|
||||||||||
Пошта» сюжетті-рөлді ойыны«Пошта» сюжетті-рөлді ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - С.Я. Маршак «Пошта», «Әскери пошта»; - С. Михалков «Хат»; - А. Оразақын «Сәлемдеме»; - Ғ. Мүсрепов «Менің кітабым»; - «Простоквашинодағы қыс» мультфильмін көру; - Г. Юдина «Торайдың күні»; - Ю. Тувим «(Барлық балаларға) тығыз шаруа бойынша хат»; Өнімді іс-әрекет түрлері - конверттер, ашық хаттар, бланктер жасау; - компьютерде топтың электрондық поштасын жасау. Балалармен әңгімелесу - «Кто такой почтальон?», «Что он выполняет?», «Необходим ли нам почтальон?». - «Пошташы деген кім?», «Ол қандай қызмет атқарады?», «Бізге пошташы қажет пе?» - «Поштада адамдар не істейді, поштаға адамдар не үшін барады?»; «Электрондық пошта деген не?»; - «Егер осылай болғанда не болар еді...» тақырыбына ой түйіндеу Дидактикалық ойындар - «Кеше, бүгін, ертең»; - «Ассоциациялар тізбегі». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - поштаға саяхат; - «Пошташы» суретін салу. Ата-аналармен жұмыс - саяхатқа шығуға көмектесу. Саяхатқа қатысу. «Пошта» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты: Ойын кезінде балаларға ауыспалы заттарды қолдануды үйрету, өз қиялынан туған жағдаятты түсініп соған сәйкес әрекет ету. Байланыс торабы қызметкерлерінің жұмысымен таныстыруды, пошта қызметшілеріне құрметпен қарауды қалыптастыруды жалғастыру, ойын барысында ересектердің еңбегін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетуді, сан мен санау туралы алған білімдерін қолдануды, заттармен және заттарсыз әрекеттену біліктерін дамытуды, орындалып жатқан әрекеттер туралы айтуды үйрету.
|
||||||||||
|