Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Цирк» сюжетті-рөлді ойыны



«Цирк» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- Д.В. Григорович «Гуттаперчадан істелген бала»;

- А.П. Чехов «Каштанка»;

- Ш. Перро «Пері»;

- Н. Носов «Тірі қалпақ»;

- Жақан Смақов «Қадам, тағы қадам»;

- В. Драгунский «Шардағы қыз»;

«Алтын ат» - югославия ертегісі

Өнімді іс-әрекет түрлері

- жарнаманың, билеттердің суретін салу, сайқымазақтың костюмін дайындау;

- «Цирк алаңы» әшекейленген өрнекті безендіру

Балалармен әңгімелесу

- цирк — балаларға арналған сауық-сайран;

- Жануарлар – адамдардың досы;

- жануарлар туралы қамқорлық;

- «Цирк деген не?», «Циркке кім қатысады?», «Көріністі тамашалайтындарды қалай атайды?», «Ал көрсететіндерді ше?»

Дидактикалық ойындар

- «Маймылдар»;

- «Сиқырлы қобдиша»;

- «Кішкентай сауыққой».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- «Цирк аңдары» қоршаған ортамен таныстыру;

- «Мен цирктемін» тақырыбына әңгіме құру, тіл дамыту;

- «Цирк қаһарманы» сурет салу.

Ата-аналармен жұмыс

- «Біз цирктеміз!» тақырыбында сабақ туралы ата-аналарға арналған хабарлама парағы.

«Цирк» сюжетті-рөлді ойынының

технологиялық картасы

Мақсаты:Балаларды өздігінен рөлдерді бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету, бір-біріне достық қарым-қатынасына тәрбиелеу. Ойын сюжетіне еден және үстел үсті ірі құрылыс материалдарынан құрастыру білігін қалыптастыру. Балалардың мәдени мекеме және қоғамдық орындарда өзін өзі ұстау ережелері туралы ұғымдарын бекіту. Цирк және онда жұмыс істейтін қызметкерлер туралы білімдерін бекіту.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Билеттер, цирк бағдарламасын әзірлеу. Костюмдер дайындау. Билеттер сатып алу, циркке келу. Атрибуттар сатып алу. Әртістердің қойылымға дайындалуы, бағдарлама құруы. Үзіліспен цирк қойылымы. Суретке түсу. Жануарларды тамақтандыру. Билеттер сату. Көрермендердің келуі. Сайқымазақтардың қойылымы. Үйретілген иттер. Маймылға көмек. Аңдар емханасы.     Афишалар. Билеттер. Бағдарламалар. Костюмдер элементтері. Атрибуттар: шұлықтар, бас киімдер, ысқырықтар, сабын көпіршіктері, «құлақтар», Гирляндтар, сайқымазақ-тың заттары, жалаушалар және т.б. Цирк әртістерінің атрибуттары: канат, шығыршық-тар, шарлар. Грим, косметика-лық жиынтық. Аңдар ойыншық-тары, аңдардың қорегі, ыдыстар, банттар, ленталар. Зембілдер, мал дәрігерінің халаты, дәрі қобдишасы, жедел жәрдем, телефон.     Цирк директоры-ның рөлінде жаңа цирк бағдарлама-сын хабарлайды. Аң үйретушінің көмекшісі рөлінде маймылдың ауырып қалғанын хабарлайды, мал дәрігерін шақырады.     Көрермендер билет, түрлі-түсті бас киімдер және жарқылаған таяқшалар сатып алады. Орындарына отыруға асығады. Қойылымды көреді, шапалақ ұрады. Әртістер өз нөмірлерін көрсетеді. Аң үйретушілер аңтарды қоректендіреді және оларды сахнаға шығуға дайындайды, тарайды, банттарын, ленталарын тағады, атрибуттарды шығарады, белгі береді, иттерді тәтті беріп мадақтайды. Кассир билет пен ойыншықтар сатады. Жүргізуші сахнаға шығады, нөмерді хабарлайды. Сайқымазақтар балаларды күлдіреді, қызықты фокустар көрсетеді. Жылайды, күледі. Мал дәрігері жедел жәрдеммен келеді, маймылды тексереді, жарасын таңады, зембілді әкелуді сұрайды. Маймылды аңдар емханасына алып кетеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.