Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жауаптар.. Сұрақтар.. Жауаптар.. Сұрақтар.



Жауаптар.

1. Лабиринттері сақталған децеребрацияланған жануардың басын бір жаққа бүккен кезде осы жақтың жазғыш бұлшықеттерінің тонусын жоғарылататын вестибулоспиналдық жүйенің белсенділігі жоғарылайды.

2. Тоникалық  рефлекстер статикалық және статокинетикалық болып бөлінеді. Статикалық рефлекстер дене қалпын сақтау және тік тұру рефлекстері болып бөлінеді. Статокинетикалық рефлекстер дененің тік сызықты қозғалыс рефлекстері мен айналмалы қозғалыс кезіндегі рефлекстер болып бөлінеді.

3. Тоникалық рефлекстердің орталықтары көпір ядролары мен сопақша мида орналасқан.

Есеп 9

  Қоянға эксперимент жасап, гипоталамус, таламус және торлы құрылымды электрлік тітіркендіру кезінде ми қыртысында өзіне тән электрлік белсенділіктің өзгерулер туындайды.

   Сұрақтар.

1. Гипоталамусты тітіркендірген кезде туындайтын өзгерістер неден құрылады?

2. Таламусты тітіркендірген кезде туындайтын өзгерістер неден құрылады?

3. Торлы құрылымды тітіркендірген кезде туындайтын өзгерістер неден құралады?

Жауаптар.

1. Гипоталамусты тітіркендірген кезде ми қыртысының алдыңғы бөлімдерінде ЭЭГ белсенуінің шектелген жауабы байқалады.

2. Таламусты тітіркендірген кезде біріншілік сенсорлық проекциялық аймақтарда осындай өзгерістер байқалады.

3. Торлы құрылымды тітіркендірген кезде ми қыртысының барлық бөлімдерінде жайылған белсену байқалады.

Есеп 10

Экспериментте жануардың жұлыны кесілген.

Сұрақтар.

1. Жұлындық шок жойылған соң жануарда қандай симптомдар пайда болады?

2. Осы симптомдарың пайда болу механизмі қандай?

3. Сізге жұлынның қандай функциялары мәлім?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.