Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойыны



«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- М. Жаманбалинов «Шебер»;

- Г.Х. Андерсен «Патшаға арналған жаңа киім»;

 -Г. Кругляков «Сән»;

- С. Боранбаев «Қолы шебер»;

- «Киімді кім кисе — жүз жыл жасайды» - халық ертегісі;

«Батыл тігінші» - Б. Гримм.

Өнімді іс-әрекет түрлері

- атрибуттар дайындау, тігуге арналған құралдар (машиналар, сантиметр, жіптер және т.б);

- «Сәнді ертегі» шымылдығын безендіру.

Балалармен әңгімелесу

- «Сән – бұл қызық», «Қыздар сияқты ұлдар да сәнгер бола алады», «Сәнгер, ол түрлі киімдер ойлап табатын және оны көрсетілімге дайындайтын адам»;

- Сән көрсету дегеніміз не, оны не үшін істейді?;

- «Сән үлгісін көрсету» бейнеролигін көрсету.

Дидактикалық ойындар

-«Айгүл қуыршағын киіндіреміз»;

- «Маскарад киімін киінген» бұрышыдағы инелер.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- тігін цехына саяхат;

- «Жейде қалай алаңда өсіп жетті» қоршаған ортамен таныстыру;

- «Камзолды сәндеу (киімнің шетіне қазақтың ою-өрнегін құрастыру)» сәндік жапсыру .

Ата-аналармен жұмыс

- саяхат жасауға көмектесу (саяхат жасау үшін демеушілік көрсету).

 

 

«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойынының

технологиялық картасы

Мақсаты:берілген ойын әрекеттер сюжеттеріне сәйкес балалардың топтарға бөліне білу және аяқталғаннан кейін қайтадан бір ұжымға бірігу білігін қалыптастыру. Тігінші, сәнгер, үлгішінің еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу, олардың ұжымдық еңбегі бір адамның ұқыптылықпен еткен еңбегі екіншісінің жұмысына байланысты екендігі туралы ұғымдарын кеңейту. Ойын барысында өлшеу тәсілдерін қолдану туралы білігін дамыту. Диалогпен сөйлеуін дамыту.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Сәнгермен сән үлгісін таңдау және талқылау. Маталар таңдау. Тапсырыс беруді рәсімдеуді қабылдау және орындау. Сән агенттігіне түсу. Сәнгерлер үшін шебер класс. Сәнгерлерге сахналық сөйлеуді, сахнада жүруді үйрену. Сәнді киімдер әзірлеу. Көрсетілім үшін сән үлгісін таңдау. Сәнгерлер-мен жұмыс. Фото суретшілер-мен жұмыс. «Портфо-лио» құрастыру. Сән үлгісін көрсету.     Шымылдық, түрлі өлшемдегі және түстегі маталар, түрлі-түсті жіптер, киімдердің үлгілері, журналдар, тігуге арналған құралдар, билетке арналған касса, билеттер, ақшалар, фотоаппарат-тар, камера, сән үлгілері. Косметикалық жиынтық.     Агент директоры рөлінде тапсырыс берушілермен, сәнгер, сән үлгісі, сән үйлер, сәнді киімдерге тапсырыс беру туралы әңгімелеседі. Сән үлгісі жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің жұмыстарының дұрыстығына көңіл бөледі.   Үлгішілер өлшемін алады, киім үлгісін жасайды. Қабылдаушы әйел тапсырыс беруді рәсімдейді, тапсырысты орындау мерзімін анықтайды. Тігінші тапсырысты орындайды, бұйымның үлгісін алады. Кассир орындалған тапсырысқа ақша алады, билет сатады. Сәнгер дайын бұйымды көрсету үшін таңдайды. Сәнгерлер подиум бойымен жүруге және қызықты сәнді киімдерді көрсетуге үйренеді, сәнді киімдерді көрсетеді. Курьер шақыру билеттерін таратады. Ққонақтар өз орындарына отырады. Бақылайды, қол соғып қошеметтейді. Фото суретшілер қызықты кадрларды жазып алады, сәнгерлерге портфолио жасайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.