Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БІРІНШІ БӨЛІМ. Бірінші сурет



БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші сурет

Ипподром. Еліміздің елу жылдығына арналған респуб- ликалық ат жарысы өтіп жатыр. Улап-шулаған, айғайлап- ысқырған халық. Сатыр-сұтыр қол соғылады, сатыр-сұтыр аттың дүбірі естіледі. Əдемі киініп, көркем керіліп отыр- ған көптің ішінен бетін күн қаққан ірі тұлғалы қарапайым қыр қазағын көреміз. Əлденеге мазасызданып, тынышы ке- тіп отыр. Ол – Ардакүрең деген атын бəйгеге қосуға əкел- ген жылқышы Бозтайлақ. Оның қасында гитарасын өңгеріп, бүгінгі қала жастары жайғасқан. Жарыс көруден гөрі, шатақ шығаруға əдейі жиналғандай əркімге бір соқтығып, ұрынар- ға қара таппаған сыңайда.


Ұзынтұра . Ребята, сендерді ертең тауға, дачаға қо- наққа шақырамын. Папам мен мамам отдыхать етуге Қы- рымға кеткен. Сайранды саламыз. Білесіңдер ме, біздің дача екі этажды ғой.

Бірінші қ ы з . Менің папам үш этажды жасаймын деп жүр.

Г и т а р а лы ж і г і т . Бара-бара айға дачадан құрап кө- пір саламыз деңдерші. Бөсіңдер, бөртіңдер. Ауылдан келге- німе үш жыл болды, сендерге өтірік, маған шын, тура елу квартира ауыстырдым.

Е к і н ш і қ ы з (иығына асылып, еркелей). Несі бар, оқуға түсе алмаған соң сандалмай ауылға қайқаюың керек еді. Сарғайған сары даланың самалын жұтып жүрер едің мына кісі құсап. (Бозтайлақты нұсқайды).

Г и т а р а лы ж і г і т . Бұлардың өмірін Құдай итке бер- месін.

 

Гитарасын безілдетіп, ел-жұртқа қарамай ойнай бастай- ды. Бəрі қосылып, əн айтады. Бірақ, маңайындағы жұрттың бірде-бірі қой деуге бата алмайды.

Біріңді-бірің пышақта Маған əсер етпейді.

Сен тұрғанда құшақта

Маған не зат жетпейді, ла-ла-ла...

Бозт а й л а қ (мазасызданып). Апыр-ай, бір езулеуін қарашы, қалып қояр ма екен. Ай, ай, Дəурен, сабама, тізгінді тартыңқырай отыр. Ішін ала шап, сыртқа бұра тартпасын.

Ұзынтұра (Бозтайлақтың иығынан басып). Неге тəртіп бұзасың Ипподром сенің ауылың емес кеңірдегіңді жыртып күні бойы айқайлайтын.

Бозт а й л а қ (жасқана). Қойдым, інім. Құрғыр, арқаң қозып шыдамай кетеді екенсің.

Жа н (жақындай отырады). Ат қосып па едіңіз?

Бозт а й л а қ . Ие, түу ит арқасы қияннан бір тырақы- ны мен де алып келіп едім. Осы күні, бауырым, жақсы ат- тың тұқымы қалды ма? (Орнынан тағы да ұшып түрегеліп).


Иə, сəт, алдағы сидиған қасқаны басып озса... Дəурен, бо- сат енді тізгінді, ақырғы айналым қалды! Апыр-ай (Өкініп). Қамшылар жағына сыңар езулеп тарта беруін қарашы.

Анар . Все это глупо. Еріккендердің ермегі. Бұдан əтеш төбелестіріп, тарақан жарыстырған əлдеқайда қызық.

Бозт а й л а қ (орнынан тағы да атып тұрып). Уа, ар- уақ, уа, Қаратай, Қаратай! Алға түсті! Қыс тақымды, Дəу- рен! Шақыр бабаңның аруағын! Қаратай, Қаратай!

Т ө м е н г і б а лк о н д а ғ ы интеллиг е н т (жақ- тырмай). Ей, азамат, жынданып кеттіңіз бе? Кісіге маза бе- ріңіз, түге. Анда-санда бір демалайын деп келсең, қалада- ғысы ақырып, даладағысы бақырып құлақ етіңді жейді. Əй, қайран қараңғылық-ай, қашан арылар екенбіз шылығың мен былығыңнан.

 

Ақырғы айналым. Жұрт өре түрегеліп, шу ете қалады.

 

Да у ы с т а р . Əкетті. Баланың шамасы жетпейді. Круг- тан шығып кетті. Енді үзеңгілесе алмайды. Ауылдан əкеліп қосқан болу керек, тəртіпті білмейтін мал екен. Ура! Бірінші болып ипподромның қасқасы келді.

 

Шулаған дауыс. Қол соғылады. Бозтайлақ бетін басқан күйі отырып қалады.

 

Т ө м е н г і б а лк о н д а ғ ы интеллиг е н т (қыр- жыңдап). Анау кругты тастай қашқан күреңді қосқан адам- ның иесі жоқ. Ипподромның ережесін, тəртібін білмейтін қырдың қыңыр аты мұндай мəдениеті жоғары жарысқа жа- рай ма, тəйірі. Безобразие!

Ұзынтұра . Ат емес, есек екен. Ал, осы есекті əкеліп қосқан адамның, Құдай біледі, түйемен шатысы бар.

Жа н . Ауыз өзімдікі деп оттай бермесеңші. Ол аттың иесі мына кісі.

 

Бəрі Бозтайлаққа қарайды. Ол жылағандай бетін басқан күйі сұлық отырып қалған. Екі иығы селк-селк етеді.


Ұзынтұра . Ə-ə, мына қара қазақ па? Ей, что ты на такую прекрасную скачку приводишь свою клячу.

Бозт а й л а қ (басын оқыс көтеріп). Не дедің? Не деп күйсеп отырсың рауағаштың айғыры құсаған күрке тауық. Аузыңды ұрайын...

Ұзынтұра (ұмтылып). Аузыңды қисайтып жіберейін... Бозт а й л а қ . Жаныңды жаһаннамға жіберіп, қабыр-

ғаңды санап қолыңа ұстатайын. Əкеңнің...

 

Ұзынтұраны көтеріп алып, сыртқа ала жөнеледі. Таңдан- ған, сүйсінген дауыстар естіледі.

Көше. Бозтайлақты гитаралы топ қоршап алған, түтіп жейтіндей ашулы. Жан жібермей тұр оларды.

 

Жа н . Жақындамаңдар!

Анар (айғай салады). Тараңдар! (Ысқырып). Тараңдар! дедім ғой, черт побери! (Бозтайлақтың жанына келіп). Сіз маған ұнап қалдыңыз. Нағыз еркек екенсіз!

 

Бəрі кетеді. Көшеде Бозтайлақ пен Жан ғана қалады.

 

Бозт а й л а қ (кекете). Достарыңнан қалып қойдың ғой, інішек.

Жа н . Керек болса іздеп тауып алар. Қашып құтылу қай- да. Олардың əулекілігі үшін кешірім сұраймын, аға! Мен сізбен жақынырақ танысып, кеңінен отырып сөйлессем деп едім. Өзім қазір журналистика факультетінің ақырғы кур- сында оқимын, практикада жүрмін. Салық қылып салған мақаласы бар еді факультеттің. Сол борыштан сізді жазып құтылсам деп едім, аға. (Қойнынан қағаз, қаламын шығара бастайды).

Бозт а й л а қ . Сауыт-сайманыңды жалаңдатпай тұра тұр, інім. (Жан блокноты мен қаламын қайта қалтасына са- лып қояды). Мен туралы жазуға шын ниет қылсаң, ауылға – жаз жайлауға, қыс қыстауға кел.

Жа н (қадала сұрап). Əйтсе де, бірер сұраққа жауап бе- ріңізші.


Бозт а й л а қ . Бауырым, тақымдап қоймадың ғой. Ен- деше, сауалыңды қоя бер... Əйтеуір, тезірек... ұлым іздеп жатқан болар.

Жа н . Еңбек көрсеткіштеріңіз, сосын табыстарыңыздың кілті, сыры...

Бозт а й л а қ . Жүз биеден тоқсан бес құлын алдым. Ең- бек Қызыл Ту орденім бар. Оны бұдан он жыл бұрын отыз жасымда берген. Ал табысымның кілті –құрықта...

Жа н . Басшылық тарапынан қандай кемшілікке кең- шілік беріліп отыр. Нендей арыз-арман, өтініш-тілегіңіз бар?

Бозт а й л а қ . Арыз жазу қолымнан келмейді. Арма- ным жоқ. Өтінішім – айғыр жетіспейді, көбін қыстың бір, бір жарым метрлік қарын бұздырып, жылқыға тебін ашты- рамыз деп азбан қылып аздырып жібердік. Қолыңнан келсе, үш-төрт айғыр бердірсең. Ал, тілегім – анда-санда қалаға келгенде сабамай аттандырсаңдар екен.

Жа н (жымияды). Айтыңызшы, аға, жаңа қыстай ай-

ғыр мінеміз деп айттыңыз. Ал мініс аттары, көлік қайда?

Бозт а й л а қ . Сенің жаңағы достарың мен анау қалпақ- тының қарнында, яғни совхоз жаппай комплексті механиза- цияға көшті де етке тапсырып жіберді. Ал, бір күн магазинге ет түспей қалса, қалай қарғап-сілейтіндеріңді естіп жатамыз. Жа н . Əрине, ет жоспарын орындау əуелгі міндет. Енді,

ағасы, қысқаша өмірбаяныңызды айтыңыз.

Бозт а й л а қ . Қысқашасы мынау: Қырықтамын. Бес балам бар. Біреуі жаңа атқа шапты. Əкем соғыста, шешем тылда өлген. Жалғызбын (Ойлана). Тағы бір інім бар, ба-

лалар үйіне тапсырылған деп естимін.

Жа н . Жақсы, жақсы. Ал, бос уақытыңызды қалай пай- даланасыз?

Бозт а й л а қ (күліп). Əйеліммен асық, балаларыммен жасырынбақ ойнаймын. Телевизорымыз жайнап, радиомыз сайрап тұр. Күнде кино, кешкілік ресторанға барамыз...

Жа н . Вот оригинально! Бірақ, қалжыңдайсыз-ау, ағасы, қалжыңдайсыз. Айтыңызшы, жүлделі орынға ие бола алмай қалғанығызға өкінбейсіз бе?


Бозт а й л а қ (ойлана күрсініп). Қай қазақ шыққан та- уым аласа болсын дейді. Ат намысын – ар намысын бөле алмаймын. Өкінемін ғой, өкінемін, інішек. Ардакүрең ай- налма жарыстың аты емес, оған қазақтың кең даласы, қолты- ғын сөге жүгіретін ұзақ шабыс керек. Ертеден салса кешке, еңістен салса төске озатын белді тұқымнан қалған тұяқ қой. Үш шақырымдық айналымыңды жаяу адам жүгіріп шықпай ма... Айтып-айтпай не керек. (Терең күрсініп). Обал-ақ бол- ды. Бойындағы барын, сұңғыла жүйріктігін таныта алмай қор болып барады жануар... Ардакүреңім-ай, көсіліп, қолты- ғымызды жаза бір шаба алмай-ақ кетер ме екенбіз...

Жанды мүлдем ұмытып, көңілі босап шыға жөнеледі. Құлаққа гитара үніне қосылып, кісінеген құлынның даусы естіледі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.