалар мен бағдаршамдардың жалпы саны электрлік орталықтандыру (ірі және аралықтағы бекеттер) барлық ірі (А, Б, В, Г) және аралықтағы бекеттер мен аралықтағы телімдердің А-Б, Б-В, Б-Г бағдаршамдарының қосындысымен анықталады. Алынған мәліметтер СОБ құрылғыларына қызмет көрсетумен жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты қашықтықтағы шеберханалардағы жұмысшылардың техникалық штатын есептеу үшін қажет.

 

1.4.5 Белгі беру орталықтандыру және блоктау (ББОБ) құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету бойынша дистанционды шеберханалардың штатының есебі

 

ББОБ-тағы құрылғыларға оларға техникалық қызмет көрсету үшін кішкене және орташа жөндеу жұмыстары ББОБ құрылғыларына қызмет көрсетуі бойынша қашықтықтағы шеберханаларда белгі беру және байланыста болады.

Бұл қызмет көрсету әсіресе аралықтағы және бекеттегі құрылғылардың сенімділігі үшін аса қажет болып табылады (бұрмалар, бағдаршамдар, рельс тізбектері).

 

1.4.6 Дистанционды шеберханалардағы электромеханик (ШНЦ) және электромонтерлардың (ШЦМ) штатының есебі

 

ШНЦ және ШЦМ штат бөлімдерінің есептеу жұмыстарын штаттың бір бөлігі 100 бұрма мен бағдаршамдарға белгі беру және байланыс дистанция жұмыскерлерінің саны бойынша нормативтері, яғни 30% электромеханиктерге және 70% ББОБ-тағы электромонтерларға кетеді.

Жоғарғы бақылаудағы нормативтерге қарамастан бекеттегі және аралықтағы бұрмалардың жалпы санын анықталғаннан кейін дистанциялық шеберханалардағы жұмыскерлердің қажетті шарттарын анықтаймыз.

 

1.5 Аға электромеханиктердің (ШНЦС) белгі беру орталықтандыру және блоктау өндірістік телімдердің басшыларының (ШЧУ), техникалық құжаттарды жүргізу бойынша инженерлердің (ШЧИ)  штаттарын сесптеу

 

Белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханикке (ШНЦ) бағынатын 1 бірлік штат аға электромеханик (ШНЦС) 4 бірлік штат дистанционды шеберханалар (ШНЦ) мен электромонтерлар ШЦМ жұмысшыларының санын нормативке сәйкес есепке ала отырып аға электромеханиктердің (ШНЦС)штатын есептейміз.

Белгі беру және байланыс дистанциясының жұмысшыларының санын нормативке сәйкес есепке ала отырып 1 бірлік штат ШЧУ 480 бұрма ЭО немесе 390 км АБ деп есептеп өндірістік телім бастығының штаты есептеледі. Техникалық құжаттарды жүргізу және негізгі орнату сұлбаларына өзгерістер енгізу үшін дистанция инженерлерінен штат бөлінеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.