Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Диареямен науқас баланы жүргізу



                                                                      Диареямен науқас баланы жүргізу

Клиникалық мәліметтер:

Сіз – жалпытәжірибелікдәрігерсіз. Сіздіңқабылдауыңызға 3 жасарбалакелді. Анасы баласының сұйық нәжіске, тәбетінің төмендеуіне, температурасының 37,3С-қа дейін көтерілуне, ұйқысыздыққа шағымданады.

Ауруанамнезі (анасыныңайтуынша): ауырғанына 4 күнболған. Екіншікүніүйдеферменттерқабылдаған,бірақжағдайы жақсармаған.

Өмір анамнезі: бала бірінші жүктіліктен. Салмағы-2100 гр, бойы-44см шала туылған. Нәрестелік кезең ерекшеліксіз өтті.2 айдан бастап аралас тамақтандырылуда. Отбасылық анамнез өзгеріссіз.

Профилактикалық екпелер уақытымен жүргізілуде.

Баласы анасының қолында әлсіз,мазасыз.Сөйлесуі қиын.Анасы баласының ауруханаға жіберілуі мүмкін деп қорқады.

Объективті:

Тексеру кезінде жағдай орта дәрежелі, есі анық. Көздері кіртиген. Тері жамылғысы таза, қалыпты түстес, тері қатпарлары қалпына келеді. Қауіп белгілері жоқ. Тамақтануы дұрыс.Дене температурасы36,7 С. Сусыздану белгілері жоқ . Аңқасы қалыпты. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.Жүрек тондары ырғақты, анық. Іші жұмсақ, жеңіл метеоризм байқалады.Нәжісі сұйық патологиялық қосылыстарсыз.

СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ(СП) АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ

Анасының аты: Алимова Алина

Анасының жасы:30 жаста

Баланың аты: Алимов Айбек

Баланың жасы: 3 жаста

Негізгі білім беру міндеттері / мақсаттары:

Диареямен баланы диагностикалау және жүргізу тактикасын анықтау

Бағалау және оқыту құралдары: СП кері байланыс береді, емтихан алушы бағалау және чек парағына жазбалар жасайды, бейнежазбаны жазып алады.

 

Қоршаған жағдай:дәрігер кабинеті

Емтихан бөлмесінің жағдайы:кабинет, үстел, кушетка, 2 орындық

Симуляцияны жабдықтау:

• Емтихан тапсырмасының парағы.

• Волонтерге арналған сценарий: науқастың туысы.

• Әр емтихан алушыға бағалау және чек парағы

• Фонендоскоп

• Үстел – 1 дана.

• Орындық-2 дана

Жағдайды сипаттау (Клиникалық мәліметтер):

           Сіз, (Алимова Алина 30жаста), балаңызбен дәрігердің қабылдауына сұйық нәжіске, температураның 37,0 С-қа дейін шамалы жоғарылауына шағымданғансыз.Жөтел,әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.

Сіз көйлек киіп, жалпы тәжірибе дәрігерімен кездесуге келдіңіз.

Установка: Балаңыздың сұйық нәжісіментемпературасы сізді алаңдатып отыр.

Ауру анамнезі (анасының айтуынша): ауырғанына 4 күнболған. Екінші күні үйде ферментер қабылдаған, бірақжағдайы жақсармаған.

Өмір анамнезі: бала бірінші жүктіліктен. Салмағы-2100 гр, бойы-44см шала туылған. Нәрестелік кезең ерекшеліксіз өтті.2 айдан бастап аралас тамақтандырылуда. Отбасылық анамнез өзгеріссіз.

Профилактикалық екпелер уақытымен жүргізілуде.

Баласы анасының қолында әлсіз,мазасыз.Сөйлесуі қиын.Анасы баласының ауруханаға жіберілуі мүмкін деп қорқады.

Баланың жағдайы:

Жағдайы қанағаттанарлық.Қарау кезінде дене температурасы 36,8°С. Сусыздану белгілері жок. Бала әлсіз,мазасыз. Тері жамылғысы және көрінетін шырышты қабатықалыпты түстес, таза.Тері тургорлығы сақталған.Қауіп белгілері жоқ. Тамақтануы дұрыс. Еркін тыныс алады. Аңқасы қалыпты.Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары ырғақты, анық. Іші дөңгелек пішінді, симметриялы, тыныс алу актісіне қатысады.Іші жұмсақ, жеңіл метеоризм байқалады.Нәжісі сұйық патологиялық қосылыстарсыз.Күніне4-5 рет.

Мінез-құлқы:

Сіз балаңызбен орындықта отырсыз. Бала әлсіз,мазасыз,сөйлесуі қиын.Сіз толқығаныңыздан, дәрігерді мұқият тыңдайсыз және оның барлық сұрақтарына жауап бересіз.Балаңызды сізсіз стационарға жолдайды деп уайымдайсыз және өзіңізді біршама мазасыз сезінесіз. Қатынасқа баяу түседі,сұрақтарға ашуланбай,қалыпты,дұрыс жауап береді. Дәрігермен сөйлескен кезде мазасызданасыз, дәрігерді мұқият тыңдайсыз, дәрігер сізге көмектеседі және дұрыс диагноз қойып, тиісті ем тағайындайды деп үміттенесіз.Сіз дұрыс диагноз қою үшін қосымша тексеруден өтуге дайынсыз.

Идеялар мен ойлар:

– балаңыздың десаулығына алаңдап отырсыз. Асқынулар болу мүмкін деп қорқасыз.

– бірақ балаңызда тек қана сұйық нәжіс болғандықтан 1-2 күнде жағдайы жақсарады деп ойлайсыз

– Сіз өзіңізді бірінші күні дәрігерге дер кезінде қаралмағаныңызды айыптайсыз.

Мазасыздық:

· Сізбалаңыздасусызданужәнеауруханағажатқызыладыдепуайымдайсыз. 

· Балаңыздыңауруынакедергіжасайалмайтыныңызғаөзіңіздіұрсасыз

Күтілетін нәтижелер:

· Баламды стационарға жібермейді деп үміттенемін.

· Дәрігер тиісті ем тағайындайды және балам тез сауығып кетеді

Сезім:

• Өз балаңыздың денсаулығына деген алаңдаушылық

Стандартты пациентті оқыту / ойын нұсқаулықтары:

Ойын нұсқаулары:

Киім – cіз көйлектесіз;

· Көңіл-күй –мазасыз, сіз абыржуылысыз, аздап уайымдайсыз, дәрігерді назар салып тыңдап, дұрыс жауа беруге тырысасыз, қоараудың қолайлы аяқталуына үміттенесіз.

Эмоциональді тақырыпқа және сұраққа қалай жауап бересіз – анасы баласының асқыныстарынан қорқатындай, жауап осылай құрастырылуы керек.

Науқасты қарау кезінде, науқастың қорқатынына, мазасыздануына қалай жауап бересіз–– ол баласының үлкен ұлы секілді ауруханада жалғыз жатуынан қорқатындай етіп, жауаптар құрастырылуы керек.

• Осы берілген жағдайға байланысты анасының уайымшыл, мазасыз кейпін сомдайтын физикалық симптомдар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.