Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ызба жағдайындағы баланы жүргізу.



                                                                          Қызба жағдайындағы баланы жүргізу.

Клинликалық көріністері:

 Сіз – жалпы тәжірбиелік дәрігер. 2 жасар қыз балаға шақыртуға келдіңіз. Анасының айтуы бойынша ауырғанына үш күн болды, шағымдары 39,0 С градусқа дейін температураның көтерілуі, сирек жөтелу. Үйде ыстық түсіретін препарат берген. Жағдайы жақсармады. Бала әлсіреп, тәбеті төмендеп, жөтелі күшейді.

Ауру анамнезі: (анасының айыртуы бойынша): үш күннен бері ауырады. Ешқайда барып қаралмаған. Өздігімен емделген. 3 тәулікте жағдайы нашарлады, 39,0 С-ға дейін қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырды.

Өмір анамнезінен: бала екінші жүктіліктен. Салмағы туылғанда 3300 гр, бойы 50 см. Нәресте шақ кезеңі өзгеріссіз өткізген. 6 айға дейін тек ана сүтімен қоректенген. Отбасылық анамнезі тұқымқуалаушы аурулары жоқ.

Профилактикалық екпелерді күнтізбе бойынша қабылдаған.

Бала анасының қолында отырған қалыпта, әлсіз, мазасыз. Байныс орнатқысы келмейді. Анасы уайымдап тұр, аурудың асқынып кетуінен қорқады.

Жалпы қарау:

Қарау кезінде дене қызуы 38,9°С. Физикалық дамуы жасына сай. Бала әлсіз, мазасыз. Тері қатпары және шырышты қабаттары боз, таза. Мұрынмен тыныс алуы қыйындаған.Аңқада ашық гиперемия. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпеде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс жиілігі - 38 рет 1 минта, пульс - 120 соққы 1 минта. Жүрек тоны ритмді, анық. ТСЖ 120 рет 1 минта. Іші дөңгелік пішінді, симметриялы, тыны салу актісіне қатысады. Беткей пальпациялауда жұмсақ, аурырсынусыз. Диурез және үлкен дәреті қалыпты.

Тапсырма:

1. МКБ-10 және ИВБДВ бойынша болжамды диагноз қойу, және дифференциальды диагностика жасау, анасына түсінікті тілде.

2. Лабораторлы-инструменталды зерттеу тағайындау, анасына түсінікті тілде тағайындалған іс шаралардың маңыздылығын түсіндіру.

3. Қажет болған жағдайда арнайы маман кеңесіне жіберу, арнайы мамандарға барудың маңыздылығын түсіндіру.

4. Қойылған нақты дигнозды анасына түсіндіру.

6. Қажет болған жағдайда жедел көмек көрсету, дұрыс ем тағайындап, анасына түсіндіру.

7. Ары қарай іс-әректті анықтау.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.