Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ (СП) АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИІ



СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ (СП) АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИІ

Клиникалық жағдайдың аталуы: Жөтел немесе қиындаған тыныс алумен балаларды жүргізу.

Баланың анасы - 23 жаста

Жынысы:қыз бала

Баланың жағдайына қатысты ЖТД-ге жолығу.

Бағалау және оқыту құралы:СП кері байланысты береді, экзаменатор бағалау және чек парағында белгілеп отырады.

Қоршаған орта жағдайы:ЖТД кабинеті, анасымен баласы.

Емтихан бөлмесінің жабдықталуы: бөлме, үстел, кушетка, 2 орындық

Симуляцияның жабдықталуы:

• Студентке арналған парақ тапсырмамен.

• Волонтерға сценарий : баланың анасы.

• Әр экзаменаторға бағалау мен чек парағы.

• Үстел  – 2 дана (дәрігер мен  «анасына»)

• Орындық – 2 дана (дәрігер мен «анасына)

• Жөргектеу үстелі  (Кушетка) -1 дана баланы қарауға.

Жағдайды сипаттау  (Клиникалық белгілерін):

Сіз ЖТД-дің қабылдауына киімді дұрыс таңдадыңыз және бала ұқыпты және таза киінген. Сіз 1 жастағы баланың анасы, 23 жаста.Сіз баламен ЖТД-і кабинетіне кірдіңіз, амандастыңыз.

ЖТД-і сізбен амандасты (баланың аты мен тегін нақтылады) және №112 үлгідегі қыздарға арналған Баланың даму тарихы (қызыл), медициналық құжатымен жұмыс істейді, 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланы қарау парағын ашады (БШАЫЕ бағдарламасы, буклет-сызбасы).

Бастапқы баяндануы (СП «анасы, қолында қуыршақ).

«Менің балам 3 күн бұрын ауырған.Сіз аурудың түшкіру, мұрыннан сілемей ағу, аздап жөтелмен және медициналық көмекке жүгінбей, ем қабылдамағанын айтасыз, 3-ші күні дене температурасы 38,5ºС дейін көтеріліп (ибуфен 100мг/5мл, 1ш.қ ішкізді), жөтелдің күшейіп, жиі мазалағанын, құрғақ жөтелдің жиілеп тыныс алудың қиындағанын, осыған байланысты ЖТД-нің қабылдауына келгеніңізді жеткізесіз.

Анасының жағдайы:

Қимыл әрекеті:

Сіздің қолыңызда бала, отырсыз (СП, қолында қуыршақ).Өзіңізді сабырлы ұстайсыз, аздаған қобалжу бар, мазасыздық пен қорқыныш жоқ. Қатынасқа түсуіңіз жақсы, сұрақтарға жауап беруіңіз орынды, ашулану мен агрессия жоқ, дәрігер дүрыс диагноз қойып, емделуіне көмектеседі деп, мұқият дәрігерді бақылап, одан жағымды жауап күтіп үміттенесіз

Идея мен ойлар:

· Сізді баланың жағдайына қатысты үрейлі ойлар мазалайды, себебі баланың жағдайы үйде аздап нашарлап кетті. Сіз қобалжудасыз, бірақ білдіртпейсіз, Сіздің балаңызға емді дұрыс тағайындап және үй жағдайында жалғастырамын деген үміттесіз.

· Тыныс алудың қиындағанын жоюға дәрігер барлық қажетті шараларды қолданып және сіздің балаңызға көмек көрсетеді деген ойлармен өзіңізді тыныштандырудасыз.Сіз баланың жағдайының нашарлап кеткенін әкесіне қалай айтып жеткізем деп ойлап отырсыз.

· Сіз сондада өзіңізді кінәлі санайсыз, ЖТД-н немесе «Жедел жәрдемді» шақырмай үйде емдемей ұстағаныңызға.

Мазасыздық:

· Сіз, уақытты өткізіп алып, енді баланы шұғыл ауруханаға жібереді деп үрейленудесіз.

· Сіз, егер баланың жағдайы нашарлап кетсе, әкесіне айтуға қорқыныш бар, себебі ол баланың ауырығанынан хабарсыз.

· Сіз өзіңізді кінәлаудасыз, ЖТД-н немесе «Жедел жәрдемді» шақырмағаныңыз үшін.

Күту:

· Егер ЖТД-н немесе «Жедел жәрдемді» шақырғанда мүмкін жөтел күшеймей, тыныс алу қиындамас па еді?

· Әрі қарай қалай және қай жерде ем қабылдайтынын дәрігер хабарлайды?

Сезім:

· Баласының денсаулығына мазасыздану, қобалжу, сасып қалу бар, көңіл күйі жоқ, болған жағдайдан кейін өзін кінәлау.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.