Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





озғалыс және жол қызметі жұмысшыларының айлықтарының құрамасы мен қорын есептеу



2.1.3 Бірінші санатты төлемнің автоблокировка(АБ) құрылғыларының қызмет көрсетуімен байланысты айлық және жылдық жалақыны (ЖҚ) есептеу

 

Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне және бірінші санат бойынша төлемге тікелей байланысты болғандықтан белгі беру және байланыс жұмыскерлері инженерлік-техникалық және әкімшілік-басқару үшін қызметтік төлемдер бірлік штат болған кезде есептеу орындалады. Бір айлық жалақы қорын анықтасақ белгі беру және байланыс қызметкерлерінің жылдық жалақы қорын табамыз.

Есептеулер нәтижесін төлем санаттары және сағаттық төлемдерді анықтамалық қағазға жасаймыз, олардың нәтижелерін кестеге салып, жалпы жалақы қорын анықтаймыз.

Жалпы жалақы қоры айлық және жылдық сыйақы төлемдерден тұрады, оны ББОБ электромонтерына төлейді. Инженер-техник және администратор басқару қызметкерлеріне төленетін сыйақы төлемі жалақы қорында көрсетілмейді, оны материалдық қордан төленбегендіктен ол есептеулерде көрсетілмейді.

Екінші санатты электромонтерлер сәйкесінше жалақы қорынан 25% және 20% жалақы ретінде алады. Бұл көрсеткіштер белгі беру және байланыс дистанциясының теліміндегі автоматика және телемеханика құрылғыларының жөндеу жұмыстарымен қызмет көрсетуіне байланысты барлық санатты дистанция жұмысшыларының жалпы жиналған қорын анықтауға айлық және жылдық жалақы қоры үшін осы мәндер анықталады.

жалақы қорын біртіндеп есептейміз,

Инженер-техникалық жұмысшылармен электромонтерлердің автоблокировка (АБ) құрылғысына және автоматтық переездік сигнализация (АПС) қызмет көрсетуге қатысты жалпы соммасын анықтап аламыз, А-Б, Б-В, Б-Г телімдеріндегі мезгілдік бекеттер ЭО қондырғысына қызмет көрсетуіне байланысты жұмысшылардың жалақы қорын анықтаймыз. Сыйақы қосымшасын ескере отырып жалақы қорының айлық және жылдық соммасын анықтаймыз. Содан соң ірі бекеттердегі (А, Б, В, Г) ЭО қондырғыларына қызмет көрсетуіне байланысты аналогты түрде дистанциядағы жұмысшылардың жалақы қорының жалпы есебін жүргіземіз.

Содан соң айлық және жылдық жалақы қорын, қосымша сыйақыны ескере отырып дистанциядағы шеберханалар және технологиялық-жөндеу телімдері жұмысшыларының жалпы жалақы қорын анықтаймыз.

Алынған мәліметтерді 2.1 кестесіне енгіземіз, кесте белгі беру және байланыс дистанциясындағы өндірістік қаржылық жоспары (Еңбек бойынша жоспар) түрінде келтірілген, белгі беру орталықтандыру және блоктау құрылғыларына қызмет ету және жөндеуге тікелей байланыстағы әкімшілік-басқару және инженер-техникалық жұмысшылар штатын және жалпы жалақы қорын көрсетеді.

 

  2.1-кесте

 

Белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік-қаржылық жоспары

(Еңбек бойынша жоспар)

 

№ р/с Шығынның атауы Кәсіптер, разрядтар және класстар Саны Айлық еңбек ақы (тг) Жылдық ЖҚ (тг) Сыйақы және басқа да еңбек ақылар (тг) Жалпы ЖҚ
I кат АБ АПС ШЧУ ШЧИ ШНЦС ШНЦ ШЦМ 5р ШЦМ 4р          
  Барлығы            
I кат Аралық бекеттердегі ЭО ШЧИ ШНЦС ШНЦ ШЦМ 5р ШЦМ 4р          
  Барлығы            
I кат Ірі бекеттердегі ЭО ШЧУ ШЧИ ШНЦС ШНЦ ШЦМ 5р ШЦМ 4р          
  Барлығы            
II кат ЖТТ ШЧУ ШЧИ ШНЦС ШНЦ ШЦМ 4р ШЦМ 3р          
  Барлығы            
II кат дистанционды шеберханалар ШНЦС ШНЦ ШЦМ 4р ШЦМ 3р          
  Барлығы            
БАРЛЫҒЫ            

 

2.2 Қозғалыс және жол қызметі жұмысшыларының айлықтарының құрамасы мен қорын есептеу

Есептеу үшін ірі бекеттердің бірін таңдаймыз (A, Б, В, Г), себебі жұмыс үдерісінде белгі беру және байланыс дистанциясының жұмысшылары көбінесе қозғалыс және жол қызметі жұмысшыларымен тығыз байланысты. Қозғалыс қызметі жұмысшылары ББОБ (бұрмалар, бағдаршамдар), объектілерін басқарады, ол қызметі жұмысшылары белгі беру және байланыс дистанцияның жұмысшыларымен бірге рельс тізбектеріне РТ, бұрмалық секцияларға және аралықтағы РТ-не (жалғағыштар және ажыратқыш түйіспелер) қызмет көрсетеді.

Белгі беру және байланыс дистанциясы телімінде жаңа құрылғыларды енгізудің тиімділігінің экономикалық талдауын жүргізу үшін екі жүйені салыстырамыз. Маршрутты-бақылау құрылғылары және бекеттегі ЭО. Жаңа құрылғыларды (ЭО) енгізуден экономикалық тиімділікті анықтау үшін қозғалыс және жол қызметі жұмысшылардың айлықтарының қажетті құрамасымен қорын анықтау қажет. Маршрутты бақылау құрылғыларымен жабдықталған бекеттерде бұрмалар қолмен аударылады, оларға маршрутты дайындаумен бұрма ауыстырғыштың техникалық күйіне жауап беретін бұрмалық посттың кезекшісі қызмет көрсетеді. Бұл жүйеде маршрутты дайындауға 5-7 минут жұмсалады. Бекетті ЭО құрылғыларымен жабдықтау кезінде бұрмалар электржетектермен аударылады, ол бұрманы аудару уақыты мен маршрут дайындаудың жалпы уақытын айтарлықтай қыскартады, бекеттің өткізгіштік қасиетін және поездар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылатады. Бірақ, бұл кезде белгі беру және байланыс дистанциясы жұмысшыларының құрамы көбейеді (электромеханиктер және автоматика және телемеханика құрылғыларына қызмет көрсететін электромонтерлер).

Бекеттегі автоматика және телемеханика құрылғыларының кез келген жүйесінде бекет деректерінің, бекет кезекшілерінің (ДСП) құрамасы қажет.

Бірінші қажетті құраманы, содан соң құрылғыларға қызмет көрсетуімен байланыс қосымша шығындрды есепке ала отырып айлық қорын анықтаймыз.

Автоматика және телемеханика құрылғыларын енгізудің 2 нұсқасын салыстырамыз және станцияддағы белгі беру орталықтандыру және блоктау заманауи құрылғыларды енгізуден экономикалық тиімділікті анықтаймыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.