Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕГУЛЕРДІҢ ЖЕКЕ КҮНТІЗБЕСІН ЖАСАУ



                            ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕГУЛЕРДІҢ ЖЕКЕ КҮНТІЗБЕСІН ЖАСАУ

Клиникалық мәліметтер:

Ø Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге профилактикалық қабылдауға 6айлық баланың анасы келді. Анамнез жинап,баланы тексеруден өткізіңіз

Ø Лабораторлы тексеру деректерін талдаңыз

Ø Денсаулық тобын анықтаңыз

Ø Баланың екпе статусын анықтаңыз

Ø Баланы тамақтандыру жайында ұсыныстар беріңіз

Анамнезінен:  3200 г салмақпен туылған, бойы 54 см. Жүктілік бірінші, асқынуларсыз өткен, мерзімінде босанған. Адаптация кезеңі тыныш өтті. Туылғаннан кеуде сүтімен қоректенеді. Сүтті жақсы қорытады, құспайды. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес.

Аллергоанамнез: анасында сезондық аллергиялық ринит.

Объективті: Қараған кезде жағдайы қанағаттанрлық. Дене бітімі дұрыс, тамақтануы жақсы. Бала белсенді. Тәбеті және ұйқысы бұзылмаған. Бойы 65 см, салмағы 8200 кг. ТАЖ – 30 минутына. ЖЖЖ – 90 минутына. Дене қызуы 36,7°С. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабыны күлгін, таза. Жұтқыншағында, тамағында таза, катаральды өзгерістер жоқ. Жүрек тоны анық, ритм дұрыс. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырмайды. Бауыр ұлғаймаған, көкбауыры пальпацияланбайды. Үлкен дәретке тұрақты барады. Кіші дәреті дұрыс, ауырсынбайды.

Лабораторлы-аспапты зерттеу әдістерінің деректері:

Жалпы қан талдауы: гемоглобин – 122 г/л, эритроциттер - 4,0 х 1012 /л, түсті көрсеткіш 0,89, тромбоциттер – 290 х 109/л, лейкоциттер – 9,0 х 109/л, таяқшаядролы нейтрофилдер – 3%, сегментядролы нейтрофилдер – 37%, эозинофилдер – 3%, базофилдер – 0%, моноциттер – 2%, лимфоциттер – 55%, ЭТЖ – 5 мм/сағ

Жалпы несеп талдауы:мөлшері – 50 мл, түсі – ашық сары, мөлдірлігі – мөлдір, салыстырмалы тығыздығы – 1015, реакция – қышқыл, белок – жоқ, жалпақ эпителий – 0 – 0 көру аймағында, лейкоциттер - 1 –2 көру аймағында.

Копрограмма: формасы – ретсіз, консистенция – жұмсақ, түсі – қоңыр, қанға реакция – теріс, бұлшықет талшықтары -жоқ ,нейтральды  майлар - жоқ, май қышқылдары - жоқ, қорытылмаған клетчатка+,  крахмал - жоқ, йодофильді бактериялар - жоқ, лейкоциттер 2-3 көру аймағында, эритроциттер 0 көру аймағында,глист жұмыртқалары – жоқ.

СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ

Клиникалық жағдай аталуы: екпе статусын бағалау

Аты-жөні:Жапаров Мади

Жасы: 6 ай

Жынысы: ер

Негізгі міндеттері/мақсаттары:

- Баланы қарау және анамнез жинау

- Науқасқа екпе жүргізу мерзімдері және егу күнтізбесі жайында ақпарат беру

Білім беру және бағалау құралдары: СП кері байланыс орнатады, экзаменатор бағалау және чек парағында белгілеп отырады, видеожазба.

Қоршаған жағдай: жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті

Емтихан тапсыру бөлмесінің жағдайы: үстел, кушетка, 2 орындық, шкаф

Симуляция жабдықталуы:

• Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмалар қағазы.

• Сценарий: 6 айлық баланың анасы

• Аспапты-лабораторлы зерттеу нәтижелері (жалпы қан,несеп талдауы, копрограмма).

• Егу  паспорты.

• Әр экзаменаторға арналған бағалау чек парағы

• Үстел– 1 шт.

• Орындық – 2 шт.

• Фонендоскоп

Жағдай сипаттамасы (Клиникалық мәліметтер):

           Дәрігер кабинетінде. Жалпы тәжірибелі дәрігер кабинетіне 6 айлық баланың анасы келіп, келесі екпе мерзімін сұрады.

Кіріспе сөз (дәрігер сізге сұрақ қойған кезде жауап бересіз «Дәрігерге келіп қаралуыңызға не итермеледі?, «Мен сізді мұқият тыңдап отырмын, не болды?», «Сізді тағы не мазалайды. Егер дәрігер тағы да айтыңыз десе, сіздің сөзіңіз минимум 30 секундтан- максимум 90-100 секундқа дейін созылуы қажет):Жалпы тәжірибелі дәрігер: Сәлеметсізбе, мен сізді тыңдап тұрмын, сізді не мазалайды? Баланы жаялыққа орау үстелінде қарауға дайындаңыз


 1-ші ашық сұраққа жауап (кіріспе сөз I): баланың анасы: Дәрігер, біздің келгеніміз, бүгін бізге 6 ай толды. Сіздің баланы қарап,тексеріп,келесі екпеге қашан келетінімізді сұрауға келген едік.

 Дәрігер баланы қарап, сұрайды: «Балаңыз жайлы айтыңызшы, қандай жетістіктеріңіз бар? Қалай тамақтанады, не істей алады?»

2-ші ашық сұраққа жауап (анамнез деректерін айтыңыз):

Баланың анасы: Мади белсенді. Кеуде сүтімен қоректенеді, жақсы емеді, салмақ қосуы жақсы, қазір салмағы 8,200 кг, бойы 65 см. Ұйқысы тыныш. Мені, әкесін, апасын, әпкесін таниды, атын біледі, түсінеді, отыруға әрекеттенеді,арқасынан аунай алады.

Дәрігер: Анасы айтыңызшы, бала қай жүктіліктен,жүктілік,босану қалай өтті, қай аптасында туылды? Қандай салмақпен туылды? (Анамнез)

Баланың анасы: ол 1 жүктіліктен 38 аптасында туылды, салмағы 3200 г, бойы 54 см болды, жүктілік асқынуларсыз өтті, мен 23-темін, жүктілік кезінде ешқандай ауру-сырқау болған жоқ. 6 айда 5 кг салмақ қосылды, бойы – 65 см. 4 айлығында бір рет суық тиіп қалды. Қосымша арнайы жеміс шырындары мен үгітілген алманы дәрігер кеңесімен береміз. Тағы да басқа не беруге болады?

 

Объективті: ( дәрігер тексереді) баланың жағдайы қанағаттанарлық, бойымен салмағы жасына сәйкес .Ол денсаулықтың бірінші тобына жатады. Айтыңызшы, қандай егулер жасалды? Егу паспортын көруге рұқсат етіңіз (егу паспортын қарайды).

 

Баланың анасы: Мади туған кезден бастап барлық вакцинацияларды кестеге сәйкес алады. Перзентханада біз туберкулезге және гепатитке қарсы екі вакцинаны алдық. Екінші және үшінші айларда біз қажетті барлық вакциналарды алдық. Шақырған кезде біз уақытында келуге тырысамыз.

 

Дәрігер: Уақытында келіп,екпе алатындарыңыз бұл дұрыс. Вакцинация баладағы иммунитетті дамытуға ықпал етеді. Оған инфекциямен күресте қажет. Айтыңызшы, ол екпені қалай көтереді? Вакцинациядан кейінгі асқынулар болған ба?

 

Баланың анасы: Екі айында АКДС – тан кейін дене қызуы 380С дейін көтеріліп, мазасы кетті, жылады. Ибуфен бердім. Одан кейінгі екпелерді жақсы қабылдады. Ешқандай асқыну болған жоқ

Дәрігер:Сонымен, егу паспортына сәйкес, бала перзентханада туберкулезге қарсы (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы екпе алған. Екі,төрт айлығында гепатит В, полиомиелит (ИПВ), АКДС, b типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекцияға қарсы екпе салған. 3 айында АКДС,полиомиелит,гемофилді инфекцияға екпені қайталаған.Барлық екпелеріңіз уақытында алынған. Келесі екпе 1 жасында, ол кезде қызылша,қызамық,паротитке қарсы екпе салынады және полиомиелит пен пневмококк инфекцияларына қарсы екпе қайталанады. Сондықтан 12 айына дейін екпені күтесіздер. Күнделікті тааз ауада серуендеуді ұсынамын. Мен сізге барлығын түсінікті айттым ба, Сіз түсіндіңіз бе? Түсінбей қалған жерлеріңіз болса сұраңыз,қайталап айтайын?

Киіне берсеңіздер болады, келесі қабылдау жеті айлығында. Сау болыңыздар. Ауырмаңыздар.

Баланың анасы. Рахмет дәрігер. Сау болыңыз.

 Пациенттің жағдайы:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.