|
||||||||||
Мектеп» сюжетті-рөлді ойыны«Мектеп» сюжетті-рөлді ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - Л.Н. Толстой «Филлипок»; - С. Маршак «Бірінші қыркүйек»; - Л. Воронков «Құрбылар мектепке барады»; - Қ. Мырзалиев «Әріп»; - З. Александрова «Мектепке»; - И. Тандык «Мектепке»; - Ж. Смаков «Кіші әліппе» - С. Сағынғали «Сабақ әлдеқашан аяқталды». Өнімді іс-әрекет түрлері - топ бөлмесін безендіру (үстелдер, орындықтар – мектептегідей дәстүрлі етіп қою); - қажетті атрибуттарды дайындау. Балалармен әңгімелесу - «Мектеп деген не?», «Мектепке не үшін барамыз», «Сендерді бірнәрсеге үйрететін адамды қалай атайды?». Дидактикалық ойындар - «Әрбір қатардағы қандай сурет артық»; - «Сөзді аяқта»; - «Қимылмен еліктеу, етістіктермен сөздерді кеңейту». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - жақын жердегі мектепке саяхат; - «Мамандықтар» тіл дамыту; - «Аңдарға арналған мектеп» құрастыру. Ата-аналармен жұмыс - үйде ойын (балалардың қалауы бойынша)
«Мектеп» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты:балалардың мектепке, мұғалімнің әрекетіне қызығушылығын іс жүзінде іске асыру үшін жағдай туғызу. Балаларды өздігінен рөлдерді бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету. Ойдағы жағдаятты түсіну және соған сәйкес әрекет ету. Баланың әлеуметтік белсенді саласын және оның ересектер мен балалардың түрлі позицияларда (мұғалім-оқушы-мектеп директоры) орын алатын мүмкіндіктерін айтып мектеп тіршілігі туралы ұғымын кеңейту
|
||||||||||
|