Сұрақтар.. Жауаптар.. Сұрақтар.. Жауаптар.
Сұрақтар.
- Осы науқас қанының көрсеткіштерінің қалыпты көрсеткіштерден қандай айырмашылығы бар?
- Осы қан көрсеткіштері иондаушы сәулеленудің әсерінен бодуы мүмкін бе?
Жауаптар.
- Осы науқастың қан көрсеткіштері қалыпты көрсеткіштерден лейкоциттер санының азаюымен, тромбоциттердің азаюымен, ЭТЖ көрсеткішімен айырмашылығы бар.
- Науқастың мамандығы иондаушы сәулеленумен байланысты болғандықтан, қанның осы көріністері адам ағзасына зиянды фактордың әсері болуы мүкін, бұл кезде лейкоциттер мен тромбоциттердің өндірілуі тежеліп, қанның қорғаныстық функциялары бұзылады.
Есеп 5
Әйелде қарын аймағында өткір ауырсыну пайда болғанына шағым жасайды. Ауырсыну тұрақты сипатта болып, қозғалыста және жүрген кезде күшейеді.Пальпация кезінде оң мықын аймағында жергілікті ауырсыну байқалады. Дене температурасының 38,1°С-қа дейін көтерілген. Қан талдауында – гемоглобин-110 г/л, лейкоциттер-14х109/л, ЭТЖ-14 мм/сағ.
Сұрақтар.
- Науқас қанында қандай өзгерістер бар?
- Лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы деген не?
- ЭТЖ дегеніміз не және оның мөлшеріне қандай факторлар әсер етеді?
Жауаптар.
- Науқастың қанында мынадай өзгерістер бар-лейкоциттер санының жоғарылауы, ЭТЖ-ның жылдамдауы, лейкоцитарлық формулада өзгерістер.Осы өзгерістер мен науқастың шағымдары қабыну үрдісінің бар екеніне куә болады.
- Лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы жетілмеген нейтрофильді үлесінің жоғарылауын және аурудың бастапқы кезеңін көрсетеді.
- ЭТЖ- эритроциттердің тұну жылдамдығы, мм/сағ-пен өлшенеді, ЭТЖ-ны анықтау үшін Панченков аспабы қолданылады. Эритроциттердің тұну жылдамдығының өзгеруіне келесі факторлар әсер етуі мүмкін-плазма ақуыздары фракциясының арақатынасының өзгеруі, қанның тұтқырлығымен, эритроциттер санының өзгеруі, температура , айналымдағы қан көлемі, қанның рН-ы.
|