Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





4. Қоғамдық-саяси өмір.



 

Ө лкенің қ оғ амдық -саяси ө міріне бағ ыт-бағ дар берген бірінші бү кілқ азақ тық партия конференциясы 1921 ж. маусымда болды. Ол елдегі экономикалық жағ даймен қ атар қ оғ амдық -саяси ө мірдің мә селелерін қ арастырып, ауылда социалистік қ ұ рлысты жү зеге асыруды міндеттеді. Осы міндетті жү зеге асыру ү шін ең алдымен кең естерді қ ұ ру мә селесін қ олғ а алды. 1921 жылы Қ азақ стан Орталық Атқ ару Комитеті кең естерге сайлау ережесін бекітті. Осы ереже бойынша селолық, ауылдық жә не қ алалық кең ес депутаттарының мерзімі 6 ай болды. Губерниялық, уездік жә не болыстық атқ ару комитеттері 6 айғ а, ал Қ ОАК-ті - 1 жылғ а сайланды. Кең естердегі халық ө кілдерінің нормаларын кө бейтті. 150 тұ рғ ындары бар ауылдарда кең естер қ ұ рылды, яғ ни 50 тұ рғ ынғ а бір депутат сә йкес келді. Бұ рын кең естер 300 тұ рғ ындары бар ауылдарда қ ұ рылуғ а тиіс еді.  

Республикадағ ы кең ес ү кіметін қ ұ ру ү рдісі ө те қ иын жағ дайда жү рді. Большевиктер ү шін капиталистік елдер қ оршауында тұ рып социализмді экономикасы артта қ алғ ан елде жү зеге асыру ө те кү рделі болды. Сонымен қ атар социализм идеясы қ азақ қ оғ амына жат еді. Соғ ан қ арамай Кең ес ү кіметі тұ тас Ресей аумағ ындағ ы халық тарды біріктіруге кү ш салды. Ресейдегі халық тарды біріктіру мә селесі партияның Орталық комитетінде талқ ыланды. Бұ л мә селе бойынша екі пікір болды. Сталин «автономизация» идеясын ұ сынды, яғ ни барлық ұ лттарды, барлық кең естік респубикаларды РКФСР қ ұ рамына автономия қ ұ қ ында ендіру. Ленин кең естік республикалар одағ ын қ ұ руды ұ сынды. 1922 жылы Орталық комитеттің қ азан пленумында Украина, Белоруссия, Закавказ республикалары жә не РКФСР арасында КСРО қ ұ ру жө нінде келісім жасау қ ажет деп қ аулы қ абылдады. 1922 жылы 30 желтоқ санда Мә скеуде КСРО Кең естерінің бірінші съезі болды. Съезд КСРО қ ұ рылғ андығ ы туралы декларацияны жә не одақ тық келісімді қ абылдады. Съезд ең жоғ арғ ы заң шығ арушы орган КСРО ОАК сайлады. Қ азақ стан КСРО қ ұ рамына РКФСР қ ұ рамындағ ы автономиялық республика болып енді.

 Алайда, республиканың қ оғ амдық -саяси ө міріндегі толғ ағ ы жеткен мә селелерді шеше алатын, жергілікті халық қ а тү сінікті жә не де жақ ын кең естік мемлекеттік аппарат қ ұ ру ө те қ иын болды. Жаң а кең естік ә кімшілік аппаратына жұ мысқ а тартуғ а жарайтын, жергілікті халық арасынан шық қ ан, даярлығ ы бар адамдар ө те аз болды. Ә кімшілік орындарындағ ы европалық ұ лт ө кілдерінің кө бісі шовинистік пиғ ылдағ ы қ ызметкерлер болды. Олар жаң а биліктің жергілікті халық тың талап-тілегіне, мұ ң -мұ қ тажына сай жұ мыс істеуін қ амтамасыз етпеді.

Кең ес ү кіметі ә кімшілік басқ ару орындарын жергіліктендіру- қ азақ тандыру саясатын жү зеге асыруды қ олғ а алды. Алғ ашқ ы кезде Кең ес ү кіметі амалсыздан Алаш зиялыларын ө лкедегі кең естік қ ызметтерге пайдалануғ а мә жбү р болды. Себебі қ азақ зиялы қ ауымының басым бө лігі алашордалық тар болды. Сондық тан да большевиктердің бұ рынғ ы партиялылығ ы мен саяси белсенділігін есепке ала отырып, кө птеген зиялыларды жұ мысқ а тартуына тура келді.

Кең ес ү кіметінің алғ ашқ ы жылдарында жергіліктендіру шаралары кең ес жә не партия аппараттарында қ азақ тардың ү лесін кө бейту тү рінде кө рініс берді. Алайда, Қ азақ станғ а Ф. Голощекиннің басшы болып келуіне байланысты оның сипаты ө згерді. Ол жергіліктендіруді бұ рын едә уір ауқ ым алып келген қ азақ ұ лтының ө кілділігі туралы мә селенің орнына қ азақ бұ қ арасының ө зін кең естендіру мә селесіне айналдырды. Яғ ни, Қ азақ станның жаң а басшысы қ азақ тандыру саясатын ұ лттық мә нінен біржолата айырып, оны таптық арнадағ ы кең естендіру шараларына қ осып жіберді.

Қ азақ АКСР-нің ОАК-ті қ азақ жә не орыс тілдерін пайдалану тә ртібі туралы декрет қ абылдады. Декретте кең ес ү кіметінің заң қ ұ жаттарын екі тілде жариялау, жоғ арыдан тө менге дейін екі тілде қ атынас жасау міндеттері белгіленді. Осығ ан орай Қ азақ стан ө кіметі барлық халық комиссарлары мен Қ ОАК-нің мү шелеріне қ азақ тілін жедел игеруге кірісуді ұ сынды. 1923 жылы 22 қ арашада “Іс қ ағ аздарын қ азақ тілінде жү ргізу туралы” жаң а декрет қ абылданып, барлық облыстар мен кейбір уездерде 1924 жылдың 1 қ аң тарынан іс-қ ағ аздарын қ азақ тілінде жү ргізуді ұ сынды. Бұ л науқ ан кө птеген жерлерде қ азақ тардың орыс тілінен мү лде хабарсыздығ ынан, ал партия жә не кең ес қ ызметіндегі европалық ұ лт ө кілдерінің қ азақ тардан мү лде оқ шауланып қ алғ андығ ынан, Кең ес ү кіметінің амалсыздан жү ргізген шарасы еді. Қ ОАК-ті мен Халық Комиссарлар Кең есінің қ аулысымен іс қ ағ аздарын қ азақ тілінде жү ргізуге кө шірудің соң ғ ы мерзімі 1927 жылдың 1 қ азаны болып белгіленді.

Кең ес ү кіметі ө лкеде сауатсыздық ты жою, яғ ни ө лке тұ рғ ындардың сауатын ашу мә селесін кө терді. Ә сіресе, ол ү кіметтің 1929 жылы “Сауатсыздық ты жою жө ніндегі жұ мыс туралы” қ аулысынан кейін кең ө рістеді. Алайда, сауатсыздық ты жою шаралары қ аржы тапшылығ ы, мұ ғ алімдердің, оқ улық тар мен оқ у қ ұ ралдарының жетіспеуі сияқ ты ү лкен қ иыншылық тарғ а тап болды.

Жастарғ а білім беруді жақ сарту ү шін мектептер ашу ісі қ олғ а алынды. 1928/29 оқ у жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағ ы мектептер жұ мыс істеді. Білім беру саласында ұ лттық мектептер жү йесі қ алыптаса бастады. 1927 жылы қ азақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп ү йі барлар саны 40-қ а ә зер жетті. YІ партия конференциясында мектептердің кө бі тек қ ағ аз жү зінде екені, ауылдағ ы мектептердің ү йі жоқ, ү йі болса орындық тары жоқ, орындық тары болса оқ улық тары жоқ екені атап кө рсетілді. Соғ ан қ арамастан мектеп жасындағ ы балаларды оқ уғ а тарту жұ мыстары жү ргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағ ы балалардың  91% оқ уғ а тартылды. 1935/36 оқ у жылында алғ аш рет 11 қ азақ баласы орта мектепті бітірді.

Кең ес ү кіметі Қ азақ станда ғ ылымды қ алыптастыру мә селесімен де айналысты. Алғ ашқ ы ғ ылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы – Денсаулық халкомының қ асынан ө лкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы - ө лкелік ө сімдікті қ орғ ау станциясы, 1925 жылы - санитарлық -бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қ азақ станда 12 ғ ылыми-зерттеу институттары, 15 тә жірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т. б ғ ылыми орталық тар жұ мыс істеді. Осы кезде КСРО Ғ А-ның қ азақ стандық базасы қ ұ рылып, 1938 жылы КСРО Ғ А-ның филиалына айналды. Геология жә не биология ғ ылымдарынң нә тижелері бү кілодақ тық кө лемде танымал болды.   

20-30 жылдары Ж. Аймауытов, А. Байтұ рсынов, М. Жұ мабаев, Ш. Қ ұ дайбердиев шығ армалары кең кө лемде пайдаланылды. Ақ ын М. Жұ мабаевты замандастары ө те жоғ ары бағ алағ ан. Оның поэззиясы ө зінің нә зіктігімен, жаң ашылдығ ымен, адам жанының тазалығ ы мен сұ лулығ ын терең мең гергендігімен ерекшеленді. М. Жұ мабаев ө зінің шығ армаларында жалпы адамзаттық қ ұ ндылық тарды, ө зінің жеріне, еліне деген сү йіспеншілікті жырлады.   

Кең ес ү кіметі ұ лттық ә дебиеттің орнына кең естік ә дебиет пен ө нердің қ алыптасуына жағ дай жасады. Осы кезде социалистік ә дебиеттің негізі қ аланды. С. Сейфуллин, С. Торайғ ыров, Б. Майлин, И. Жансү гіров, М. Ә уезов, С. Мұ ханов, Ғ. Мү сірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов жә не т. б. кең естік қ азақ прозасы мен поэззиясының кө рнекті ө кілдері қ алыптасты.

1926 жылы кә сіби театр ө нерінің алғ ашқ ы қ арлығ ашы қ азақ драма театры ашылды. Оны Ә. Қ ашаубаев, Қ. Қ уанышбаев, С. Қ ожамқ ұ лов, Е. Ө мірзақ ов, Қ. Жандарбеков сияқ ты, кейін қ азақ театр ө нерінің майталмандары болғ андар ұ йымдастырды. Ә нші Ә. Қ ашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқ ты Европаның ірі қ алаларының концерт залдарында ө з ө нерін кө рсетті. Соғ ыс қ арсаң ында республикада қ азақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қ азақ мемлекеттік опера жә не балет театры, ұ лт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық қ уыршақ театры жұ мыс істеді.  

Алайда, Кең ес ү кіметі таптық мү ддені ұ лттық мү ддеден жоғ ары қ ойды. Жалпы мә дениетті екіге бө лді: буржуазиялық жә не пролетарлық. Сондық тан да қ азақ халқ ының қ алыптасқ ан дә стү рлі мә дени мұ ралары, ескі феодалдық қ ұ рлыстың қ алдық тары деп, ұ лттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халық тың тарихи санасын жоюғ а бағ ытталғ ан шараның бірі 20-шы жылдардың аяғ ында ғ асырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынғ а ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицағ а ауыстыру болды. Соның нә тижесінде бір ұ рпақ тың ғ ана ғ ұ мырында қ азақ тар ө зінің тө л жазуымен дү ниеге келген ұ лттық рухани мә дениеттің жетістіктерінен айырылды. Бұ л жү ргізілген шаралардың бә рі де большевиктік тә ртіптің кү шейгенін, ә кімшіл-ә міршіл жү йенің толық орнық қ анын кө рсетеді.

Большевиктер партиясы демократиялық мемлекет қ ұ рамыз, ұ лт мә селесін ұ лттардың ө зін-ө зі билеу принциптерімен шешеміз деп кө лгірсігенімен, шын мә нінде, олар партияның ық палын арттыра отырып, бір орталық қ а бағ ынғ ан мемлекет қ ұ рды. Большевиктер қ ұ рғ ан қ азақ автономиясы дербес автономиялық республика атанғ анымен, Ресейдің бө лінбес бө лшегі болды. Ө лкені басқ ару мә селесі жергілікті ұ лт ө кілдерінің қ олына толық берілмеді. Шын мә нінде, бұ л Қ азақ станды кең естік саяси отарлау еді.

Большевиктердің ұ лттық аймақ тарда жү ргізіп отырғ ан саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқ ындағ ан М. Шоқ ай болды. Ол XX ғ асырдағ ы қ азақ саяси эмиграциясының тарихын бастаушы болды. Эмиграция сө зінің мағ ынасы экономикалық, саяси жә не діни себептерге байланысты ө з еркімен немесе еріксіз басқ а мемлекетке қ оныс аударуды кө рсетеді. Тү ркістан саяси эмиграциясы тарихи кө рініс ретінде 1917 жылғ ы Ресейдегі революциялық сілкіністер нә тижесінде пайда болды. Қ оқ ан автономиясы қ уылғ ан соң М. Шоқ ай Францияғ а қ оныс аударады. Онда ол Париждің “Дни”, “Последние новости“ газеттерінде Тү ркістандағ ы ішкі саяси жағ дайғ а талдау жасағ ан мақ алаларын жариялайды. 1929-39 жылдары ол “Яш Туркестан“ журналын (117 нө мірі жарық кө рді) шығ арып, оның беттерінде кең естік Тү ркістан мен дү ние жү зіндегі оқ иғ аларғ а кең сыни талдау жасайды.

Большевиктердің елде кең ес ү кіметін орнату жолдары мен ә леуметтік саладағ ы социалистік қ айта қ ұ ру саясаты қ азақ зиялыларының қ арсылығ ын туғ ызды. Алайда, осы социалистік қ айта қ ұ ру саясатын жү зеге асыру ү шін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқ ылап, олардың дұ рыс-бұ рыстығ ын анық таудың орнына партия басшылары, ө з кө зқ арастарын білдірген қ азақ партия жә не кең ес қ айраткерлерін айыптады. Ө лкедегі жалпы большевиктік айыптау жә не қ уғ ындау саясатының ең алғ ашқ ысы тү рікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20-26 қ аң тарында Ташкент қ аласында Тү ркістан коммунистік партиясының конференциясы ө теді. Онда мұ сылмандар бюросының тө рағ асы Т. Рысқ ұ лов “Ұ лт мә селесі жә не ұ лттық коммунистік секциялар” туралы баяндама жасады. Онда Тү ркістан республикасында Ресейден тү бірлі айырмашылығ ы бар ұ лт саясатын жү ргізу ү шін ең алдымен негізі берік саяси ұ йым қ ұ ру қ ажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқ ұ лов ұ сынысымен жаң а саяси ұ йымды “Тү рік халық тарының коммунистік партиясы” деп атауғ а шешім қ абылдады. Т. Рысқ ұ ловтың тү рікшілдік идеяны жү зеге асырудағ ы ең батыл қ адамы Мұ сбюроның тө тенше ІІІ конференциясында (1920 жылы 25 қ аң тар) “Тү ркістан автономиялылығ ы туралы” тезистерін қ абылдау болды. Т. Рысқ ұ ловтың Тү рік республикасын қ ұ ру туралы идеясы келешектегі тү рік мемлекеттерінің конфедерациясын қ ұ руғ а апаратын жол еді. 1917 жылы Тү ркістан (Қ оқ ан) автономиясын ұ йымдастырғ ан Мұ стафа Шоқ айдың арманы да осындай конфедерациялық мемлекет қ ұ ру еді. Алайда, большевиктер Т. Рысқ ұ ловтың “Тү рік республикасын қ ұ ру” туралы идеясына қ арсы шығ ып, ұ лтшыл деп айыптады.

Сталин басшылығ ымен қ азақ зиялыларына тағ ылғ ан айыптау айдарлары “ұ лтшылдық пен” шектелмеді. Сонымен қ атар қ азақ байларын тә ркілеу саясатын қ олдамай, керісінше қ азақ қ оғ амы сілкіністен гө рі кө мекке зә ру деген кө зқ арастағ ы қ азақ қ айраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық ү штіктер арыз айту бюросының қ ызметін кү шейтіп, барлық салада партия нұ сқ ауымен “оң шыл жә не солшыл оппортунистік уклонмен” кү ресу жұ мыстарын ө те қ арқ ынды тү рде жү ргізді. 7 партия конференциясында “солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оң шыл-байшыл ағ ым делінетінмен” кү ресуге партия ұ йымдарын шақ ырады. Қ азақ станда “оң шыл ағ ымғ а” Голощекиннің ауылда ”Кіші Қ азан” тө ң керісі қ ажет деген пікіріне қ арсы шық қ ан С. Сә дуақ асов жә не оның пікірлестері жатқ ызылды.

Ал енді Қ азақ станда қ азақ кең ес жә не партия қ айраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматығ а жер аударылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияғ а қ азақ қ айраткерлерін жатқ ызу кө ң ілге мү лде қ онымсыз еді. Себебі, қ азақ стандық саяси қ айраткерлер троцкизм тұ рмақ ә лі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық мең гермеген еді. Осығ ан қ арамастан 7-партия конференциясында С. Сә дуақ асов, Сұ лтанбеков жә не Мұ стамбаевтар “троцкистік оппозицияның тө ң ірегіне топтасқ ан негізгі ядро” ретінде айыпталды.  

Қ азақ зиялыларына қ арсы бағ ытталғ ан айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қ арсы бағ ытталғ ан кү ресі ең қ атал жә не ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қ арсы кү ресте ә ртү рлі айыптаулармен ғ ана шектелсе, одан кейінгі кезең де ол ө те-мө те қ атал жаппай саяси қ уғ ынғ а ұ ласты. Алаш зиялыларына қ арсы кү рестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қ азақ ө лкелік партия комитетінің бюросына ө лкелік “Ақ жол” газетінің ұ станғ ан бағ ытын айыптап арнайы жазғ ан хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланғ ан мақ алалардың бұ л кезде шет елде эммиграцияда жү рген М. Шоқ айдың ойымен “ү ндес жә не пікірлес екенін, яғ ни алашордашыл, ұ лшыл идеяларды жаң ғ ыртатыны” атап кө рсетілді. Сондай-ақ алдағ ы уақ ытта осындай кө зқ арастағ ы партияда жоқ зиялы қ ауым ө кілдерін жастарды тә рбиелеуге жібермеу ескертілді. Кө п кешікпей-ақ, 1926 жылы болғ ан партия конференциясында Ф. Голощекин басында А. Байтұ рсынов, Ә. Бө кейханов, М. Дулатов сияқ ты қ азақ зиялылары тұ рғ ан ұ лттық қ озғ алысты “реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл” деп бағ алады.

Кең ес ө кіметінің ө лкедегі ә ртү рлі айыптау науқ аны жаппай саяси қ уғ ын-сү ргінге ұ ласты. Қ уғ ын-сү ргінді ұ йымдастыру кезең і 1920 жылдардың аяғ ы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қ арсы саяси қ уғ ынды бастауының негізгі себебіне тоқ талсақ, ол мынандай жағ дайғ а байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тә ркілеуге байланысты бас кө терулерді ұ йымдастырушылар деп қ азақ интеллигенциясын айыптап, оларғ а қ арсы шабуылды бастады. Соның нә тижесінде 1928-шы жылдың аяғ ында қ азақ тың ірі ағ артушылары, ә дебиетшілері, ә ртү рлі саладағ ы зиялылары жә не Алашорда қ айраткерлері А. Байтұ рсынов, М. Жұ мабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Габбасов жә не т. б., барлығ ы 44 адам қ уғ ындалып, тұ тқ ындалды.

1930 жылдың қ ыркү йек қ азан айларында ұ лттық интеллингенцияның екінші бір тобы (40 - қ а жуық адам), қ ұ рамында Х. жә не Ж. Досмұ хамедовтер, М. Тынышпаев, Ж. Ақ паев, Ә. Ермеков жә не ө зге де зиялы қ ауым ө кілдері бар, тұ тқ ындалды. Кө п кешікпей олардың 15-і (Х. жә не Ж. Досмұ хамедовтер, М. Тынышпаев, Ж. Ақ паев, К. Кемең геров жә не басқ алары) Ресейдің Орталық қ ара топырақ ты ауданына жер аударылды. Мұ ндай іс-ә рекеттердің барлығ ы большевиктердің ө здеріне идеялық жағ ынан қ арсылық кө рсете алатын зиялылардан қ ұ тылу жолы екенін байқ атады.   

Болшевиктік тә ртіп нығ айғ ан сайын қ оғ амдық ө мірді толық бақ ылауғ а алу кү шейді. 1930 жылдардың ортасындағ ы қ оғ ам мү шелеріне қ арсы ұ йымдастырылғ ан қ уғ ын-сү ргін-репрессия саясатын жаппай халық қ а қ арсы бағ ытталғ ан террор деуге болады. Жаппай қ уғ ын-сү ргінді ұ йымдастыру ү шін большевиктер социализм жең ісі кү ш алғ ан сайын тап кү ресі шиеленіседі деген тұ жырымды желеу етті. Елді жаулардан тазарту процесі кезінде большевиктер неше тү рлі “террористік ұ йымдардың ” бетін ашты. Ә р тү рлі қ ыспақ пен қ ысым жасау нә тижесінде террористік ұ йым мү шелері ө здерінің кү нә ларын мойындап шығ а келді. Мысалы, 1936 жылы тамызда троцкистік-зиновьевтік террористік орталық жө нінде ашық процесс болды. Бұ л іс бойынша Г. Е. Зиновьев, Б. Каменев, Г. Е. Евдокимов, барлығ ы 16 адам жауапқ а тартылды. Жауапқ а тартылғ андарғ а С. М. Кировты ө лтіруді ұ йымдастырды жә не оны жү зеге асырды, Сталиннің ө міріне қ астандық даярлады, диверсия, шпиондық ә рекет жасады деген кінә лар тағ ылды.

Жаппай репрессия толқ ыны Қ азақ станды да қ амтыды. Қ азақ станда бір жылдың ішінде ү ш іс қ арастырылды. Олар Ү ржар, Пресновка жә не Қ арағ андыдағ ы “контрреволюциялық ұ лшыл-фашистік залалдық ұ йымдардың ” істері болды. Ең алғ ашқ ы іс Қ арағ андыдағ ы сот ісі болды. Ондағ ы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұ йымының хатшысы М. Гатаулин, мү шелері А. Асылбеков, Н. Нұ рсейітов болды. Олардың негізгі кінә сі – батылдылығ ы мен принципшілдігі. Сонымен қ атар Гатаулин 1932 жылы Сталинге жазылғ ан “Бесеудің хаты” авторларының біреуі болып табылады. Олар 1937 жылы қ арашада ө ткен сот процесінде ө здерінің “Мә скеудегі “троцкистік орталық пен” қ алай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын Қ азақ станда қ алай жү зеге асырғ андарын” мойындады.

Кейін халық жауларын тү сті металлургиядан, темір жол транспортынан, жерхалкомынан, байланысхалкомынан жә не т. б. жерлерден анық тап, жауапқ а тарта бастады. Партия кең ес қ айраткерлерінің тізімін Н. Нұ рмақ ов (БОАК президиумының жауапты қ ызметкері), Т. Рысқ ұ лов (РКФСР ХКК тө рағ асының орынбасары) Мә скеуде ұ сталып бастаса, кейін ол тізімді Қ арағ анды облыстық атқ ару комитетінің тө рағ асы А. Асылбеков, Қ арағ анды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н. Нұ рсейітов жалғ астырды. Ө лкенің партия жә не кең ес қ ызметкерлерін айыптап жауапқ а тарту шаралары нә тижесінде кө рнекті қ айраткерлер: К. Сарымолдаев, У. Кұ лымбетов, Г. Тоғ жанов, А. Лекеров, А. Розыбакиев, Ж. Садвакасов, И. Қ ұ рамысов жә не т. б. ұ сталып ату жазасына немесе лагерлерге ұ зақ мерізімге айдалды.

Тіпті орталық та не болып жатқ анын білмейтіндер тағ ылғ ан айыптардың еш дә лелсіздігіне қ арамай жазаланды. Мә селен, 1938 жылы 27 қ аң тарда Оң тү стік Қ азақ стан облысындағ ы Сайрамдық бес азамат “Киров жолдасқ а қ астандық жасаушылармен ауыз жаласқ ан саяси қ ылмыскерлер” болып шығ ады. Жауап алу барысында Сайрамда “буржуазияшыл-ұ лтшыл топтың ” 12 мү шесі анық талып, ол топ “облыстық ұ йыммен”, облыс “республикалық топпен байланысты”, ал олардың барлығ ы “Мә скеумен тоғ ысты” деген қ орытынды жасалады жә не ү штіктің шешімімен “қ ылмыскерлер” атылады.

Тергеу ісінің материалдары кө рсеткендей айыпталушыларғ а байланысты қ ылмыстық -процессуалдық кодекс дө рекі бұ рмаланғ ан. Оның бұ рмаланғ анын тө мендегідей дә лелдер кө рсетеді: тергеу жұ мысы қ ылмыстық іс қ озғ ау туралы қ аулысыз жү ргізілген жә не айыпталушылар ешбір негізсіз жә не прокурордың рұ қ сатынсыз қ амалғ ан. Айыпталушыдан жауап алдын ала кінә лі адам ретіндегі кө зқ арас тұ рғ ысынан алынғ ан жә не кө птеген айыпталушыларғ а ешбір белгілі кінә тағ ылмай, олар айлап тергеусіз ОГПУ-дің тү рмелерінде жатқ ан. Ал тергеу аяқ талғ ан соң айыпталушылар тергеу материалдарымен таныстырылмағ ан. Айыпталушылар қ орғ аушы пайдалану қ ұ қ ығ ынан айырылғ ан. Іс осындай дең гейде, ешбір бекітілусіз, сот емес органдарғ а жіберілген жә не олар сырттан ү кім шығ арғ ан.

Жаппай репрессия саясаты нә тижесінде қ азақ халқ ының ең таң даулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кең ес ө кіметін орнатуғ а қ атысқ ан А. Айтиев, С. Арғ аншеев, Т. Рысқ ұ лов, Н. Сырғ абеков сияқ ты қ айраткерлер де атылып кетті.

Жалпы сталиндік қ уғ ын-сү ргін кө лемі ә лі толық анық тала қ ойғ ан жоқ. Кей деректерде 1937-1938 жылдары қ азақ стандық тардың 44 мың ы тү рмелерге тү сіп, 22 мың ы атылды десе, басқ а деректер 1930-50 жылдары 100 мың нан астам адам репрессияғ а ұ шырады, оның ішінде 20 мың нан астамы атылғ анын айтады.

Большевиктік жаппай репрессия саясаты кезінде жекелеген адамдар ғ ана емес, кішігірім халық тар да қ уғ ын-сү ргінге ұ шырап, жазық сыз жапа шекті. Ондай жапа шеккен халық қ а корейлер жатады. Қ азақ стандық корейлердің негізгі бө лігі кезінде Қ иыр Шығ ыс ө лкесінен жер аударылды. Олардың жер аударылу себептерін КСРО ХКК-і мен БК(б)П Орталық комитеті бірігіп шығ арғ ан “Корей халқ ын Қ иыр Шығ ыс ө лкесінің шекаралық аудандарынан кө шіру туралы” қ аулысы бір ауыз сө збен: “Қ иыр Шығ ыс ө лкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақ сатында…” – деп жауап береді. Қ аулыда оларғ а ө здерімен бірге заттарын, дү ние-мү ліктерін ала кетуге рұ қ сат етілді. Тіпті, оларғ а шет елге кетуді қ алайтындарғ а кедергі жасамау, шекарадан ө туді оң айлату тә ртібіне жол беру қ ажеттілігін де кө рсетті. Кө шкенде қ алдырып кетуге мә жбү р болғ ан дү ние-мү ліктің жә не егіс алқ абының шығ ынын оларғ а қ айтару шарасы да атап кө рсетілді. Алайда айтылғ андар тек сө з жү зінде қ алды. Кө шкен корейлер тек киім-кешек пен азық -тү ліктерін ғ ана алып шығ а алды. Олар сонымен бірге шекара ә скерлерінің жә не НКВД-нің тікелей бақ ылауында болды. Корейлер Қ азақ станғ а келген соң да кү дікті саналып, бақ ылауғ а алынды жә не қ уғ ын-сү ргінге ұ шырады.

Қ азақ стан картасында Карлаг деген ерекше тә ртіптегі Қ арағ анды ең бекпен тү зеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тә ртіп туындатқ ан тағ ы бір лагер – Алжир деп аталды. Жаппай репрессияғ а ұ шырағ андардың от-басы да қ уғ ындалды. Алжир лагерінде осы қ уғ ынғ а ұ шырағ андардың ә йелдері ұ зақ жылдар бойы мерзімдерін ө теп отыруғ а мә жбү р болды. Кең ес ү кіметі жү ргізген қ уғ ын-сү ргін саясаты нә тижесінде осы қ уғ ынғ а ұ шырағ андарды орналастырып, оларды бақ ылайтын басқ ару органы ГУЛАГ пайда болды.

Елдегі осындай қ уғ ын-сү ргін мен қ орқ ыныш кү ш алып тұ рғ ан жағ дайда КСРО жаң а Конституциясының жобасы талқ ыланып, 1936 жылы 5 желтоқ санда  қ абылданды. Конституция елде социализм орнағ анын жария етті. КСРО жаң а Конституциясы одақ тас республикалар санын кө бейту мү мкіндігін арттырды. Соғ ан сә йкес Закавказ республикасы таратылды. Азербайжан, Армян, Грузин республикалары енді КСРО қ ұ рамына тікелей енді. Қ азақ жә не Қ ырғ ыз автономиялық республикалары одақ тас республикаларғ а айналды. Қ азақ республикасының статусының ө згеруіне байланысты жаң а Конституция жасау қ ажет болды. 1937 жылы 3 ақ панда жаң а Конституция жобасын Қ азОАК-нің Президиумы қ олдады. 1937 жылы 21-26 наурызда Алматыда Қ азақ стан кең естерінің X съезі ө тті. 1937 жылы 26 наурызда съезд Қ азақ КСР-ның Конституциясын бекітті. Мемлекеттік биліктің ең жоғ арғ ы органы тө рт жылғ а сайланатын Қ азақ КСР Жоғ ары Кең есі болды. Жоғ ары Кең ес ө зінің Президиумын сайлады жә не республика ү кіметі - Халық Комиссарлар Кең есін (ХКК) қ ұ рды. Конституцияда республика территориясының тұ тастығ ы негізделді. Қ азақ КСР-ның ә рбір азаматы КСРО азаматы болып табылды.

Сонымен, қ орыта айтқ анда, 20 жылдардың аяғ ы мен 30 жылдары ә кімшіл-ә міршіл большевиктік тә ртіп қ оғ амдық -саяси ө мірдің барлық саласында ү стем болды. Ә сіресе, Қ азақ станда бұ л тә ртіптің ө те ұ сқ ынсыз, қ атыгез формалары ұ жымдастыру мен 1937-1938 жылдардағ ы саяси репрессия кезең дерінде кү ш алды. Кең ес ү кіметі, яғ ни халық тың ү кіметі, сол халық тың ө зіне қ арсы қ уғ ын-сү ргінді ұ йымдастырып, жазық сыз ату-асу жазаларын қ олданды. Елде большевиктер басшылығ ымен халық қ а қ арсы жаппай “ү лкен террор” ұ йымдастырылды.

       

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.