Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Найман және керейт ұлыстары



Найман тайпалар одағ ы (тү рікше «сегіз тайпа одағ ы») VIII ғ асырдың орта шенінде Жоғ арғ ы Ертіс пен Орхон аралығ ында пайда болып, Ханғ айдан Тарбағ атайғ а дейінгі жерлерді алып жатты.

Найманның батыстағ ы кө ршісі Ертіс ө зені бойында тұ рғ ан қ аң лылар, ал солтү стігінде – қ ырғ ыздар, шығ ысында – Тола алқ абын, Орхонның орта ағ ысы жә не оң жақ бетін алып жатқ ан меркіттер мен керейттер, Оң тү стігінде ұ йғ ырлар болды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қ атынастардың орнығ уы ұ лыстардың қ ұ рылуымен қ атар жү рді. «Ұ лыс» деген сө з ол кезде «халық » деген ұ ғ ымды білдірді, ә рбір ұ лыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың ө кілі, хан басқ арды. Хан ордасы ұ лыстың ө здеріне меншікті жазғ ы жайылымы, қ ысқ ы қ ыстауы болып, ә скері – ондық, жү здік, мың дық, тү мендерге бө лінді. Наймандар мен керейлер XII ғ асырда іс жү ргізуде ұ йғ ыр жазуын пайдаланғ ан. Ханның «алтын мө рі» болып, онымен қ ажетті қ ұ жаттарды куә ландырып отырғ ан. Шың ғ ысханның жаулап алу жорық тарына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі ө те кү шті ұ лыстардың бірі болғ ан. Шың ғ ысханның ә кесі Ясукай батырдың тұ сында найман елін Иналых Білгі Бұ қ а хан билеген. «Иналых» — сенімді, «білгі» — білімді, кемең гер, «бұ қ а» — ұ лық, мық ты деген сө з. Білгі Бұ қ а хан ө лгеннен кейін, оның екі баласы: Таян (Байбұ қ а) хан мен Бұ йрық хан арасында тақ таласы басталып, найман ұ лысын екіге бө лген. 1199 жылы Шың ғ ысхан керейлердің билеушісі Оң ханмен одақ тасып, найман Бұ йрық ханғ а шабуыл жасайды. Алтай аймағ ының Ұ лың гір кө лінің маң ындағ ы шайқ аста Бұ йрық хан жең іліп, қ ырғ ыз еліне қ ашып кетеді.

1204 жылы Шың ғ ысхан керейлерді жаулап алғ аннан кейін, найман Таянхан мен меркіттердің билеушісі Тоқ табектің біріккен ә скерлеріне шабуыл жасап талқ андайды. 1206 жылы моң ғ олдар Бұ қ тырма ө зенінің бойында Бұ йрық бастағ ан наймандарды жең іп, оның ө зін ө лтіреді. 1208 жылы Шың ғ ысхан Алтайдағ ы Кү шлікхан бастағ ан наймандарғ а қ атты соқ қ ы берді. Бұ дан кейін наймандардың бір бө лігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бө лігі Шығ ыс Қ азақ станда қ алып қ ойды. 1218 жылы моң ғ олдар Жетісу жеріндегі наймандарды жең ді. Бү кіл Шығ ыс Тү ркістан мен Жетісу жерлері моң ғ олдардың қ ол астына кө шті.

Керейттер конфедерациясының этникалық қ ұ рамы бір текті болмағ ан. Ол тү рік тілді жә не моң ғ ол тілді жұ рттан қ ұ ралады. Керейттердің батысында – наймандар, солтү стігінде – меркіттер, шығ ысында – татарлар, оң тү стігінде – таң ғ ұ ттар мекендеген. Керейт тайпалары кө семдерінің екі ордасы болғ ан. Солтү стік ордасы – Орхон ө зені бойындағ ы Қ атынбалық қ аласы, ал оң тү стік ордасы Хуанке ө зені бұ рылысының теріскейіндегі Қ ара-Хото қ аласы. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несторияндық тармағ ын қ абылдайды.

XII ғ асырдың 50-ші жылдары керейттерде Марғ ұ з хан билік жү ргізді. Кейін ол қ ытайлар қ олына тү сіп ө лтірілген. Одан кейін елді Бұ йрық хан биледі. 1171 жылы хан тағ ы оның баласы Тоғ ырылғ а кө шті. Оның Оң хан деген екінші лауазым аты болғ ан. Бұ л ат «Уаң хан» дегеннен шық қ ан, мағ ынасы – бір елдің ә міршісі. Тоғ ырыл хан тұ сында Керейттер ұ лысы солтү стікте – Селенганың жоғ арғ ы бойынан, оң тү стікте – Хуанкеге дейінгі, батыста – Хангай тауынан, шығ ыста – Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлағ ан. Тоғ ырыл хан Шың ғ ысханның ә кесі Ясукаймен дос болғ ан. Сондық тан осы жағ дайды пайдаланып, Темучин Моң ғ олиядағ ы кү шті ел болып келген Керей ханы Тоғ ырылғ а арқ а сү йеген. Тоғ ырыл екеуі дос болды, одақ тасып жорық қ а аттанып отырды. Бұ л жағ дай Тоғ ырыл ханның балалары мен туыстарына, уә зірлері мен жақ ындарына ұ намайды. Сондық тан олар екеуінің арасында іріткі салу ә рекетін қ олданып, бір-біріне айдап салады. Мұ ның аяғ ы насырғ а шауып, керейлер мен моң ғ олдар арасында соғ ыс қ ақ тығ ысына ә келіп соқ ты. Ақ ырында Шың ғ ысхан 1202 жылы Оң ханның елін шауып, ө зін ө лтіріп, жерін жаулап алды. Шың ғ ысханнан жең ілген соң, Керей ұ лысы оғ ан тә уелді елге айналды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.