Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жөндеу-технологиялық телім (ЖТТ) штатының есебі



1.3 Жөндеу-технологиялық телім (ЖТТ) штатының есебі

Дистанцияның жөндеу-технологиялық телімі (ЖТТ) белгі беру, орталықтандыру және блоктау (ББОБ) құрылғыларына профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тағайындалған.

Дистанцияның ЖТТ құрамына келесі цехтар кіреді:

- ББОБ және байланыстың бақылау-сынау пункті (БСП);

- контактісіз аппаратураларды жөндеу жұмыстарын жүргізу цехы;

- қорғау құралдарын тексеретін цех;

- техникалық құжаттар тобы;

- құрылғылардың сенімділігін тексеру тобы;

- электрқозғалтқыштарды жөндеу тобы;

- қорек көздерін тексеру тобы.

Штаттың қажеттілігін нормативтен тыс құрылғыларға қызмет көрсету бойынша анықтайды. Штаттарға есептеу жұмыстары келесі алғашқы мәліметтерден тұрады:

- автоблокировканың біржіпті телімдерінің жалпы ұзындығы (км);

- автоблокировканың екіжіпті телімдерінің жалпы ұзындығы (км);

- ЭО ның аралық бекеттеріндегі жалпы бұрмалар саны (бұрма);

- ЭО ның ірі бекеттеріндегі жалпы бұрмалар саны (бұрма).

 

1.3.1 Автоблокировка (АБ) және электрлік орталықтандыру (ЭО) құрылғыларына қызмет көрсету бойынша жөндеу-технологиялық телім штатының нормативті көрсеткіштері

 

Инженерлі-техникалық жұмысшылардың жөндеу-технологиялық телімінің белгі беру және байланыс дистанциясының нормативті көрсеткіштері дистанция тобын есепке ала отырып штат көрсеткіштерін регламенттейтін, оның техникалық жабдықталуымен негізгі құжаттармен анықталады.

Бұл жағдайда олар келесілерден құралады:

Электромеханик (ШНЦ) штатының бір бірлігі біржіпті автоблокировканың (АБ) 110 км де

Электромонтер (ШЦМ) штатының бір бірлігі біржіпті автоблокировканың (АБ) 200 км де

Электромеханик (ШНЦ) штатының бір бірлігі біржіпті автоблокировканың (АБ) 75 км де

Электромонтер (ШЦМ) штатының бір бірлігі біржіпті автоблокировканың (АБ) 130 км де

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.