Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 17 страница




не нəрсе аппақ болса, қаралап тастауға, не нəрсе сау-сала- мат болса, жаралап тастауға, не нəрсе адал болса, арамдап тастауға əуес жұмыр басты пенденің өз оңбағандықтарынан ақталар «ақиқаты» əрқашанда дайын: «Жақсылық туғызбай- тын бірде-бір жамандық жоқ. Кездейсоқ оқиға болмайды: бұл дүниедегінің бəрі де – не сынап байқау, немесе жаза, немесе мақтау, күн бұрын болжау». Ал Кербұғының көрген азабын немен иландырар екен. Иə, иландырар дəлел сұра- майтын сырты түк, іші тезек хайуан болған соң, өз тілек- терінің құрбандығына салды да: «Дүниедегінің бəрі де қа- уіпті, бірақ бəрі де қасиетті», – деп, ақыл айтты. Кербұғы құрсаудан босап атыла жөнелгенде, мүйізін шайқамаққа басын ырғап-ырғап жіберіп еді, тоқал басы қаңсып қалған екен. Жан жықпылындағы бағанадан бері жанартау болып жиналған ашуы бұрқ етіп қопарылғанда, алдындағы ағашта көлденеңдей байлаулы тұрған қара қасқа аттың үстінен бір- ақ секіріп басы ауған жаққа лаға жөнелді. Бүкіл адам атау- лыдан безіне, толассыз ұзақ жүгірді. Осы екпінімен лекітіп етпетінен құлағанша безе беруге бел байлаған, бірақ көп ұза- май, тұмсығы даңғарадай қорғанға тірелді. Сол жуан-жуан сырғауылдан қиып жасалған сатының бойын қуалап тағы да жүгірді, таусылар емес, бүкіл тауды айналып бағанағы орнына қайтып оралғанда ғана, өздерінің қоршауда жүреті- нін сезді, сөйтсе бұлар қоршаудың ішінде от оттап, қоршау- дың ішінде су ішеді екен, сонсоң жадыраған жаз таусылып, қылышын сүйретіп қыс келгенде, адағайлатып қуып əкеліп жəне бір тарлау қораға қамайтын. Қыстыгүні сол қораны қақ жарып ағып жататын бұлақтан су ішетін, алдарына шашы- лып тастаған сасықтау сүрлемді еріксіз жейтін. Көктемде қорадан құтылып, шын еркіндікке енді ғана жете берген-


де, міне, тағы да қораға айдап тығып, мүйіздерін сыпырып алады. Бұғылар үшін шын еркіндік мəңгі бақида жоқ екен... Самырсынның түбінде бұйығып жатқан Кербұғы алғаш рет мүйізін кескенде, осылайша еркіндікті аңсап еді-ау. Содан бері қаншама жаз, қаншама қыс өтіп, соншама рет мүйізі- нен айрылды. Ең қызығы, сол күннен бастап мұның мүйі- зін көрген ел қанды көрген қарғадай қарқылдап, бəрінен бұрын станоққа салатын. Жазған табиғат сыйға тартқан он сегіз саланың, тым құрығанда бір рет уағы келіп, мезгілінде өзінен-өзі түскен жоқ... Иə, он сегіз сала – тек Кербұғының маңдайына ғана дарыған бағы мен соры... Иттен қадірсіз боп көп жатты. Іздеп ешкім келмеді. Маусымның дəл ортасында арадай анталайтын адамдар да, күйек басталса, алды-артын орай ырбаң қағатын маралдар да, кеше ғана алып таудың қасат қарын бұған бұздырып, өздері соңынан еретін дос- жаран бұғылар да зым-зия; қолдан қуат, бойдан дəрмен ке- тіп, бақ тайған соң, жалт берісті. Бəрі де опасыз жалған тір- лік екен-ау. Кеше ғана хан көтеріп жүрген ардақ аға майып болып қалғанда, қол ұшын берген ешкім жоқ.

Ең аянышты өлім – есіл ердің елеусіз, бодаусыз жападан- жалғыз өлуі де. Қайран елі, қасиетті жұрты қайда? Шыны- мен-ақ мойнын бұрмастан, күйек қызығын қуып кетті ме? Кербұғы қадірі қашқанын білді. Əсіресе, маралдарға өкпелі. Асыл дəуреннің асып-тасып тұрған шағында маралдар мұны құдайдай көретін. Күйек басталса, өзгеше бір жұмсақ назбен еркелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай- тын-ды. Егер бұта-қараған сыбдыр етіп, нендей қауіп төнген сəт болса, тамам марал шыр көбелек шеңбер құрып, Кербұғы- ны ортаға алатын-ды; ал тар жол, тайғақ кешулерде не алға, не артқа салмай, үнемі қауіпсіз орталарда ұстайтын. Шөп-


тің де, судың да ең сонысына, ең мөлдіріне бастап апарар еді. Қарайғанның бəрінен қызғанысып, қызғыштай қорып жүрген ер бұғы бүгінде қор болып жатқанда, қолтығынан демер кімі бар? Бəрі де алдамшы, қолда бар болғанда ғана қоқаңдап өтер бейбаян, бейберекет тірлік екен... Неге бол- масын зауықсыз Кербұғының даңғырап бос қалған кеудесіне бірсін-бірсін запыран толды. Бір жұтым суға зəру, кепкен өңеш қырнап жөткірінді-ай. Зілдей басқан қорғасын тұман сейіліп, ағаш-ағаштың арасынан күн нұры сығалады. Сонау етекте бұрқырай аққан өзеннің гүрілі естіледі. Тау басына тіршілік ұялатқан. Күн жарықтық жаралы бұғының халін сұрады. Онысына да шүкіршілік, табиғат ием ғана өз жара- тушысын ұмытпайды екен. Кербұғы самырсынның астынан шығып, зеңіген маңдайын шуаққа төседі, сонсоң аса қинала ышқынып еді, даусы қырылдап, өзгеше қорқынышты, əрі келте қайрылды. Өзімен бірге үні де өше бастапты.

– Ааа, ууу, ааа.

Өзімен қоса үні де келмеске кете бастаған Кербұғы со- нау сары жағал таудың ар жағындағы ұшпа басы аппақ қар теңдеп, мұнартқан шоқыға қарады. Сол шоқы мұның қозы- қа шағында тым биік болып елестесе, есейе келе аласарып кеткендей еді; енді, міне, тағы да заңғар тартып аспандап тұр. Сол аппақ шоқы Кербұғының ақ шағыл арманы сияқта- натын: сағынатын, көксейтін, үміттенетін, əйтеуір, түбінде бір тұяғы ілінетініне сенетін. Киын-қыстау мезеттерде көзін жұмса болды, көкше мұнардың арасынан ақ сеңгір арман тауы – Ақшоқы елес беріп, жүр-жүрмен азғырғандай тым алысқа «ауалап» шақыратын. Кейде сол ақсеңгір елесі сұр қасқырға немесе қауға сақал маралшыға айналатын да, Кер- бұғы селк етіп шошынып, қайта көзін жұмбас еді.


Ал Кербұғы зəузатының о бастағы мекені Ақшоқының етегінде екенін білмеуші еді. Иə, ата-баба бұғылар бұдан мың жыл бұрын сол таудың етегін жайлап, əй дейтін əжесіз, емін-еркін ғұмыр кешсе керек. Емін-еркін уаз кешкен бұғы- маралдар құрықты қолды білмей, табиғат сыйға тартқан жас құрақ, жасыл жайлау төсінде шөптің сонысын, судың таза- сын таңдап, бір қиырдан бір қиырға, көңіл шіркін қалаған жаққа жосып, мамырдың барқыт түніне оранып, қаперсіз жусайтын. Кейде толған айдың жаһұт нұрына еркелей жусап жатқан мың-миллион түз тағысы жер қайысқан қалың қол- ды елестетер, сонсоң таң сарғая, тау жазирасын қақ жарып, жұбын жазбастан өрер: өре түрегеліп, өре жөнелген Алтай еркелері ағаш-ағаштың, шоқы-шоқының басында байланып тұрған ақша бұлттарға сіңіп, мəңгілік көзден ғайып болар- дай еді. Кейін бұғылар атамекенін ауыстырды. Сонда ғана олар атамекендерімен қоса туасы еркіндіктерінен де біржола айрылғанын білген. Түкті мүйіздің түбіне сусылдап қол ара тигенде – сол ең асылы, ең қимасы – шын еркіндіктерін де əлдекімдер кесіп алғанын – бақилыққа кесіп алғанын, енді қайтып бермейтінін сезіскен. Иə, бұғыларды байырғы жұрт туған жерінен айырып, мынау аядай өңірге алып келген Адамдар бұл елдің етене түлігі – жылқылардың обалына қалған. Ақ патшаның атына арыз жазып, бар жайылымды кесіп алды да, жылқы баққан жандарды қу тақыр сарғайған сары далаға қуды. Өз мекен жайынан бездірген – өзінің кін- дік кескен жері жарылқамады, бұғы тұқымы сол жылдардан бермен сарқылып-ақ келеді... Кербұғы бойына қайтадан қан жүгіргендей болған соң, бір басып, екі басып қоршауға бет- теді. Əбден суға тиіп, борсыңқырап тұрған ағаш саты бəз қалпында салқын сазарады. Былтыр да сол, биыл да сол, ке-


лер жылы да сол... сол... Кербұғы тұмсығын жасқана созып, танауын үйкеді. Мұрнына күлімсіген өлексі иіс келді. Пыс- қырып басын шайқады. Сонсоң шегініп кейінірек тұрды. Тағы да Ақшоқыға қарап еді, көшкен мұнардың арасынан ақшағала армандай ағараңдайды! Сол жатқан жанды жаннат етер саумал самал есіп, қуатқа қуат, жігерге жігер үстегендей болады. Сол жақтан Кербұғының мұқым ата-бабасын «ауа- лап» шақырып, сойқан ерлік, еңкеймес еңселі тəкаппарлық- қа, көздің жауын алар сұлулыққа еліктіргендей болады. Сол жақта – тек сол Ақшоқының етегінде еркін де елегізусіз то- тай өмір барға ұқсайды. Əттең, мынау өлексе иіс аңқыған қорған болмаса, Кербұғы баяғыда-ақ Ақшоқыға қашып ба- рып, аппақ қарды қаба асап, күтір-күтір шайнар еді. Сонсоң ішін өртеген бар қайғысын, бар өкініш-арманын, жалпы адам атаулыға, тек солар ғана керегіне жаратар от пен оққа деген ашу-ызасын ағыл-тегіл ақтарар... ақтарар... «Айнала- йын табиғат, айналайын еркіндік, айналайын сұлулық», – деп ұзақ айқайлар, айқайлап тұрып зар еңіреп жылар, сонан айға шапшып барып шалқасынан құлап өлер... Бірақ өлгеніне өкінбес... Сатының ар жағында мұз құрсанып, оқшау тұрған Ақшоқы жаралы бұғының көзінен бұлың-бұлың бұлдырап алыстағандай... Кербұғы қаңси бастаған кеудесін қақ айыра шақырмаққа аузын ашты, бəрібір баяғыдағы сырнай үні тар- ғылданып шықты.

– Аааа, уууу, аааа?

Тау жаңғырыққан жоқ, мелшиіп əр тасы көкбеттеніп дүм- білез жатыр. Күн қыза бастады. Көз жасындай мөлдіреп- мөлдіреп жатқан көгенкөз шық күзгі жапырақтан сусып түсіп, тойымсыз жерге сіңіп жоқ болады. Биіктен, тым-тым биіктен қайтқан құстың қош-қош сұңқылы; алыстан, тым-


тым алыстан жас бұғының күйек шақыруы; сай жақтан қос ауыз мылтықтың барқ-барқ етіп өлім бүркіген даусы есті- леді: шағылысады, туады, өлтіреді – осылайша өмір жалға- сады. Өмір отын өшірмей үрлеп, көрігін басып тұрған құ- діретті күшті адамдар, əне, гүр-гүр вертолетке мініп ұшып барады... Осының бəрінен түңіліп, жеріген Кербұғы жара- тылыстың бар қызығын, өз кəрілігіне, қысастанған қырсық мінезінің алай-түлей күлдікөмеш мүшкіл күйіне айырбастап жіберді. Ол төрткүл дүниені де, тамырлай соққан тіршілік- ті де өлердей жек көрді. Жас шағында ессіз жақсы көргенін ұмытты, мəңгіге ұмытты білем, оқыс тəуекелге бел буды. Бұл дүниемен қоштасар ақырғы сəтінде мұң-зармен улан- ған денесін қоршаудың арғы жағында қалдыруға, еркіндік деген ұстатпас сағымды алғаш та ақырғы рет көріп, бұдан соң бақытты сапарға – шексіз еркіндік – өлімге адал ниет, аб- зал жүрекпен аттануға ұлы дайындық жасады. Дел-сал тұла бойын шиыршық атқыза қатайтып, буын-буынын бекітті. Осы жасына дейін батылы бармаған асқаралы ерлік жолы- на жаралы жанын, қаралы жанын садақаламақ. Ер боп туған жазған – ер боп өлмек. Сөйтіп, иісі бұғылардың қасиетті дəстүрі, шырқау биікке өр серпіп өлер ақ көбік асаулық, ке- мерлі менмендік, ақылдан азар кемеңгерліктің ақтық үлгісін көрсетіп барып, батылдық пен тентектікке құмар, өжет жү- регін азаламақ, жерлемек... Сөйтіп, барлығынан: қанағаты жоқ аш көз адамдардың тепкісінен, жас маралдың ермегі мен Жасбұғының мазағынан, еңсегей бойды кеміре баста- ған кəріліктен, еңку-еңку жылдар бойына өзінің маңдайына табиғат жазған ерке еркіндігін қамап келген ағаш сатыдан азаттанбақ... Кербұғы көзінен от шашып, шегіншектеп ба- рып бар қуатымен алға атылды, жаңбырдың суына иі қанып


былпылдаған жерге артқы қос тұяқтың ізін оя тастады да, зу етіп, биік қорғаннан асып-ақ түсті. Өң мен түстің арасын- да ес жия алмай, біраз сілейіп тұрып, өз ерлігіне өзі қай- ран қалғандай секіріп билеп, Ақшоқыға қарай артына қай- тып қайрылмастан тарта жөнелді. Артына қараса, енді ғана тұяғы тиген еркіндігінен айрылып қалардай кауіпті халде кетті. Ақшағыл арман – Ақшоқыға аман-сау жетті де, қарсы алдында тұрған діңгекті иіскеп, жүгіре-жүгіре деміккен та- науын қасыды. Бұдан соң көзіне жас алып тұрып, баяғыша жас шағындағыдай арқырап, таза əрі зор дауыспен күйек ша- қырды.

– Аааааааа, ууууууууу, ааааааааа, ууууууууу, ууууууу! Бұл үнді күллі тау əулеті үзік-создық ұзақ қақпақылдады,

қайталады-ау... Осы сəтте бүкіл өмір «ауа» секілді еді бұғы үшін. Бірақ олай емес екен: жаңадан ғана жетіліп, үлпілдеп тұрған қос мүйіздің түбінен қос оқ сақ етіп тиді де, Кербұғы омақаса құлады. Қайтып тұяқ серіпкен жоқ. Адал да арам өлімге бойұсынып, бостандықты енді ғана сезінген қайран дене суыды, мəңгіге суыды да, шын еркіндікке сапар шекті. Оқ екі жақтан келді. Бірақ екі жақтан да ешкім жоламаған. Оқ иелерінің кімдер екені де белгісіз. Кербұғы сол көк ала діңгектің түбінде, дүбəра алаңда қалды... Ағаш қоршаудың ішінен Жасбұғының рақатқа батқан ессіз үні естіледі.

– Аааааа, уууууу, аааааа, ууууу?

Біреулер айтады: еркіндігін аңсаған Кербұғы тіпті де өл- ген жоқ.

Біреулер айтады: еркіндік алған бұғылар тек қана о дү- ниеде...


 

 

ЖЕСІРЛЕР



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.