|
|||
Сұрақтар.. Жауаптары.. Сұрақтар.. Жауаптар.Сұрақтар. 1. Науқаста пульс толқынының таралу жылдамдығын (ПТТЖ) анықтаңыз және бұл өлшемнің тиісті көрсеткіштерге арақатынасын бағалаңыз : ПТТЖ тиістінің 8Ж+425 (см/с), бұл жерде Ж-тексерілушінің жасы. 2. Адамда пульс толқыны таралу жылдамдығы нені білдіреді? 3. Науқаста ПТТЖ-ның ауытқулары немен байланысты болуы мүмкін? Жауаптары. 1. 633 см/с. 2. Пульс толқыны таралуының жылдамдығы артериялық қан тамырлар қабырғасының тоникалық кернеуі серпімділігінің жағдайын сипаттайды. 3. Науқаста ауытқулар анықталмаған, көрсеткіштер жастық нормативтерге сәйкес келеді. Есеп 4 Науқасқа функциональдық кардиологиялық тексеру жасаған кезде атриовентрикулярлық кідірістің уақыты ұзайғаны анықталған. Сұрақтар. 1. Қандай аспаптық тексеру негізінде осындай тұжырым жасау мүмкін? 2. Көрсетілген деректер қандай анықталған (қандай диагностикалық белгілер негізінде)? 3. Бұл тәсілмен миокардтың қандай қасиетін бағалауға мүмкіндік береді? Жауаптар. 1. ЭКГ-ға негізделген. 2. Р-Q интервалының ұзарғаны. 3. ЭКГ миокардтың қозғыштығын, өткізгіштігін, автоматизмін бағалауға мүмкіндік береді.
Есеп 5 Клод Бернардың тәжірибесінде постганглионарлық симпатикалық нерв талшықтарын (қоянның құлақ артериясын иннервациялайтын) кескен кезде, кесілген жақтағы құлақтың қызаруы байқалған. Кесілген нервтің перифериялық кесіндісін 1-3 Гц жиіліктегі токпен тітіркендіргенде құлақтың реңі қалпына келгені байқалған, ал тітіркендіру жиілігін 8-10Гц-ке дейін жоғарылатқан кезде бозарған (сау құлақпен салыстырғанда). Сұрақтар. 1. Анықталған әсерлер неге байланысты? 2. Эксперимент нені дәлелдейді? 3. Осыған ұқсас әсерлерді парасимпатикалық нервтерді кескенде туындатуға бола ма? Жауаптар: 1. Симпатикалық нервтерден импульсацияның болмауы тамырлардың кеңеюіне әкеледі, ал нервтің перифериялық ұшын тітіркендіргенде тамырдың тонусын қалпына келтіреді. 2. Бұл эксперимент тамыр тонусының негізінен вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімімен қолдау табатындығын дәлелдейді. 3. Көптеген тамырлардың парасимпатикалық иннервациясы жоқ. Парасимпатикалық нервтермен кіші жамбас, ми артериялары және жүрек иннервацияланады. Кескен кезде тамырлар тарылады.
|
|||
|