Жауаптар.. Жауаптар.. Жауаптар.
Жауаптар.
- Жарақаттан кейін жұлындық шок өткен соң аяқ қолдардың ерікті қозғалысы жойылады, қаңқа бұлшықеттерінің тонусының жоғарылауы байқалады және кеудемен аяқ-қолдардағы сезімталдықтың барлық түрі жойылады.
- Жұлынның мидың жоғарғы бөлімінде орналасқан бөлімдерімен байланыстары толық тоқтайды.
- Сегментарлық-рефлекстік функциясы өткізгіштік функциясы, жұлын орталықтарының автоматия функциясы.
Есеп 11
Клиникаға сопақша ми құрылымдарына қан құйылған науқас түскен.
Сұрақтар.
- Сізге сопақша мидың қандай негізгі орталықтары мәлім?
- Сопақша ми зақымдалған кезде қандай симптомдар байқалады?
- Сопақша мидың зақымдалу қаупі не болып табылады?
Жауаптар.
1. Жүрек-қантамыр орталығы,тыныс алу орталығы, қозғалыс реакциялары орталығы: құсу, түшкіру, жөтел, кейбір тоникалық рефлекстердің орталықтары.
2. Жүрек-қан тамыр және тыныс алу функцияларының бұзылыстары.
3. Жүректің тоқтауы, коллапс, тыныс алудың тоқтауы.
Есеп 1
Адам кенеттен есінен тайды. Горизонтальды жағдайда жатқаннан уақыт өткен соң зардап шеккеннің санасы қалпына келеді, бірақ шатысып қалады, әлсіздік, бастың айналуы сақталады. Тексеру кезінде тыныс алуы беткей, пульсі әлсіз толған,ЖСЖ-260 рет/мин, АҚ-85/65.
Сұрақтар.
1. Естен танудың мүмкін болған себебі қандай?
2. Кардиогемодинамиканың анықталған өзгерістері неге байланысты болуы мүмкін?
3. Тахикардияны қалайша төмендету мүмкін? Бұл кезде АҚ өзгереді ме?
4. Ұсынылған манипуляциялардың негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатады?
Жауаптар.
- Мүмкін себебі-ұстамалы тахикардия. Осындай дәрежелі тахикардия кезінде диастола кезеңінің ұзақтығы төмендейді және осыған сәйкес қарыншалардың диастолалық қанмен толуы да төмендейді. Жүректің насостық функциясының төмендеуіне ми қан айналымының төмендеуіне және мидың гипоксиясына әкеп соқтырады, осы көрсетілгендер естен танудың себебі болып табылады.
- Артериялық қысым төмендеген кезде тамырлардың барорецепторларынан импульсация азаяды, бұл өз кезегінде өздігінен реттелудің ішкі буынын іске қосады, осының нәтижесінде жүректің қызметі күщейеді.
- Тахикардияны азайтудың қарапайым әдісі көз-жүрек рефлексін (Данини-Ашнер рефлексі) орындау қажет.
- Көз алмаларын басқанда тітіркену гипоталамусқа өткізіледі, сонан соң-сопақша мидың орталықтарына өткізіледі, бұл жерде жүрек ырғағының белсенделігін жоғарылататын төмен бағытталған парасимпатикалық әсерлер туындайды: ЖСЖ төмендейді.
|