Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дистанциядағы белгі беру және байланыс еңбегінің жоспарын құру үшін бастапқы берілгендер



2.1.1 Дистанциядағы белгі беру және байланыс еңбегінің жоспарын құру үшін бастапқы берілгендер

Белгі беру және байланыс дистанциядағы жұмысшылардың штаты АБ, АПС және ЭО құрылғыларына үлкен және аралық бекеттерде қызмет көрсетуіне байланысты 1-ші категориялы төлемге жатады. Берілген категория жұмыскерлерлер штатының берілгенін 1.4-кестеден аламыз.

АБ құрылғыларына, аралық және ірі бекеттердегі ЭО, жөндеу-технологиялық аралықты және қашықтықтағы шеберханалардың белгі беру және байланыс дистанциясына қызмет етуіне байланысты инженерлік-техникалық штатты 1.4-кестеден аламыз.

АБ және ЭО құрылғыларына қызмет көрсетуіне байланысты техникалық штат 1-ші төлем категориясына жататынын ескереміз, өйткені олар поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Технологиялық-жөндеу телімі және дистанциядағы шеберханалар поезд қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей қатысы жоқ болғандықтан 2-ші категория бойынша төленеді.

ЭО және АБ құрылыларына қызмет етуші электромонтерлар штаты – электромонтер штатының (ШЦМ) 70% -5 разряд, ал қалған 30%-6 разряд есебі бойынша анықталады. Жалпы электромонтерлар санынан (ШЦМ) жөндеу-технологиялық аралығы және дистанция шеберханалары 70%-ы -3 разряд, қалған 30%ына 4 разрядтағылар жатады.

 

2.1.2 Белгі беру және байланыс дистанциясының инженерлік-техникалық жұмысшыларының тарифтік төлемдері және қызметтік жалақылары

Электромонтерлер үшін тарифтік төлемдер әр түрлі санатта және сағаттық тарифтік төлемдермен көрсетіледі, сондықтан, оларды төлеу ай сайын жұмыс істеген сағаттардың санына тікелей байланысты болады.

Тарифтік төлемдер жыл сайын өзгереді, олардың мәндері жұмыс берушімен қойылады.

Дистанциядағы инженер-техникалық жұмысшылардың қызметтік төлемдері ББОБ құрылғыларының жөндеу жұмыстарымен және олардың қызмет көрсетуімен тікелей байланысты, сонымен қатар жыл сайын ұлғайту жағына қарай және әр түрлі төлем шарттарының есепке алуынуымен өзгереді, сондықтан, олардың мәндерін төлем санатын ескере отырып мәндерін оқытушы береді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.