Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I 2 страница



– Ата, қара Бура Тасшоқының бауырында жүр дейді. Төр- қуысқа өтіп кетіпті дейді, – деген дүңк-дүңк хабар жеткізе- тін. Өзі іздеп шықсам ба деп те сан рет оқталған. Құрғыр аяқ артар көлігі жоқ болған соң, бөлімше бастықтарына ат сұрап баруға арланып, қорына беретін.

Бірде немересі:

– Ата, қара Бураны қасқыр жеп кетіпті, – деді. Төсектен шаптыға атып тұрған шал шықшытын шатынатып:

– Көкіме, ақырзаманның баласы. Қара Бура екеуміз өз ажалымыздан өлмесек, ит-құсқа жем болмаймыз, – деп қат- ты зекіп тастаған.

Бура бұл шақта Нарынның құмдауына өтіп кетіп еді. Қаңтар айы туып, күн əбден суып алған. Алақаншықтана суси ұйтқыған боран бірнеше күннен бері ішін тартып, ыш- қына соғып тұр. Ықтасыны жоқ ысқаяқ жердің самаладай- самаладай шилері, жел қаққан сайын, мұңлы үн шығарып, ызың-ызың шулайтын. Сиыр таңдайлана күпселеніп қалған күртік қар Бураның жалпақ табаны тиген сайын, морт-морт опырылып сынады. Суық қанша қысқанымен, көпке дейін ырық бермей, сүйекке қарысып жүрді. Көбінесе жер ша- лып, бұта-талдың басын сүзіп қайтатын да, аздап болса да қақтама күнгей дегендей Нарынның теміржол жақ беткейін- де жүретін. Нарынның бұл жағы кең төскей болушы еді, əм- бесінде қалың шилі, тебіндікке шүйгін келетін тепсең.

Сонау бір жылдары осы өңірден кен ашылып, теміржол түспек болғанда, Бура не бары тайлақ еді. Тайлақ əлі жас,


белі кетеді деген жоқ. Мұны да Əбішке ұстаттырып шана- ға үйреткен. Бұл – ағасы Ақбастай емес жуастау болды да, жұмысшы қолына тез көндікті. Теміржолға қажетті құмтас, бөренені, сосын зілдей-зілдей рельстерді сүйреп жанталас- қан. Сонда Қазақбай ауылында ботадан өзге қоқаң еткен түйе қалдырмай, түгелдей дерлік теміржолға айдаған. Сонда қара Бураның ағайын-туғандары аттай бір жыл бойы мынау ұзыннан-ұзақ Шығысқа жарыса жосылып кете берген темір- жолдың ауыртпалықтан қылша мойны талша болып тартқан. Тегінде, мұнан соң түйелер мұндай ауыр еңбекке жегілген жоқ. Ақырғысы еді бұл.

Қара Бура жасынан момындау болды да, пішілмей қалды. Лағнат мұның үлкені еді. Ақпан айы туған сайын, аузынан ақ көбігін ағызып жарайтын. Ал жынданып алса, мынау өңір- дің тайлы-таяғын қалдырмай тырқырата қуатын. Бір жылы февраль айында аса қатты құтырып еді. Ежелден салқын қанды қара Бура Ақбас құсап шаптыға жараған жоқ. Аузы- нан ақ көбігін ағызып, бу-булап өз бетінше тыныш жүретін. Совхоздың бас зоотехигі бұлардың қасынан қаперсіз желе жортып өте бергенде, Ақбас қапелімде тұра қуған. Зоотех- ник аты – дəмелі жүйріктің бірі екен, көпке дейін құйрық тістетпей ұзап кетті. Бірақ екілене өршеленіп алған Ақбас қуып жетуге айналған. Ал қуып жетсе, кеудесімен бір ұрып мұрттай ұшырады да, қос тізесімен езіп, үстіне жатып алар еді. Абиыр болғанда, зоотехник Қарасудың көк тайғақ боп қатып жатқан мұзынан тағалы атпен тасыр-тұсыр құйын- перен шауып өте шықты. Ақбас та қаймығар емес. Көк қасқа мұздан май табаны тайып өте алмайтынын алдын ала сезді ме, екпіндей кеп əнейімен қос тізерлей қалды. Артқы екі ая- ғын талтақ ұстап қос тізерлей қалған түйе, əуелгі екпінімен


арғы бетке зыр етіп өте шықты. Ақбастан мұндай ерен ерлік күтпеген ол жаны шығып орманға қашты. Ол қашып құтыла алмайтын еді. Ақбас бəрібір құтқармас еді. Зоотехник осыны сезді. Астындағы атын сауырына бір сап қоя берді де, бойы көкке тірелген зəулім теректің басына мысықша тырмысып шығып кетті қас қағымда. Ақбас бура терекке кеп ұзақ үй- келді. Көкке қарады. Жынын шашып жер тарпыды. Сосын теректің түбіне жайымен шөгіп, сен шыдасаң мен шыдадым дегендей, жайбарақат күйсеп кеткен.

Əбіш ауырып аудандық ауруханада жатыр еді. Зоотех- никті құтқаратын басқадай лаждың жоқтығы болды ма, Ақ- бас Бураны атып өлтіріп, зоотехникті ағаш басынан түсіріп алған. Ал қара Бура болса мұндай тентектіктен бойын аулақ ұстайды.

Неге екені белгісіз, осы жылдың қаңтар айында бұған да төтенше желік пайда болды. Екі апта қурай басын тісте- мей, өз-өзінен жараған, көзі шелиіп, құрдың артынша қыза- ра беріп айналып шығып кетті. Бір жыл ұдайы жалғыз жү- ріп, əбден іш құса боп жалықты ма, əлде арынды ашудың қысастығына басты ма, тісін қайрап, аузынан дамыл-дамыл ақ көбігін ағызатын. Шолақ құйрығын тағатсыз сабап, екі бұтын кезек қайшылап көбіктендіріп, үнемі буы бұрқырап бусанып жүретін. Басын жерге салмастан қайқайтқан қалпы бу-булап, ертеден қара кешке дейін дамыл таппай безектей береді. Көзіне көлденең көк атты көрінсе, əлдеқашан шай- нап тастар-ды. Өкінішке орай, мынау мекиеннен өзінен бас- қа ұшқан құс, жүгірген аң таппады.

Бура ағасынша жынданды. Бірақ Ақбас атан əншейін пə- туасыз, мұңсыз-қамсыз еріккеннен еркексініп құтырынса, бұл жалғыздықтың зары əбден өткендіктен шамырқанған-


дай, шамданғандай. Бірнеше күн аузына нəр салмағандық- тан шығар – екі көзі шұңғыл тартып, ішіне кіріп кеткен-ді. Қарны қабысқан. Былтырғы жылдың жүні қырқылмай, жаңа жүнмен араласып, иттің құйрығынша сабалақтанып қалған.

Бура, əсіресе, бүгінгі күні ес жия алмай шабынды. Бу-буы да көбейіп аласұрған. Қыстың тұсаудай ғана қысқа күні жаңа ғана көтерілген еді, енді, əне, батып барады. Дала мелшиіп, мəңгі өлі күйге енгендей сарынсыз жатыр. Түндегі итше ұлыған алақаншық боран жаңа ғана толас тауып, сап бол- ған. Шабынған Бура ақ кебінді айқара жамылып, көсіле тү- сіп жатқан даладан қыбыр еткен жан іздеді. Құныға, көзін қарықтыра ұзақ іздеді. Таппады. Шаптығып жер тарпыды. Боздайын деп еді, көмейі көбікке толып, үнін шығара алма- ды. Жылайын деп еді, тулақтай көні кеуіп қалған көз жанары шыланған жоқ. Өлейін-ақ деп еді, көпті көрген көмпіс сірне жан көнбеді. Енді қайтпек? Енді қайда бармақ? Ауылға ма? Құдай көрсетпесін... Ақбастай атып тастар. Атып тастар... Бу-бу... бу-бу... Енді қайтпек – гу-гу... гу-гу... гу паровоздың ышқына боздаған даусын құлағы шалды. Бірақ оны поезд деп ойлаған жоқ. Əйтеуір, дауыс шығады ғой. Таныс дауыс өзі. Бура солай беттеді.

Түтінін будақтатып сонадайдан қарауытқан поезд таңда- йын тақылдатып əлінше ұшыртып келеді. Үстіне тиеп алған ағаш, көмір, темір-терсегі бар вагондар жұлдызша ағып, Бу- раға қатарласа берді. Ұрынарға қара таба алмай, сандалбай күйде жүрген ол поездың өкпе тұсынан атой салды. Тіпті өзінен зор алпауыт күш екенін, қан қақсатып кететінін еске алғысы жоқ. Бар күш-қуатын жиып, мойнын иіп алып тұра шапты. Өлген-тірілгеніне қарамай шапты. Аузынан аққан ақ көбік жерге мұз боп түседі. Қос танауынан буы будақ-будақ


атқылап, тарпаңдап кеп таптап тастамақ болды, мынау зу-зу, гу-гу еткен дəу қараны. Шаптығып кеп кеудесімен бір қо- йып еді, өзін сонадай жерге итше бұрап лақтырып жіберді де, бір қышқырып зытып отырды. Бураның кеуде сүйегінің быт-шыты шықты. Езуінен қанды көбік ағып, біразға дейін тырбаңдап жатты. Бұдан соң аяғын қатты бір серпіп, жан тəсілім берді. Бірақ қазбауыр бұлттар қалқыған көгілдір ас- панның суреті түскен қимылсыз қара көзден жып-жылы жас, таза əрі күнəсіз жас ағып жатты...

Өзегі талып өртеніп жүріп, өрге сүйреп жеткізген бала- ның аяулы анасына қол жұмсағанын көргеніңіз бар ма? «Өз қолыңды өзің кесемісің» деп, іштен егіліп, қорлана жыла- маушы ма еді. Сонда ардақ ананың көз жасын таңдайыңа тамызып татып көрсең ғой. Қара Бураның қазіргі халі дəл осындай еді.

Даланы да бір сəт қайғы басқандай, түйесіз жетімсіреп қалғандай еді. Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі осылай- ша ит жемі болып қазаға ұшыраған.

Төсек тартып жатқан Əбіш шал Бураның поезға ұрынып өлгенін естіген соң, бөлімше басқарушысына барып көлік сұраған.

– Хайуан болса да пайдасы көп тиіп еді. Сүйегін далаға қалдырмай, жеткізіп алайын. Тым құрыса шудасы кəдеге жа- рар, – деп еді, бастық:

– Кісі де өліп қалады. Сол жынды түйені атты үркітіп ауылға əкелеміз бе, – деп міз бақпаған. Меселдесі қайтқан Əбіш шал жүгенін артына ұстап, құр қол келді үйіне.

Бірақ қара Бураны шал ұмытқан жоқ-тын. Қардың шеті тесіліп, күн жылына, немересін ертіп Нарын құмына жаяу аттанған. Түйенің шыбын қонып, саси бастаған денесін жер


қазып көмген. Арқалай келген діңгекшесіне «Бұл жерге поезға соғылып өлген қара Бура көмілді» дегізіп жаздырды да, түйенің басына сайғақ етіп орнатты. Бірақ сиялы қарын- дашпен жазылған немересінің шимайы, екі-үш рет жауын жауған соң, өшіп қалған еді.

Бұл тұстан күніне екі рет өкіріп-бақырып, өз құдіретіне өзі масаттанған поезд өтеді. Сол поездың ішінде рақат əрі жайлы орында тербетіліп отырған пенделер сонау құба бел- де қарайған жалғыз қазыққа көз салмайтын. Көз салса да землемердің орнатқан діңгегі деп ойлар еді. Олар мынау темір жолға, əсіресе, кімнің тері көп төгілгенін білер ме. Олар Қазақбай ауылында көрмеге қояр бір түйе қалмай, құ- рып кеткенін де біле бермейді. Иə, олар бейқам, мұңсыз-қам- сыз өмірде, күндердің күні... қара Бураны да есіне алар...

Бұл тұстан таңдайы тақылдап поезд өткен сайын, бір рет боздап кететін. Əй, ол жер жастанған Бураны жоқтағаны дейсің бе?..

Поезд асығыс зулап барады... Тоқтататын күш жоқ!


 

 

КЕРБҰҒЫ

А-а-у-у-а!

Кербұғы бүгін де су ішкен жоқ. Су ішкісі келген, екі езуін мұз моншақ жырымдаған тау бұлағына ерні тисе болды, өне бойы қалтырап, етпетінен түсердей буын-буыны босаңсыған соң, амалсыз кейін шегінеді. Ындыны кебе үш рет ұмтыл- ды, үш рет те осынау халге душар болып, тартынып кетті. Өзегін өкініш өрті жандырып тұрса да, дəт шіркіннің мынау буы бұрқырап сылқ-сылқ күле ағып жатқан аяқ астындағы суға жетпеуі қалай? Шын қартайғаны осы да... Жо-жоқ, кə- ріліктің ауылы əлі алыс, Кербұғының базарлы өмірі алда, қазіргі əлсіреуі кəрілікке жеңдіргені емес, ұдайы үш күн кү- йектен соңғы шаршауында; олай десек, былтыр неге шар- шамады, алдыңғы жылы ғана бір үйірді он күнсіз шашау шығармай, жалғыз өзі жайғаушы еді; биыл не көрінді бұған; əлде қыркүйектен бастап-ақ ызғарын шашқан жат бауыр күздің сүйек сорар суығына бой алдырды ма, бұл таудың күзін қойып, алты ай сұлап жатып алар аждаһа қысын шы- бын шаққан құрлы көрмей өткеріп жіберер Кербұғы емес пе. Рас, биылғы күз ерте түсіп, сеңдей сірескен қара бұлттармен күн жазғанды тұтқындағалы қашан. Ертеден қара кешке де- йін сол тым аласарып кеткен кейіпсіз аспаннан бірсін-бірсін жаңбыр жауады да тұрады. Ылжырап мазаны алатын жы- быр-жыбыр тамшы елдің де, жердің де шамына тиер еді. Кейде уілдеп сұп-суық жел тұрса, əлгі жетім тамшыларды қиғаштатып, əлдеқайда қаңғытып əкететін. Əбден көндімге


көшкен орман уілдеген суық желге қосылып, ала жаздайғы көрген қызығын сағына ма, белгісіз бір мұңның, белгісіз бір үміттің, болымсыз бір арманның жүдеу жырын гөй-гөйлей- тін. Ал Кербұғы сол салдақы желге артын беріп, ұзақ, тым ұзақ шақыратын үйірді.

– А-а-а-а-у-уу-аааа!

Бұл бедеу үн баяғыдай дүниені дүр сілкіндірер зор бол- мағанымен, тегіндегі тегеурінді дауыстан қалған жұрнақ ай- қай екенін аңғартарлық. Бұрын мынау иін тірескен орман, анау қалғып-шұлғыған қапсағай таулар мен қойнау-қойна- уына қорқыныш паналатқан құз-аңғарлар Кербұғы үнін іліп алып, үздік-создық қайталап, көпке дейін жаңғыртып, даңға- за қуатпен алысқа жөңкіліп, таратушы еді-ау! Нөсер суына тоғайған тоқ күлкі бұлақтан кейін шегінген хайуан біз үшін мəңгі жұмбақ түйсіктің түртпегімен ышқына ауалаған, бі- рақ оның жарықшақтана шыққан əлсіз даусын еш пенде, еш жануар, еш тіршілік естімеген, естімегені керең болып қал- ғаны себепті емес, Кербұғының кетеуі кете əлсірегеніне сай- ған. Иə, баяғыда... бəрі де – баяғының садағасы... Көзден де, көңілден де бұлбұлдай ұша берген қапысыз қайран жастығы тек ендігі сағыныштың сыңсып айтар жырына айналып, қос жанардан жас болып қана сорғалайтын. Əйтсе де, Кербұғы өзін қартайдыға телігісі жоқ, үйірдегі жас маралдардың ұят- сыз қылығы мен биылғы күздің соншалықты сұрқайлығы қа- жытты деп білді. Бұлақтан оқыс шегініп, үйірін шақырған- сымақ болды да (оның дауысы күйекке түсер үннен гөрі жал- ғызсырағанда шығар жан айғайына ұқсап еді), ілби басып тауға беттеді. Қырсыққанда тау да бұрынғыдай емес, заңғар тартып, өсіп-ақ кеткен бе, желі бойы жүргізбей, кеңірдектен сығып алқындырады-ай! Кербұғы басын жерге салып, тағы


аялдады. Кербұғының басын жерге салғаны тағдыр талқысы алдында біржола тізе бүгіп, тек қана аспандап, тек қана ас- қақтап жүретін тəкаппар кеуденің жер болғаны, көбік шашар тентек көңілдің көр болғаны. Ал жылдар бойы мүйізін берсе, сауырынан сипатпаған түз тағысының, осыншалық жуасуы – қор болғаны еді. Бағанағыда ақтық рет айқасқа түскенде, аш бүйірден тиген тонналық соққы енді ғана ауырсынтып, шы- бын жанын шырқыратты-ай. Əлде көз алдында ақырғы рет секіріп билеп кетіп бара жатқан жас марал-қызды енді қай- тып (түсінде, қиялында болмаса) көре алмайтыны, енді қай- тып салмақпен жүріп, сабырмен еркелейтін марал-анаға наз қыла алмайтыны, енді қайтып көре алмасы, ести алмасы көп баянсыз жалғанның тұмбасына шым батқан, тұманына шын адасқаны енді ғана есіне түскендей селк етіп, ұнжырғасын көтерді де, тағы да бір рет жан дүниесін қақырата ышқынды.

– Ааааа, ууууу, аааааа!

Кеше таң алагеуімінде Кербұғы əдетінше маралдарды алдына салып тауға беттей бергенінде, өліспей беріспейміз дегендей басқа бұғылар үйірді шыр айнала қоршауға алып, жібермеп еді. Кербұғынікі – жыл сайынғы жекпе-жекте же- ңіске өзі жетіп, дəнігіп алған менмендік. Күйектің алғашқы кезегі өзіне еңбексіз тимейтінін сезген соң, маралдарды бетімен жіберді де, танауын желдете көкке көтеріп: «Аа- ууаа» деді. Осы үн шығуы мұң екен, бағанадан бері баста- рын кекжеңдетіп, жер тарпып ойқастап жүрген тамам бұғы қаз-қатар болып екіге жарылып тұрыса қалды. Қолмен қой- ғандай тізіліп, қарама-қарсы шеру құрған бұғылар ұлы сап- тың ең басындағы Кербұғыдан ишара күткендей, қасқая қарасады. Барлығының жүрегі дүрс-дүрс соғады, барлығы- ның көзі от болып жанады, барлығының танауы жыбырлап


күйектің алғашқы кезегінен дəметеді. Жырынды Кербұғы- ның бұрынғы мысы басты ма, қарсы алдында тұрған қапса- ғай бұғы тура қарай алмай елегізіп, тіпті бойын билеген жұ- қалаң қорқынышын да жасыра алған жоқ, қаққан қазықтай тізесінен аздап діріл сездірді. Бұл күй Кербұғыда да бар-тын. Дəл биылғы күйек тым қиын тиерін ертеден болжап біл- ген, жылдар жылжып өткен сайын, өзінің де əл-қуаты боп- саланып, кəрілік меңдей бастағанын сезетін. Сондығы ма, таңертең соқталы шайқасқа түспей-ақ, барлық табынды өзімсіне ала жөнеліп еді, нəпсі сақал сыйлатпайды екен, жастау бұғылар өжіректеп бастырмады ғой. Сонсоң ежелі намыс қамшылап, текетіреске жетеледі. Кəрілік құрғырда ұят жоқ екен, дəті алдындағы он екі салалы мүйізді сабалақ жүнді бұғыдан тайсақтады, соңыра шын айқасқа түсіп, ең соңғы екі дəу жеке-дара қалғандай болса қайтер еді? Кер- бұғы тағы да қарсыласына қарады. Бірақ екеуі де іштей сес- кеністерін бір-бірінен жасыра телмірісті де, оқыс шегініп, бар пəрменімен алға атылды. «Сарт!» Бұдан соң ілгерінді- кейінді сарт-сұрттан құлақ тұнарлық еді: тең екіге бөлініп бетпе-бет тұрған бұғылар бұрынды-соңды болып көрме- ген ұлы ұрысты бастап та жіберді. Шаңырақтана бастаған жасқылтым мүйіздер ауаны осқылап, қайыңның безіндей қатып-семген маңдайлар соғылысқанда, жарқ етіп от шық- қандай болады. Өлім мен өмірдің екі арасындағы күйекке алғашқы болып түсу үшін жүріп жатқан майдан – саф ер- ліктің, шын еркектің асқаралы үлгісіндей еді: қолдан мүсін- дегендей қайдиған бастар оқтай атылып түйіскенде, алтын кебісті бір-біріне ұрғандай əсем, əрі аянышты. Алтай күзі- нің ертеңгілік қою тұманы арасында қараң-қараң жүріп жат- қан жекпе-жек тура үш сағатқа созылғанда бəсеңсіді де, тұ-


манмен қоса серпілді. Етегін сүйрете жынысқа сіңіп кеткен тұманнан арылған сары-жасыл алаңқайда тек Кербұғы мен енді ғана күйектің иісі мұрнына келе бастаған Жасбұғы қа- лып еді. Өзгесі жеңіліс тауып, тұманмен қоса орманға босып кетіскен-ді. Жекпе-жек! Кербұғы осы сұрапыл ерліктің үл- гісі жекпе-жектен жаралғанын білетін. Бірақ мұндай теке- тірес сойқан тек бұғыларға ғана тəн қасиет емес, аса ақыл- дымыз деп сезінетін Адамдар арасында бағзыдан бақилық- қа ұласар бітіспес тартыс барын түйсінген жоқ. Адамдар арасындағы жекпе-жек – бұғылар арасындағы жекпе-жек- тен гөрі қанқұйлы: жексұрын тəртіппен өтерін, бұғыларша жылына жалқы рет сынасып, сонсоң сыйласып тату-тəтті ғұмыр кешпей, бір қадалса қан алып қана тынарын жəне де ойлай алмайтын. Рас, Кербұғы түз тағысын не себептен қоршауға ұстайтынын, адамдардың қу мүйізге құты қал- ғандай неге өшігетінін еміс-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүрді... Қайда жекпе-жек болса, сонда əділдік бар. Кербұғы көзі бұлдырағанда барып, шын шаршағанын білді. Осқырынып жер тарпыған Жасбұғының айбаты кіресілі-шығасылы есін қайта жиғызды. Ауыр соқ- қылардан миы айналып кеткен мең-зең басын зорға көтеріп, көзін ашып еді, қарсы алдында қасқая қарап тұрған Жас- бұғыны көрді. Ересен ер-бітімін шиыршық атқызып, ос- қырына ежірейеді. Кербұғы мойын сіңірлерін сəл босатып жіберсе, зіл болып басқан алтын бас сылқ етіп қара жерге домалап түсердей еді, дес берді де, намысқа тырысып қана тегіндегі атақ-даңқын сақтай алды. Əйтсе де қарсыласынан өзінің келмеске кеткен жастығын көріп, екі шықшыты қан қақсап, көзін қайта жұмды. Жер тарпып, айбат шеккен оспа- дар үн шықпаса, осы қалпында шөге түсіп, өліп-ақ кеткісі


бар-тын. Кербұғының əбден жеріне жете əлсірегенін сезе тұра, бүйірден бір нұқып құлатпай, заңды жекпе-жекке ша- қырып тұратын жас талапкердің ұятты қылығы жебеді ме, əлде ата-бабасынан бермен қарай түйіншек, үзіліссіз жал- ғасқан өр кеуде жігер оты қайта тұтанып, кербаққан шар- шасты түре қуып, жанын шабақтады ма, иіле берген басын қаздаңдатып, аспандата көтеріп алды. Сонсоң кіртиген кө- зін шатыната ашып, күндесіне қарады. Сонда да Жасбұғы- дан мол кешірім тілегендей, жаутаңдаған көзі жасаурады-ай:

«бір жолыңды қисаң еді, сенен жеңілетінімді білемін, өмі- рің де, қызығың да əлі алда емес пе? Қи маған осы күйек- ті. Келер күзге жетермін, мүмкін жетпеспін...». Жасбұғы көзі қанталай шегіншектеп, сүзісуге əзірленді. Ендігі сəтте Кербұғының алдында өзі іспетті мүйізді хайуан емес, қол арасын жалаңдатып, қауға сақал шал тұрғандай, ол шал сол арасымен қазір сай-сүйегін сырқыратып, он сегіз тармақты асыл мүйізін кесетіндей, мүйізден шапшыған қып-қызыл қанды қорп-қорп ұрттайтындай, сонсоң сақалы қан-қан бо- лып, бүйірге бір теуіп қоя беретін қатыгез Пенде көлеңдеді. Жылдар бойына сірлене жиналған кегі мол кесепатты ашу, өмір бақида өшпейтін баянды өшпенділік лап етіп тұтанды да, өн бойын өртеп етті; өн бойын өртеп қана өткен жоқ, өне бойын аязды темірмен қарып та өтті; оның тура алдында, құрық бойы жерде ғана ел болмайтын ежелгі жауы, еңселі дұшпаны тұрғандай; өздері үшін қан кешуге түскен бұғы- ларға бірің өліп, бірің қал дегендей қаперсіз жайылып жүр- ген маралдарға жалт етіп оқты көзін ата қарады да, түкті жерді тұяғымен орып-орып жіберді, осқырды; шегінді, анау шақшиған екі көздің арасын тұспалдап найзағайдай атылды.

«Сарт!» Есін жиғанда, өзінің теңселіп құламай тұрғанын, ал


Жасбұғының қисалаң қағып əлдеқайда ұзап бара жатқанын көрді. Сонда ғана көзден ыршып жас шығып, бар даусымен баяғыша, жас шағынша күйек шақырды. Бұл – Кербұғының басқа бұғылардан бөлекше үнін баяндайтын ең ақырғы ша- қыруы еді.

– Ааааааааа, уууууууууу, ааааааааа, ууу!!!

...Осы бір уақиғаны еріксіз есіне алған Кербұғы ұмтылып барып қайыңның сарғая бастаған жапырағын үзіп алды да, талмап оразасын ашты. Тұман əлі сейілген жоқ. Сол тұман- ның ара-арасын тесіп, жетім тамшылар əлі жауып тұр. Ауа аса сызды. Жер-көк шылқыған су. Қайыңға жолап кетіп еді, одан да сау етіп су төгілді. Не нəрсеге сүйкенсең де жылай салады. Үйір өзіне тиген соң, мазаңға жылыстап кеткен бе, Жасбұғының күйекке түскен үні естілмейді. Мынау меңіреу орманда тек Кербұғы ғана жапа шегіп қалғандай, ербең еткен тіршілік иесіз. Үйірден бəрібір айрылып қалған. Сарқынды қуатын жұмсап, иелігіне алған маралдардың бабын табатын дəрмен жоқ та еді. Алжуға айналған кəрі бұғының жеңіске жеткені жас маралдардың қытығына тиді. Шыжбалақтап үйірді тастай қашып еді, Кербұғы мүйіздеп əкеліп қайта қос- ты. Əлгінде ине жұтқан иттей бұралаңдап кеткен Жасбұғы тіпті өлермен-ақ екен, ілбіп үйірдің артынан ерді де жүрді. Кербұғы тап берсе, зытады да, қайта ереді. Ал жас марал- дардың бар ниеті соған ауған, үйір басының көзі тайса бол- ды, шауып барып иіскелесе қалады. Əншейін сүйекке сіңді əдетпен жекпе-жекке түсіп, алқұлымдап жеңіске жеткені болмаса, Кербұғының күйек қайтарар тəбеті де, дəрмені де жоқ-тын. Кəрі көңіл жас иісті көксеп, осы үйірдегі сүмбіле сұлу əрі ең қылықты тентек жас маралға айбарланып көп əу- реленді. Күні бойғы шайқас буын-буынын сарысуландырып



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.