|
||||||||||
Билайн» Корпорациясы» сюжетті-рөлдік ойыны«Билайн» Корпорациясы» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - К. И. Чуковский «Телефон»; - Н. Н. Носов «Телефон»; - Д. Хармс «Досымен сөйлесу»; - К. Авдеенко «Настя мен ұялы телефон»; - С. Маршак «Өрт». Өнімді іс-әрекет түрлері - «Билайн» бейнебаянын көру; - есеп шоттың, чектің бланкісін дайындау; - жарнама журналдарын көру, бейдждер жасау Балалармен әңгімелесу - «Билайн деген не?», «Ұялы телефон не үшін қажет?»; - «Адамдар неге ұялы телефондарды артық көре бастады?» Дидактикалық ойындар - қазақтелеком (сөйлесу пункті) - туған-туыстарыңа хабарлас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - ұялы телефондар салонына саяхат; - қоршаған ортамен таныстыру «Телефонмен сөйлесу этикеті». Ата-аналармен жұмыс - Билайн фирмасының ұялы нөмірін, визиткасын алып келу; - қалауы бойынша ойынға қатысу; «Билайн» Корпорациясы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты:Балаларға рөлдерді өз беттерімен бөлуді және өзіне бөлінген рөл бойынша әрекет етуді үйрету. Ойын барысында әлеуметтік болмысты көрсету, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін, қызметтестер арасындағы этиканы бекіту, сөйлеу этикетінің дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмысқа кірісуге және сол жұмыс барысында өзіне ұнайтын жағдайларды табуға үйрету, тапсырамның орындалуының сапасын бағалауға үйрету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.
|
||||||||||
|