Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Стандартизирленген Пациентті Оқыту/Ойын бойынша нұсқау



Стандартизирленген Пациентті Оқыту/Ойын бойынша нұсқау

Ойын бойынша нұсқау:

· Киімі –қарапайым дұрыс, көңіл-күйі аздап басылған – баланың анасы қобалжуда, жағдайы нашарлап кетуінен қорқады.

· Эмоциональды тақырптар мен сұрақтарға қалай жауап беру – анасы (СП) дәрігермен әңгімеден кейін баланы тексеріп қараған нәтижесінен кейін қобалжуда және өзі сұрақ бере бастайды. «Дәрігер, өкпесінде сырыл бар ма?», «Өкпеде қабыну бар ма?», «Ол тез жазылады ма?», «тынысы қалай?», «Балада неге ентігу бар?», «Неге дене температурасы көтерілді?», «Емді үйде жалғастыруға бола ма?» және т.б.Баланы қарап тексерген соң баланың жағдайымен емі туралы ақпарат алды. Анасы аздап тынышталды, бірақ қобалжу мен аздап қорқыныш сақталады (бала қалай тез жазылып кетеді, егер дене температурсы қайталап көтерілсе, жөтел мен тыныс алу күшейіп кетсе), және дәрігердің шешіміне күдікпен қарау, бірақ жағымды шешіманасын қуантты және әкесіне хабарлады.

· Баланың жағдайына қатысты қорқыныш, үрей, мазасыздық және пациеннттің туыстарын нандыру сұрақтарына қалай жауап беру керек анасы мен әкесі өз ішкі жан дүниесін жағдаын дәрігердің итермелеуінсіз және қосымша ынталандырусыз өз бетінше көрсетеді.Дәрігерге деген сенімсіздікті –5-10 секунд үзіліс пен үндемеу (күту мен теріске шығару) арқылы, одан кейін өзін кінәлау және болған жағдайға өзін айыптау (ашулану), үйге ЖТД немесе «Жедел жәрдемді» шақырмағаныңыз үшін, бірақ болжам болашақта қолайлы және баланың жазылып кетуіне үміт бар, дәрігерден дәрі жазып беруін және үй жағдайында қалай, қанша уақыт, қанша күн қабылдайтынын, дәрігер қабылдауға қайталап қашан келетінін нақтылап сұрайды.

Берілетін сұрақтар(кездескенде баланың әкесі сұрауы тиіс сұрақтар тізімі): «Дәрігер, айтыңызшы, баламен бәрі жақсы бола ма?», «Өкпеде қабыну жоқ па?», «Неге балада ентігу бар?», «Неге дене қызуы көтерілді?», «емді үйде жалғастыруға бола ма ?», «Сіз сенімдісіз ба, ол тез жазылып кететиндігіне?» «Неге жиі жөтеле бастады, себебі неде?», «Қандай препарат және қаншалықты ұзақ және жиі ингаляторды үйде қолданамыз?», «Сальбутамол, ол қандай дәрі?», «Қандай дәрі тағы да ішуге болады немесе осы жеткілікті ма?».

Бағдарламаға сай (келісілген) жауаптар (егер қажет болса), егер емтихан алушы жасаса (айтса), онда СП жасайды (жауап береді).

· Егер дәрігер мұқият сізге қараса, оның ішінде қолыңыздан ұстаса, отыруға шақырса, маңызды сұрақтарды талқылау үшін, сабырлы болуға тырысыңыз.

· Егер дәрігер осы жағдай туралы сіздің хабарыңыз бар және осы жағдай дәрежесіне түсіністіктің қаншалықты маңыздыекенін білетініңізді сұраса, жауап беріңіз, бұл жағдай ауыр жағдай екендігін, және Сіз осыдан өте қорқасыз, және Сіз үміттенесіз, тағайындалған емнен бала тез айығып кетеді деп.

Клиникалық құрамы:Емханаға анасы 1 жас 1 айлық баласымен құрғақ жиі жөтелге, тыныс алудың қиындағанына, дене температурасы 38,5ºС дейін көтерілгеніне шағымданып келді.
Тапсырма:

Ø Коммуникативті дағдыларды қолданып анамнезін жинап және пациентті қарап тексеруді жүргізіңіз.

Ø Алдын ала диагнозды тұжырымдаңыз.

Ø Коммуникативті дағдыларды қолданып шұғыл медициналық көмекті көрсетіңіз.

 

   


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.