Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





«Құлыным менің» – 2 9 страница




Т а м а р а: мен не істеймін?!

Н е м і с о ф и ц е р і: Сізге бәрібір ғой. Келесі келер адам- ға қызмет жасайсыз. (Телефон тағы да шылдырлайды). алло! асықпай баяндаңыз... Бұларың масқара екен... Сұмдық оқиға! Түгелдей атыласыңдар. ах, партизандар айласын асырды, дейсіз бе?.. айналдырған жүз шақты адамды талқандай ал- майсыздар, бүкіл Совет армиясын қалай жеңеміз! Гене- рал-фельдмаршал манштеинге қалай хабарлаймыз... айыр- бастаймыз, дей ме?..

Т а м а р а: Тағы қай генерал қолға түскен?

Н е м і с о ф и ц е р і: Тамара ханым, құдай үшін басымды қатырмаңызшы. Біздің ісімізге бұлайша араласа берсеңіз, бәлкім, партизандарға сыйға тартатын шығармыз... (Анна Ивановнаға). Фрау, бағыңыз бар екен босататын болдық. менің орныма жіберген адамды партизандар қолға түсірген... Сіздерге айырбастамақшы (Өзіне-өзі). Бұл – үлкен лаңның алды ғана шығар-ау. Бір жылға жетпей бүкіл Украинадан айырылып қалмайық. Егер осымен ғана тынса... Бұл сапардан қайта алам ба? Өліп қалсам, бір ұл, бір қызымның күні не болар... ах, бекер-ақ тиістік Совет Одағына, бекер-ақ...

 

Борис пен Серік «алақай! Ура!» – деп қуанады. Соғыс сарыны естіліп тұрады.

 

а н н а И в а н о в н а: Тамара ханым, мен сенімен тағы да кездесетін болдым, қайтесің, тағдыр...

Т а м а р а: Енді сенімен о дүниеде ғана кездесетін шығармын... (Қасіретпен күрсіне). Иә, жұлдызы жанып туатын адамдар болады...

а н н а И в а н о в н а: Сен ол жақта да сатқындығыңды қоймассың...

Т а м а р а: (қажып) Сумаңдамашы... Жеңілген ит желке- легенге жақсы деп... Сенен әлдеқайда көріктімін, таланттымын, бірақ маған тиесілі несібені алып кете бересің... Жалғандағы ең әділетсіз – тағдыр шығар.

 

Тамара солқылдап жылайды.


а н н а И в а н о в н а: Өйткені, жүрегің тастан, жаның жалбыздан жаратылған. Әсте де жеңдім... деп мақтанбаймын, өз жолын, өз жөнін таба алмай адасқан сені аяймын... Өмірі орнын толтыра алмас қателік жібердің. асылы, атылып өлгенің дұрыс шығар.

Неміс офицері терезеден сыртқа ойлана қарап тұрған.

Көрермендерге бұрылады.

Н е м і с о ф и ц е р і: Баласына дейін батыр елді, қалайша жеңе аласың...

 

ТӨрТІНШІ КӨрІНІС

 

Сахнадағы жарық жанғанда, Серік пен Бористі көреміз.

 

С е р і к: (қуанышты) Немістер алды-артына қарамай қашты-ау. Сол керек өздеріне, әкесінің үйінде жүргендей тайраңдап еді...

Б о р и с: Іш киімдерін бұлғап алған шығар. Киевті босатыпты. Папамдар да солардың ішінде болар.

 

анна Ивановна келеді.

а н н а И в а н о в н а: (ентігіп) Қайда жүрсіңдер? Іздемеген жерім жоқ. Жеңдік-ау деген кезде бір пәлеге ұшырап қалды ма, деп зәрем қалмады ғой...

С е р і к: (алақайлап) ананы қараңдар! Танктер! Біздікі!

Қызыл жұлдызы бар!

Б о р и с: Ура-а-а! Жасасын Совет армиясы!

Ә л д е к і м н і ң д а у с ы: анна! анна Ивановна! анна жалт қарайды. Сахнаға Жомарт шығады.

а н н а И в а н о в н а: Тәңірім-ау, сенейін бе... Жомарт! Тірі екенсің ғой.

С е р і к: Папа! Көке! Әкетайым! (Тұра жүгіреді).

Әке мен бала құшақтасады. Жомарт Борис пен аннаны да аймалап сүйеді. мәз-мейрам.


Ж о м а р т: Құлыным! Жалғызым! Сендерді де көретін күн болады екен-ау. Бақыт деген осы да, Жеңіс деген осы да! (Серік әкесін құшақтап жылайды). айналайын, азаматым. Саған не болған, мұндай күні кісі жылай ма екен... атаңа тартқан қайсар едің ғой... мамаң қайда? аннушка, Жамал қайда жүр?

а н н а И в а н о в н а: (жылап). Берік бол, Жомарт! Жамал енді жоқ!

С е р і к: мамамнан айрылдық... атама не дейміз?.. Ж о м а р т: (мұңмен). анна... рас па?

а н н а И в а н о в н а: Сақтай алмадым, Жомарт! Соғыстың алғашқы күні-ақ бомбаның астында қалды. мамасының кегін Серік қайтарды.

Ж о м а р т: алынған кектен өлген адам қайтып келер болса, жау өз апанына кіргенше қырармын-ау. Қайтейін... Не істейін... Жамалжан-ай, аяулым-ай, бір уыс топырақ Украинадан бұйырарын білдің бе...

Д а у ы с: Жолдас, подполковник, аттанайық.

Ж о м а р т: Қазір. Саған мың да бір рақмет, анна! Жалғыз ұлымның жанын алып қалғаныңа рақмет. Жауды біржола жеңген соң, қайта табысармыз. Серікті саған тапсырдым.

 

Қоштасады. Кетеді.

 

а н н а И в а н о в н а: ау, Жомарт! Бористің папасын көрдің бе? Екі жылдан бері хабар-ошар жоқ.

 

радиодан (диктор). Бесінші гвардия танк корпусының комиссары, Совет Одағының Батыры анатолий андреевич Савченко Киевті азат ету үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапты. марқұмның рухы жүрегімізде мәңгі сақталады!

 

Жеңіс маршы ойнап, салют атылады.


ЭПИлОГ

 

Сахна төрінде Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш. Қолдарында гүл шоқтары бар Жомарт мергенбаев, Серік, оның қызы анна және анна Ивановна, Борис пен оның қызы Жамал шығады. Гүлді қабірге қойып, бір сәт үнсіз тұрады.

 

Ж о м а р т м е р г е н б а е в: ал, енді балалар, шие ағашын отырғызыңдар. марқұм Жамал, шиені өте жақсы көруші еді, аруағы риза болсын.

а н н а И в а н о в н а: Содан бері де отыз жыл өткен екен- ау... Немерелеріміздің өзі – бой жетті. Зымыраған заман-ай...

 

Екеуі әңгімелескен күйі балаларынан оңашаланады.

 

Ж о м а р т м е р г е н б а е в: Сенің жақсылығыңды жал- ғанда да ұмытпаймыз, анна Ивановна. Егер сен болмасаң, Серікті тірі көрер ме едім, көрмес пе едім.

а н н а И в а н о в н а: Жақсылығым сатулы емес, Жомарт: Қыршын кеткен Жамалдың рухы үшін ғой барлығы да. мен оны жалғызсыратқан жоқпын. Әр жеңіс күні сайын келіп, сырласып, басына гүл қойып, тәуеп етіп қайтамын. Бористен туған қыздың атын Жамал қойдырдым... Саған да рақмет, алыста жүрсең де, мені ұмытпай, немереңнің есімін маған арнапсың. анна ақылды да әдемі екен...

Ж о м а р т м е р г е н б а е в: Өзіңе де мың алғыс, айналайын анна! Бірақ сен... тым жас қалдың... Тірі адам – тірлігін істемеуші ме еді... Неге жападан жалғыз ғұмыр кештің?

а н н а И в а н о в н а: Сен қателесесің, Жомарт. мен

– жалғыз емеспін. Әкесінің көзі – Борисім бар. Одан туған балалар бар. Өзің ше?..

Ж о м а р т м е р г е н б а е в: мен үйленгенмін. Кейінгі әйелімнен де үш-төрт балам бар. Қазіргі кемпірім де ақылсыз емес, Жамалдың рухын сыйлайды. (Шүйіркелесіп тұрған балаларына сүйсіне қарайды). Халықтар арасындағы нағыз


достық Ұлы Отан соғысынан басталды. Ендігі үміт, ендігі арман – жастардікі.

а н н а И в а н о в н а: Дұрыс айтасың, Жомарт. Солардың тілеуін тілегеннен басқа не қалды бізге.

Осы кезде басына қара жамылған Бейтаныс әйел көрінеді. Ол – Жомарттармен бірге поезға кірген әйел екенін танимыз.

Ж о м а р т м е р г е н б а е в: Сәлеметсіз бе? Сіз де осында келген екенсіз ғой. Соғыста қаза тапқан туыстарыңыз бар ма еді?

Б е й т а н ы с ә й е л: мұнда жатқандардың барлығы менің туыстарым.

анна Ивановна мен бейтаныс әйел бір-біріне тесіле ұзақ қарайды.

а н н а И в а н о в н а: Тамара! Б е й т а н ы с ә й е л: анна!

а н н а И в а н о в н а: Сен тірі ме едің, сатқын! Тағы да кездестік пе?!

Т а м а р а: Кездестік. Бірақ мен баяғыда өлгенмін.

а н н а И в а н о в н а: Құдай-ау, отыз жыл өтсе де, сатқындардан арылмағанымыз қалай?..

Т а м а р а: Сен мені жазғырма. Өмірімнің ақырғы минутында өлгендерден кешірім сұрауға келдім. Тым болмағанда, көрімде тыныш жатайын.

а н н а И в а н о в н а: Өлгендер кешпейді...

 

Ең алдымен неміс-фашистерінің барабан үні естіледі де, оны Жеңіс маршы құнықтырып жібереді.

 

 

ШымылДыҚ


Мазмұны

Бірінші бөлім:ПОВЕСТЕр

Қайдасың, қасқа құлыным............................................. 4

айпара ана...................................................................... 69

Екінші бөлім: ӘҢГІмЕ-ХИКаЯТТар

ана қуанышы................................................................ 114

Терісаққан.................................................................... 117

Ұйқым келмейді.......................................................... 134

аспирант қыздың тракторшы жігіті........................... 156

Табиғат – өмір – адам................................................ 169

мезгіл әуендері............................................................ 185

Өзі сүйген.................................................................... 198

Бұл бір сыр еді............................................................ 209

махаббат туралы дастан............................................ 217

Ит ішкір-әй.................................................................. 220

Қош, махаббатым!...................................................... 224

Жылқышы жігіт........................................................... 237

Жұмбақ шал................................................................. 240

«Жүрегімнің түбіне терең бойла...».......................... 245

От басындағы екеу..................................................... 250

Жастық оты.................................................................. 254

Жылқы туралы элегия................................................. 258

Жұлдыз жауған түндер-ай.......................................... 263

Үшінші бөлім: ПьЕСалар

Желтоқсан желі........................................................... 280

Жау тылындағы бала.................................................. 339


«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының президенті Дидахмет Әшімханұлы

Оралхан Бөкей



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.