Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дистанциядағы автоблокировка телімдерінің жалпы ұзындығын есептеу



1.4.1 Дистанциядағы автоблокировка телімдерінің жалпы ұзындығын есептеу

Автоблокировка телімдерінің жалпы ұзындығы, телімдердің біржолды немесе екіжолды екеніне қарамастан (бастапқы берілгендер) автоблокировкадағы телімдердің жалпы ұзындықтарын қосу әдісімен анықталады (А-В+Б-В+Б-Г).

 

1.4.2 Дистанциядағы бекеттердің барлық бұрмаларының жалпы санының есебі

 

Белгі беру және байланыс дистанциясының электрлік орталықтандыру бекеттеріндегі телімдердің жалпы бұрмалар саны, А-Б, Б-В, Б-Г телімдерінің аралық бекеттердегі бұрмалар санын ескере отырып, А, Б, В, Г (бастапқы берілгендер) бекеттеріндегі бұрмалар санын қосу әдісімен анықталады.

Бұл бұрмалар саны әрбір бекет телімдеріндегі А-Б, Б-В және Б-Г (бастапқы берілгендер) бұрмалар санын бекеттер санына көбейту бойынша анықталады. Содан кейін электрлік орталықтандырудағы ірі (А, Б, В, Г) және аралық бекеттердегі телімдердің А-Б, Б-В, Б-Г бұрмалар санының жалпы қосындысын есептейміз.

 

1.4.3 Дистанция теліміндегі жалпы бағдаршамдар санының есебі

Дистанция теліміндегі жалпы бағдаршамдар санын анықтау үшін, барлық ірі бекеттердегі (А, Б, В, Г) бағдаршамдардың санын әрбір бекеттегі бағдаршамдардың (бастапқы берілгендер) санын қосу әдісімен анықталады.

Аралық бекеттердегі А-Б, Б-В, Б-Г телімдерінің бағдаршамдар саны дистанциядағы аралық бекеттердің телімдеріндегі бағдаршамдарды 1,2 есебімен алып электрлік орталықтандырудың аралық бекетінің бұрмалар санымен есептейміз.

Содан кейін дистанцияның аралық телімдеріндегі А-Б, Б-В, Б-Г бағдаршамдардың жалпы санын аралық телімдердегі жолдар санын ескере отырып анықтаймыз. Бұл үшін әрбір телімдегі (А-Б, Б-В, Б-Г) аралық бекеттің жалпы ұзындығын алып тастап аралықтың ұзындығы анықталады. Телімнің ұзындығын біле отырып, әрбір телімдердің аралықтағы бекеттер саны және әрбір бекеттің орташа ұзындығы (2,2-2,5 км ге дейін), әрбір телімдердегі аралықтың ұзындығын есептейміз.

Барлық есептеулер нәтижелерінің жалпы қосындысын есептей отырып, белгі беру және байланыс дистанциясы телімдерінің барлық аралықтағы бағдаршамдар санын анықтаймыз.

Дистанция бойынша жалпы бағдаршамдар саны ірі бекеттердегі, аралық бекеттердегі және А-Б, Б-В, Б-Г аралықтағы бағдаршамдардың жалпы қосындысымен анықталады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.