Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I 1 страница



Бура Қазақбай ауылын талақ тастап, қашып шықты.

 

* * *

 

Хайуан да аңсап, ұзақты түн телміріп, сарғая ататын таң- дай сазды сағыныштың бесігінде тербеле алады екен. Хай- уан да егіздің сыңарындай кеше ғана тілерсек тістесіп, бұла боп өскен келесінен бір-ақ күнде көз жазып, айырылып қал- ғанда, қысастана шайпауланып, албатыға лағып кетеді екен. Бура өткенін – сол өкінішсіз өтпелі өткенінің қимас қым- ғуыт шақтарын іздеп, ұзақты күні салқар сахараны кезетін- ді. Шудасы желпілдеп, маң-маң басып, белгісіз бұлыңғыр да буалдыр үлпілдек үміттің жетегінде шеру тартатын. Алпам- садай алып сыртқы пошымына қарап, дүние өртеніп кетсе де, елең етіп ескеріп санаққа да, санатқа да парықтамайтын төрт аяқты күйіс қайырғыш түлікті ғана елестете алар едің көз алдыңа. Бірақ Бура тіпті де кəперсіз, дүңген мақұлық емес. Ол иісі жануарға тəн тілсіз əрі түсініксіз қиналысты басынан қысқа күнде қырық рет кешер еді. Түйе атаулы жы- лауық деген ұғымға сайып, Бураның тостағандай бұлтиған мөлдір көзіне тесілсеңіз, кешкі алаудай шапақтанған шара- сының жиек-жиегі тым құрыса шыланғанын да байқай ал- майсыз. Бура «ағайындарынан» айырылып думанды шақта-


рын толастатқанымен, не жылаған, не боздаған емес. Қара- ған басы бүрлеп, көк тебінденгеннен бері, саяқсып ауылға жоламай жүр. Ауылға жоламай жүргені – осынау тəй-тəйлап аяқтандырып, үкілеп өсірген туған ауылын менсінбегенді- гі ме. Жо-жоқ. Ол бұл ауылдай жаннатты жерді дүниенің қай-қай түкпірінен де таба алмақ емес. Бура бұл ауылдан тек соңғы кезде ғана əбден түңілген. Түңілмес еді – екі кө- зін мөлдіретіп қойып, енесі – інгенді сойып жеді. Түңілмес еді – ауылда бір шоқ үркердей қараң-құраң болып жүрген ағайын-туғандарын Бұқтырмадан өткізіп, арғы ауылға айдап жіберді. «Осыншама бақандап қуып, босқындататын, те- лім-телімдерін шығарып алапестей аластағандай, не жазды адамдарға; жазығы ғасырлар бойы табанынан таусылып тір- шілік жүгін арқалап келгені ме; сырты жүн, іші боқ хайуан аталатын түйенің бұл пəниден көрмегені бар ма еді; əттең- ай, олардың тілі жоқ, адамдай жетілген ойы жоқ... əйтпесе... əйтпесе жалпақ жаһаннан көріп-білгенін тау бұлағындай тасқындатып сырғып шертер ме еді; ақыл мен ар-ожданды адамдарға-ақ берсінші; қышыма жегізіп Жаманашының бөк- теріне емін-еркін қоя берсе етті; тіпті əжетке жараудан қал- сын-ақ, топандай тоздырып, заман желіне ұшырмай қара ба- сын қалдырса етті». Бура бұлайша əсте де сезінген жоқ өзін. Егер дəл осылайша ойлап бағамдаса, түйсігіне түйсе, бұл күйге душар болмас қой. Өкініштісі де сол ғой, момындығы ғой, есінің жоқтығы əрі дəрменсіздігі ғой. Ендеше, есі бар- ларға не жорық...

Хайуан екеш хайуан да аңсап сағына алады екен... Алты ай қыс ауыл қайдасың демеген Бура, жаз туып, көк шыға, əдепкі əдеттерінше тауға тартқан.


Алтайдың етегін табиғат кең, молынан пішкен. Қырық рудың елі жиналса да, қойын-қоншы мен қойнау-қойнауы жым-жылас қылғып қоятын. Ұшар басынан ағараңдаған қары мен ақ түбіттенген бұлты арылмайтын асқар Алтайдың етегі жайсаң, жадыраңқы, Арқаның даласынша еркін көсі- ліп жататын. Тау бөктеріндегі қалың нөпір қарағай да қаптай қаумалай келіп, кілт көмкерілетін; соңғы бір жылдары жуық маңдағы ағаш атаулы мінтеліп, құйрық-жалдан айырылған жылқыдай-ақ таудың қапталына қарай үрке қашып кетіскен. Ойда тұрып тау төскейіндегі орманға көз тастасаң, бағзыда- ғы сыпыра жыныстың іріген сүттей бөлек-салақ қалған ірім- тігін аңғарасың.

Алтайдан ызыңдаған жетімек жел үзілмейтін. Желемік ессе болды, ақселеу жамылған дала төсі қыбырлап, орама- лын бұлғап тұрған сансыз қыз-келіншекке тым ұқсап кетуші еді. Кей ретте бұл дала асау толқынды алтын ағысқа, асығыс ағысқа ұқсайтын. Алтайдың осынау бір жалпақ қойнауы да көбінесе бостан-бос, иесіз иен-тегін мелшиіп жатар еді. Жаз шығып, ел жайлауға көшкен сəттерде ғана бойына қан жүгі- ріп, серпіліп сергитін. Оқта-текте кезігетін шоқаттар болма- са, тау етегіне ілінгенше мынау дала тұлдырсыз, бедірейген бетпақ. Анда-санда ескі тамның, не обашықтың омырайған орны ғана көзге тиек болар. Əйтпесе тоқтының жабағысын- дай, тіпті жауыр аттың қапталындай ағараңдап, ойдым-ой- дым боп сортаңданып кететін қылығы да бар бұл өлкенің.

Туған жерінің осы іспетті бірде жайсаң да жасаң, бір- де кенезесі кепкен аңырақай дидары Бураны жалықтырып, мезі етіп көрген жоқ. Кең даланың суығына тоңып, ыстығы- на көнген хайуан тіршілік кешкен жерін сүреңсіз сұсты күй жайлап, жұтынған жұрттың тықыры таянған сайын шиыр-


шық атып, жауынға тиген қыл арқандай ширап алатын. Қазір де құтын қашырмай жапырайған жотаны табанының астына тастап, маң-маң басып барады.

Төр жайлауға қарай суыртпақтанып кете барған соқтыр- масы көп соқпақ пен Бураның тұңғыш рет жүруі емес-ті. Жалғыз, құрбы-құрдассыз жүруі ғана. Ол бұдан бұрынғы от-оттап, су ішіп өткен жылдарында бұл жолмен тек жай- раңдай басып, тайраңдап қана өткен. Көк шыға, мұқым ел жапа-тармағай жайлауға көшкенде, бұлар да тобын жазбас- тан аттанысатын. Көшке көніккен кəрі кəнікті атандар бол- маса, бура-тайлақтарға көбінесе тиіспейтін еді. Ал бұлар қа- йыру-қолды қажетсінбей-ақ, бұта-қарағанның басын шала, Өскелеңге лыпып өздері жетіп баратын. Сосын қоңыр күз туып, ел ойға ауа көшкенде, тағы да келген соқпағымен ыр- ғала басып, қайтқан тырнадай ауылға шұбатылатын. Ал жаз- дай жонның сонысын жеп тойынған түйелердің басы көз кө- рімнен мен мұндалайтын. Жүк арта-арта əбден ығыр қылып, мылжа-мылжасын шығарып тастаған атан мен інгендердің өркешіне дейін жауыннан кейінгі жауқазындай едірейісе қа- латын. Ол да бір дəурен екен-ау.

Бура Тасшоқының асуына келгенде, жүрісін ірікті. Осы тұсқа енесі де аялдап, мұны бір дем емізіп алатын. Əлде сол бота шағы есіне түсті ме, əлде күні бойғы изең-изең жүріс ерқашты етіп шаршатты ма, ұзақ аялдады. Бұйда жырым- жырымын шығарған танауы саңырайып, əр шөптің басын бір шалғаны болмаса, бірде-бірін сүйсініп жемеді. Құрық- тай мойнын созып, ендігі асатын алып асуға ұзақ телмірді. Сосын басын самарқау бұрып артына қарады. Тасшоқының қамшылар жақ ықтасынында ескі қыстау бар. Қыстыгүні мұнда бір қора қой қыстайды да, жер қарая, таудың арғы


бетіне асып кететін. Енді Бура осы қораға беттеді. Бір отар қойдың қыстайғы қиы тау болып үйіліп жатыр. Əр тұста ша- наның шанағы мен қанаты, түбі ойылған бөтелке мен ескі шелек, керзі етіктің қонышы жоқ басы шашылып, онсыз да иесіз қаңырап тұрған қыстауды сұрқайландырып жіберген. Сарсыған саздаудың сасық иіс-қоңысы қолқаны қабады.

Бура маймаңдай басып теректен ырып жасаған науаға барады. Күн көзінде қалып, əбден қаңсып, ырсиып-ырси- ып айырылып кеткен екен. Түндегі нөсердің сарқыны бо- лар, сүтсіз шайдай тобылғы түсті су бір жақ басында іркіліп тұр. Науаның екінші жақ басында ескіден ери-ери əбден қақ болып қатып қалған тұздың жұрнағы бар. Ащылаған түйе мойнын былқ еткізіп босатып, басын науаға тастай салды. Қара май сіңген бе, əйтеуір, сапасызданып бұзылған ащы Бу- раны түшіркендірмеді білем, ернін жыбырлатып, басын ыр- ғап-ырғап жіберді де, пысқырды-ай кеп. Бұдан соң үңірейіп саңырайған қораға бет алды. Түндегі жауын қойбатпақтап тастаған көңнің бетінде қара құрым боп қаптай қонып отыр- ған сарбас шыбындар түйенің жалпақ табаны былш-былш тигенде, жау қуғандай ызың етісіп, екінші бір жерге барып қонысады. Қораның үстіне қалың алабота мен шабата өсіпті. Қыстан қалған сабанның сояулары жатыр. Бура түк таппа- ғандай уықтай мойнын созып, əлгі сояу-сояу сабанды күрт- күрт шайнап біраз аялдады. Енді бір мəурітте желқом қажай- қажай ақ жемін шығарып, артынша ақшулан жүн өсіп, оттың орнындай ойымданған қапталын ағаш үйдің бұрышына үй- кеп-үйкеп алды да, Тасшоқының басына бет түзеді.

Тасшоқының басына бет түзеген Бура алыстан қараған- да, қыбырлап бара жатқан алып қоңыз іспетті, мынау іштен тынып бойкүйез жатқан бел-белестің ендігі бір тіршілігі, бар


үміт-арманы секілді; баяны жоқ екіталай пəнидің уақыт, за- ман ағысына деген ең ақырғы, ең зілді ашу-кегін де сол қара Бура арқалап бара жатқандай еді. Түйе өзінің бұл дəуірге əлі де керектігін, қазіргі қақпай көріп қаңғыруы шаруашылық басшыларының келте ұғым-түсініктері екенін қайдан білсін. Дүлей қысастық əбден меңдеп алған соң, қайтқан көңіл, ке- сапаты мол кекті жүрісті таңдап алған. Туған жер, өскен елге ренжіген хайуан түгіл, ер-азамат та осындай сандалбай қа- шып-пысудың, жорасыз жортудың талай-талай дəмін татқан ғой.

Бура Тасшоқының кезеңіне ілінгенде, күн екіндікке тая- ған. Енді осы кезеңнен төр жайлаудың бергі беті шым-шым- дап басталады да үйір-үйір қарағайды бөктеріп алған сансыз бел-белестер əрмен қарай созылып, мінгесіп-ұштасып кете барады. Төр жайлауда найзадайын шаншылған құзар, шақ- пақ тасты жақпарлар жоқ. Бөртек-бөртек, құрақты дөңдер ғана.

Бураның ұзақ-сонар итің-итің жүріс ала бастаған бойы сергіп салды. Қарайрықтың өзінен-өзі шаптығып, тұлан тұ- тып бұлқына аққан бұлағынан су ішіп алды. Бұлақ бойын қуалай өскен балдырды бытпырлата шайнап, бір сəт тұрған. Бірақ көп аялдаған жоқ. Əр ойпаңда шөп шықпай сарғылт- танып жатқан ескі жұртты, киіз үйдің орнын иіскелеп сəйір жасады. Бұл ескі жұрттан жоқ іздегендей айналсоқтап көпке дейін жырақтана алмады. Ұясына қызара бөртіп бара жат- қан күн де, сай жақтағы құрбақаның шұрылы да, орманды басына көтере əупілдеген елік те – бəрі-бəрі де алаң қыл- ған жоқ. Елпектей басып киіз үйдің орнын иіскелей берді, иіскелей берді. Күнге кеуіп сартап болып қалған ат байлай- тын мама ағаштың басында жарбиған бір-екі қарға отыр еді.


Сендерге не жоқ, құстың қоры, дегендей ұшырып жіберді де, кеңсірігін қасыды.

Қара Бураның есіне əлдене түскендей, артына қайта қай- рылып, ескі жұрттың орнына көз сата тағы да қараған...

«Əнеу, жер ошақтың оты бықсып қайта тұтана бастады, əнеу, бақанға керме тартылды да, бірінен-бірі өтетін он бес ат қа- тарынан байланды, əнеу, көгендегі қозыны қараңыз – қозы- ны; əне, киіз үйден түйеші Əбіш шықты, қолында бұйдасы бар. Бірақ Бура осынау бірсін-бірсін жаңғырып бара жатқан колхозды ауылдан тек қана өз тобын – өз туысын таппады. Əлдеқайдан, қалың қорымдардың арасынан жас ботаның əлсіз үні естілгендей болды». Селк ете қалған Бура танауын жыбырлатып, пысқырып еді, əлгіндегі ғайыптан пайда бол- ған бар көрініс, сыңсыған үн ізім-қайым жоғалды.

Сағыныштай сарғайған ескі жұрт қана жатыр...

Тау іші салқын тартайын деді. Түстіктен майда жел тұ- рып, қызғалдақтың басы изеңдеді.

Бура жайлаудағы ескі жұртты да місе тұтпады. Қоңыл- тақсып шырғалай алмай тау басына тартқан-ды. Жасынан тайраңдап өскен жері ғой; əр бұта-қарағаны, тау-тасы та- ныс; көзге жылы ұшырап тұратын ыстық. Əйтсе де Бура бүгін бір оқыс қимыл жасаған. Жыл сайын үйір-үйір боп топталып кеп, топырлап мəз-мейрам тілекпен емін-еркін аралап жүрсе де, мынау таудың басына шықпапты. Өз қы- зықтары өздерінде: етектің соны оты тұрғанда, тау басынан не алсын. Егер жалғыздық жаныңды жегідей жеп, сүліктей сорып меңдеп алса, адам да өз-өзінен мəңгіргендей албаты лағып, беті ауған жаққа сандала бермей ме? Түйенің басын- да да дəл осындай сарсаң хал бар-тын. Екі тілерсегі талып, мойны үзілердей ұйып тұрса да, бар қуатын тəрк етіп тау


басына шықты. Тау басына шығып еді, ойдағы ел аяғының астында қалды. Əне, бұлтақтай ағып Бұқтырма жатыр. Суы аққұла. Əне, қалың мұнарға шомып туған ауылы, өскен елі жатыр. Бура туған ауылын көптен бері көрген жоқ еді. Бұ- рынғыдай емес бүрісіп, жұтаң тартып кеткен сықылданды. Мүмкін, ауылдың жоқ-жұтаңдығы өзі ішінде тайраңдай ба- сып жүргенде сезілмеген де шығар. Мүмкін, өз көңіліне, боқ жеген иттей қайтқан көңіл күйіне сайып, базарлы ауылдың барын көре алмай тұрған шығар. Бура ой-қырдағы бар əлем- ге жіті, сергек көз тастады. Мойнын созып, төрт құбылаға бірдей үздіге телмірген. Апыр-ай, бұрын неге байқамаған. Мына Ұлытаудың басында көштің сартаптанған жолы бар екен-ау. Бұл – қайдан басталып, қай-қайда кететін жол. Бұл кімнің жолы, ненің жолы, кімдер жүрген жол?

Ғажап-ау, қу-мекиен, иен-тегін таз басты тауда ұзыннан- ұзақ құр жіптей шұбатылып кете берген көштің сілемі бар. Небір ықылым заман өтсе де, көмескіленбей, шөп шықпас- тан сайрап жатқан сүрлеу Бураның бұрынды-соңды көр- ген жолдары іспетті емес, өзгеше еді. Бұл сүрлеумен Бура- ның өзі де, кешегі торғайдай тозып кеткен ағайын-туғаны да жүрген жоқ. Бұл жолмен бағзы дəуірдегі атан-інгендер жүріпті, солар салған жол. Солардың арқа еті арша, борбай еті борша болып, жалпақ табандары сартаптаған жол. Иə, олар сонда да жұмыр басты пенделерге қызмет етіп, жұмыр басты пенделердің қайғы-қуанышын арқалап өтпеп пе еді осы сүрлеумен. Осы сүрлеумен сол өз-өздерімен қырқыса беретін адамдарды талай-талай алып қашқан жау қолына тастамай, анасыз жетім қалған сəбидің таңдайына уыз сү- тін тамызған да, аруағыңнан айналдым, аруаналар, сендер едіңдер ғой.


«Жосылған жол, біз құрыдық, сен қалдың. Бірақ түйе сал- ған, түйеден қалған белгі екендігін ерсі санамай еске алар- мысың...».

Бураның, əйтеуір, бір жері сыздағандай, көз жанары ша- тынап, тау басындағы бағзы көштің жолымен əрі-бері сен- деліп жүріп алды. Тіпті жата қалып аунағысы да келді. Тар- паң-тарпаң таптағысы, жаңартқысы келді ме... Егер үстіне ауыл-аймақтың жүгін түгел артып, мынау қан тамырындай ескі сүрлеумен нелер қиырға тартсаң да миземес едім дегісі келді-ақ. Əттең, дей алмайды ғой хайуан.

Күн ұясына қонып тынған. Бірақ түйе тұрған тау басынан алтын алауын жиып алған жоқ. Маздатады.

Бура көш жолымен сенделіп көп жүрді. Оттауға да зауқы шапқан жоқ.

Бура ескі көш жолын ұзақ, тым-тым ұзақ иіскеді де, есей- ген шағында тұңғыш рет боздады. Ұзақ боздады. Ол бұлай- ша бота шағында ғана бір рет боздаған. Онда да енесін жай- лауға ащы артып кетіп, екі күн зарыға күткенде, қарны аш- қанда боздаған. Сүрлеуді иіскеп, боздап тұрған түйенің көзі- не мөлтілдеп жас іркілді. Бұл да бұдан сандаған жыл бұрын шыққан мөлдір де саф таза көз жасының екінші қайталануы.

...Оның бота шағы тым-тым еркетотай қылықты бастал- ған-ды. Алғаш дүниеге келгенде, мұны енесінен шаранасы кеппей жатып бөлек алып, оң жаққа құрып тастаған қызыл бəтес шымылдықтың ішіне көтеріп кіргізген. Он күн бойы еш аламанға көрсетпей, оңаша ұстаған. Түйеші Əбіштің тар- ғыл қатыны ұзақты күн маңынан кетпей бағып-қаққан. Тыр- тиған бота қарақаттай көзін жаудыратып тəй-тəй басқанда, өзегі түссін деп атан қойдың тегенедей құйрығын ерітіп іш- тіріп еді.


Бота алғаш рет далаға шыққанда, маужыраған маңатты тосырқап тұрмай, əлсіз буындарын дір-дір еткізіп ойнақшып əлінше тыраңдаған еді. Мойнынан құшақтап, басынан си- палаған түйеші Əбіш пен тарғыл кемпірдің қоламтадай ыс- тық қолдары Бураның мəңгі бақи көмескіленбейтін бақытты шағы ғой. Дəурен-ай десеңші...

Түйенің көзінен бұршақтап аққан жас көш жолына сырт- сырт үзіліп түсіп жатқан, түсіп жатқан.

Енесін жонға ащы артып əкеткен түні жаңа ғана аяқтан- ған қара Бура адасып қалып еді. Боз інгенді іздеп боздап жүріп, қайыңды қалың тоғайдың арасына кіріп кетіпті. Ай сүттей жарық болатын. Тағатсыз ұшып-қонған шымшық зəрені алады. Анық қорқыныш билеген бота боздауды қо- йып, бас сауғасына көшкен. Бірақ ұшқалақ шымшық та, жын қаққандай секектей беретін қоян да – тіпті табиғаттың бұрынды-соңды көріп-білмеген небір кереметтері ботаны тым өгейсітпей, таңғажайып түске айналып, ет үйренісіп кетіп еді. Бір мезгілде ботаның қылша мойнына түнгі ауа- ны тілгілей жыланша ысылдап келген қыл арқан оралды да, тегеурінді күшпен жұлқа тартып бұрап түсірді. Бота одан əрі не болғанын білмейді. Алқымынан шеңгелдей қысқан тылсым күштің құдіретіне бағынып, жан тəсілім беруге ырықтанған. Оның есінде қалғаны – мұны тұзақтаған жұм- бақты адамдар Əбіш емес, басқа жұрт екені ғана... есін жиып, көзін ашқанда, əлгі жезтырнақты қолдар ауыртып кеткен мойнын Əбіштің жұмсақ алақаны сипап отыр екен. Құлағы- на тағы да өз иесінің түсінікті күбір-күбір сөздері шалынды.

«...Ботақаным... қайтып қана бауыздамақ сені... сенің жыл- бысқа етің қыстан шығара ма... тас жүректер-ай, ботаның етін жегенше, баланың етін жемеймісің... жауыздар-ай!..».


Түйенің көзінен бұршақтап аққан жас көш жолына сырт- сырт үзіліп түсіп жатқан, түсіп жатқан...

Алыстан талып жеткен түнгі сарын мынау мейіздей қа- тып-семіп жатқан меңіреу тау-тастың бойына қан жүгірт- кендей, жан бітіргендей болды. Тау иығына сібірлеп тұрған қара көк мұнар пердесі де бір сəт желп етіп, желпініп қал- ғандай болды. Бұл – жылқышының айғайы, күзетшінің ай- тағы немесе түн құсының сұңқылы емес, тым-тым биіктен үзіліп естілген əсем əннің екпінді қайырмасы секілді... Түн түндігін дір еткізген мұңды əуез Тасшоқының қыр арқасы- нан шымырлап шығып, мұқым тау əулетін əлдилеп тұр. Үп еткен жел жоқ. Тымық. Сымпылдай ұшқан үйректердің бат- бағы, шегірткенің шырылы, ешкішектің үні жым болған, шерменде əн əуелеген сайын, тұншығып қала береді, құмыға береді. Алтай самалындай қоңыр, əрі майда, əрі мұңды, те- рең тебіреніс, өкінішті қаяуға толы жаяу адамның жайымен шырқап салған əуез даусы іспетті əсем үн. Тау қарауытып жатыр. Тау селт етпестей сілтідей тынып жатыр. Орман тыл- сым, орман үнсіз. Орман үдемелі үнге ден қойған. Орман ой- ланып тұр. Тау... Тəкаппар тау мынау құдіретті үн алдында кербез басын əлдеқашан иген. Мынау мұңды дауыс аза бо- йыңды қаза етеді. Сай-сүйегіңді сырқырата боздаған үн тіпті қарабайыр түйелердің қарапайым боздауындай емес, басқа соны, тың дауыс-тын. Сіз бұл үнді еш əуенге ұқсата алмас едіңіз. Бұл – жүректің, сағыныштың, аңсардың ардақты зары ма... Жо-жоқ. Бұл – ауыр өкпе-наздың, еркеліктің əн- шейін əм зеріккенде шығаратын жарықшақ үні ме... Жо-жоқ. Əлде жоқтау шығар. Олай да емес. Бұл – ертеңгі атар таң- ның бұлыңғыр бұлаң құйрық болашағының түңіліс мұңы. Жан тəсілімі алдындағы, ұрпақтары алдындағы іш құса қай-


ғының шеменделген шерменде запыраны еді. Иə, бұл боз- дау – бірегей əсте қайталанбайтын боздау. Мынау күңірене, зарлана шығып кешкі ауаға шымырлап тарап жатқан үнде

«Елім-айдың» да, «Балталы, Бағаналы ел аман болдың» да,

«Қорланның» да, «Жанботаның» да, тіпті қауқарсыз қағілез əн «Меңдіқыз» бен «Айшажанның» да əуеніне ұқсастығы жоқ, басқа бір құдіретті, тосын күй іспеттес.

Тау қара барқындалып, түн түндігі жабылып келе жатыр еді.

Бура көш жолында сең соққандай сенделіп, түннің бір уа- ғына дейін боздап жүрген...

 

ІІ

Қара Бураның ұдайы бір жыл жоғалуы Қазақбай ауылына өзгеріс енгізген жоқ. Қызылқайыңды мінбелей отырған бір тайпалы ел сонау бір етек-жеңдері жинақы үйіріліп отырған шақтарында, түйе түгіл түйме жоғалса да, əп-сəтте естіп, у ішсең руыңмен дегендей, аттан сала іздеп, ұзатпай тауып алатын. Кейінгі кезде үй санының өрескел көбеюі, шаруа- ның шанағы шалқи молаюы ма, бірі өліп қалса да, араға ай салып есік ашыспайтын қылық пайда болған.

Қара Бураның ұшты-күйлі ғайып болғаны – тек Əбіштің ғана арқасына аяздай бататын. Жасынан түйе бағып үйреніп қалғандығынан ба, осы ауылдан сол ескі көз түліктің қара- сы өшкенде, томырық мінезіне басып, ауыл ағаларын жеті атасынан түсіп сыбап алған. Қайтып жұмысқа да шықпады. Жұмысқа шық деп бригадир өзі іздеп келедімен біраз аялдап еді, тіпті олар мұның ауласының түбімен жүрмейтін болды. Əбіштің жанын қинаған осы жайт еді. Ежелден сүйекке сіңді


қырсықтығы бар қиқар шал төбемді мен де көрсетпейін бұ- ларға дегендей, «сегізкөзім сырқырап жүр», – деп, кəдімгі- дей төсек тартып, саржамбас боп жатып алған. Оқта-текте немересі келіп:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.