Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойыны



«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- В. Драгунский «Денистің әңгімелері»;

- Н. Н. Носов «Инкубатор»;

- Н. Н. Носов «Қиялшылдар»;

- Б. С. Житков «Мұздақта».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- зерттеушілер суреттерімен коллаж жасау;

- балалар жиналмалы кітап әзірлеу (баяндамалар оқуға көмектесу).

Балалармен әңгімелесу

- «Зерттеуші деген кім, ол немен айналысады, кім болып жұмыс атқарады, қайда барады, қалай киінеді?»;

- балалармен бірге микроскоппен қарау, ол не үшін керек, оның көмегімен біз қандай жаңалықтар ашамыз;

- балалар энциклопедиясы бойынша — зерттеушілердің жұмыстарының нәтижесі бойынша оларды жазады.

Қарапайым іздеу әрекеттері

- электр театры;

- құпия хат;

- магнитті сынау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- «Кеме неге суға батпайды?» қоршаған ортамен таныстыру;

- «Неге заттар қозғалады?» қоршаған ортамен таныстыру;

- «Кемпірқосақ» сурет салу.

Ата-аналармен жұмыс

- үйлкейткіш әйнек табу және аспапсыз көзбен көре алмайтынымызды назар аударта отырып балалармен бірге ол арқылы заттарды қарау.

 

 

«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойынының

технологиялық картасы

Мақсаты:Алдағы ойынның кезеңдерін алдын ала жоспарлау білім, білігін бекіту. Зерттеушілерге қажетті заттар мен құралдарды, сонымен қатар алмастырушы-заттарды табу. Балаларды рөлдерді бөлуге және өзіне берілгенм рөлдерге сәйкес әрекет етуге үйрету. Ғылыми қызметкерлер туралы, олардың қызықты та қиын еңбектері, еңбектерінің өзіндік жағдайлары туралы білімдерін бекіту. Ойын диалогын үлгілеуге үйрету.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Зерттеу объектіні таңдау. Зертхана құру. Зерттеу жұмысын жүргізу. Суретке, түсіру аралығындағы нәтижелер. Зерттеудің нәтижесін журналған енгізу. Ғылыми кеңес. Зерттеудің қорытынды-сын шығару.      Зертханаға арналған жиынтық. Микроскоптар, үйлкейткіш шынылар, түрлі жәндіктер (пласт-масса). Табиғи материал-дар, стақандар, түтіктер, насос.   Ғылым академиясы директоры рөлінде зертхананы құруға жетекшілік етеді, зерттеу жүргізу үшін объектіні таңдауға көмектеседі. Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдас-тыру.   Академиктер ғылыми кеңесте сөз сөйлейді, баяндама жасайды, шешім қабылдайды. Топографтар карта жасайды, жерді зерттейді, пайдалы қазбаларды табады, зертханаға жібереді. Биологтар жәндіктерді зерттейді, оларды қарастырады, суретін салады, олардың құрылымын-дағы ұқсастықтарды табады. Журналға нәтижелерін жазады. Фото суретшілер қызықты қазбаларды суретке түсіреді. Зерттеушілер комиссиясы: зерттеу нәтижелері туралы журнал дайындайды, суреттер, фото суреттер жапсырады, ғылыми кеңесте баяндамалар дайындайды. Лаборанттар табылған үлгілерді үлкейткіш шыны немесе микроскоп арқылы қарайды, оларды журналға жазады. Жүргізушілер адамдарды қазба жұмыстары жасалған жерлерге тасиды, табылған қазбаларды зертханаларға апарады.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.