|
|||
Жауап.. Сұрақтар.Есеп 1 Студент емтихан тапсырып жатыр. Ол өте күшті қобалжып тұр. Ауызы құрып қалған. Сұрақ.
Жауап. Күшті эмоциялық күйзеліс нәтижесінде симпатикалық нерв жүйесі мен симпатоадреналдық гормональдық реттелу белсенуінен сұйық сілекейдің түзілуі мен бөлінуі тежеледі.
Есеп 2 «Ас қорыту» бөлімі бойынша коллоквиум тапсыру қарсаңында қарны ашыққан студент буфетке тамақтануға кіреді. Оқу материалын ойында қайталай отырып, ас қорыту үрдісі 5 сағат барысында жүзеге асатынын, сонан соң тамақпен түскен қоректік заттардың қанға сіңірілуін есіне түсірді. Сұрақ. Неліктен студент 10 минут өткен соң өзінің тойынғанын сезінді, ал 5 сағаттан соң ас қорыту үрдісі орын алып, оның тағы да тамақ ішкісі келеді? Жауап. Ауыз қуысына, өңешке және асқазанға түскен тамақ осы ағзалардағы тиісті рецепторларды белсендірді. Нерв талшықтары бойлап рецепторлардан аффекттік импульсация гипоталамустық « тойыну» орталығына еніп, оны қоздырып, «ашығу» орталығын тежейді. Нәтижесінде тағамдық мотивация сөнеді, тамақтану үрдісі тоқтады. Тойынудың бұндай түрі «сенсорлық» деп аталады.
Есеп 1 Науқас қалқанша без функциясының жағдайын тұжырымын білу үшін эндокринологке барады. Қанның анализінде тиреоидты гормондардың мөлшері азайған. Диагностикалық мақсатта науқасқа тиролиберин енгізілді. Тексеру нәтижесі: тиролиберин енгізгеннен 20 минуттан кейін науқас қанында тиротропин мөлшері 5 есе көбейді, ал 4 сағаттан соң тиреоидты гормондардың (Т3 пен Т4) мөлшері 70%-ға жоғарылады. Сұрақтар.
|
|||
|