Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зін-өзі ұстауы. Сезімдері. Мәселені қарау



 Өзін-өзі ұстауы

6 айлық баланың анасы дәрігерге келді. Жалпы анасы тыныш, асықпай сөйлейді. Дәрігердің барлық сұрақтарына дұрыс жауап береді.

Ойлар мен идеялар:

Баланың анасы салауатты, толыққанды баланы тәрбиелеуді қалайды, сондықтан профилактикалық мақсатта ,баланың денсаулығын білу үшін,екпе мерзімін сұрау үшін келген

 

Мазасыздық:

Анасы баланың дұрыс өсіп жатқанына алаңдайды. Келесі екпе қашан болады?

Күтілетін нәтижелер:

 Ол баланы дәрігер қарап,физикалық және жүйке-психикалық жағдайына баға беріп,екпе статусына сәйкес ұсыныстар беретінін күтеді.

Сезімдері

Баланың денсаулығы,өсіп-дамуы жайлы оң деректерден соң анасы дәрігердің қарауына қанағаттанды

Стандартталған Пациентті үйрету/ Ойын нұсқаулығы:

Ойын нұсқаулығы:

Киімі ыңғайлы. Анасының көңілі тыныш, жақсы.

Дәрігер сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет: баланы қарау нәтижелері жайлы дәрігер айтқанда анасы сұрақ қояды: мен баланы дұрыс тамақтандырып жүрмін ба, тамақтандыруға тағы не қосуды ұсынасыз? Келесі екпелер қашан?

Балаға мейіріммен қарайды, ойыншық беріп, қарау кезінде алдандырады, қолына көтеріп,тыныштандырады.

Дәрігердің сұрақтарына қызығушылықпен,ойланып,нақты жауап береді.

 Бұл жағдайда ананы ойнау қажет,ол баласының денсаулығына,дұрыс өсіп-дамуына алаңдауды,барлық нұсқауларды дұрыс орындайды. 

• Дәрігер баланың жүрегі мен өкпесін физикалды тексеріп,салмағы мен бойын өлшеу қажет.

Мәселені қарау

Егер дәрігер сізге 1 ашық сұрақ қойса, мысалы, «Сізді дәрігерге қаралуға не итермеледі? немесе «Мен сізді мұқият тыңдап тұрмын, не болды?» - сіз толық ақпарат беруге тырысасыз «кіріспе сөз I»;

           Егер дәрігер сізге 1 ашық сұрақ қойса, мысалы «Сізді тағы не мазалайды?» немесе«Айтыңызшы,босану қалай өтті, бала қалай дамуда, қандай екпелер алдыңыздар?»  - сіз толық ақпарат беруге тырысасыз «кіріспе сөз II ауру анамнезі деректері бойынша (anamnesismorbi)»;

 

Тез сөйлемеуге тырысыңыз, арасында үзіліс жасаңыз, ойды жинақтап,дұрыс түсіндіру үшін дем алып,арасында үзіліс жасап сөйлеген маңызды. Дәрігердің сізді қолдап отырғанының белгілері: мұқият, қызыққан; сөзімен,әрекеттерімен сынамайды; орынды байланыс орнатып; басын изеп отырады; сіздің сөздеріңізге әсер етеді;«Иә,иә…», «Жалғастыра беріңіз»).

 

    Егер дәрігер сізге жабық,альтернативті сұрақтар қойса, тек нақты ақпарат қана беріңіз.

               Егер дәрігер сіз айтқан ақпараттарды қайталап айтса мұқият тыңдаңыз,кей ақпараттарды дұрыс түсінбей қалған болса,түзетіп жіберіңіз

Сіз дәрігерді тыңдап отырғанда,жіберіп алған,я болмаса ұмытып қалған жерлеріңізді еске түсіре аласыз.

           Егер дәрігер сұраса өз ойыңызды,уайымыңыз бен не күтетініңізді айтыңыз, егер сұрамаса – көп уақыт алмаңыз, тек кіріспе сөзде ғана.

               Егер дәрігер келесі әрекеттерге сіздің ойыңызды сұраса– түсінгеніңізді айтыңыз немесе кей жерлерін түсінбей қалғаныңызды,нақты не жайлы түсінбегеніңізді айтыңыз (мұның барлығы дәрігердің сізге дұрыс түсінікті жеткізгенініе байланысты)

           Егер дәрігер арнайы сұраса өз көзқарасыңызды,ойыңызды,келесі әрекеттерге дайындығыңызды айтыңыз.

 

           Қойылуы мүмкін сұрақтар (науқастың туыстары қоюы мүмкін сұрақтар тізімі):

• - тамақтануға тағы не қосуға болады?

•   - балаға қандай ойыншықтар берсе болады?

• - тісі шыққанда қосымша не беруге болады?

Қойылуы тиіс сұрақтар(тексеруге келгенде науқастың қоюы тиіс сұрақтар тізімі):

- келесі екпе қашан?

- біздің дамуымыз қалай? (егер дәрігер тексеру нәтижесін айтпаса)

- мен барлығын дұрыс жасап жүрмін бе?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.