Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұрақтар.. Жауаптар.. Сұрақтар.



Сұрақтар.

  1. Тексерілушіде қалыптыдан қандай ауытқулар байқалған, оларды қалай дәлелдеуге болады?
  2. Тексеруден алынған нәтижелерден не туралы ойлау мүмкін?
  3. Анықталған ауытқуларды жою үшін тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмі қандай болуы тиіс?

Жауаптар.

  1. Номограммаларды көмегімен дәлдік болуы үшін – Клеменс кестесін пайдаланып, тексерілушінің жынысын, жасын және бойын есепке алып, өкпенің өмірлік сиымдылығы мен Тиффно индексінің тиісті өлшемдерін анықтап, оларды тексеру нәтижелерімен салыстыру қажет. Ересек адамда анатомиялық өлі кеңістік көлемі 120-150 мл-ді құрайды. Тиффно индексінің төмендеген сияқты болып көрінеді (қалыптыда 70-85%).
  2. Бұл алынған нәтижелер тыныс жолдарында обструктивті (шамалы) тарылуы бар екенін көрсетеді.
  3. Орындалған тексеруден тыныс жолдарының тарылуы кілегейдің жинақталуымен байланысты емес екені ( мукоциттердің функциясы қалыпты), тыныс жолдарында бөгде заттар мен өспелер жоқ.. Болжамды себебі-бронх қабырғасындағы тегіс бұлшықеттер тонусының жоғарылауы. Сондықтан, β2-адренорецепторлар арқылы бронхтарды кеңейтетін, препарат тағайындау қажет.

 

 

Есеп 8

Жасы және дене пішіндері бірдей болған екі студентке 5000 м-лік жүгіруден соң сыртқы тыныс алу көрсеткіштері тіркелген. Бірінші студентке тыныс алу жиілігі минутына 40 рет, қалыпты тыныс ауасы -500 мл. Екінші студентте тыныс алу жиілігі минутына 27 рет, ал ҚТА-1200 мл. Екі студентте де өлі кеңістік көлемі 150 мл, қалдық ауа – 1000 мл, ал резервтік дем шығару ауасы – 1500мл-ді құрайды.

Сұрақтар.

  1. Не үшін жүгіру кезінде сыртқы тыныс алу көрсеткіштері өзгереді?
  2. Студенттерде өкпенің желдетілу коэффициенті қаншаға тең?
  3. Қайсы студентте тыныс алу тиімді?


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.