|
|||
Сұрақтар.. Жауаптар.Есеп 8 Жануарда эксперимент жасау барысында гемоглобин құрылымының бұзылуына әкелетін гендердің өзгеруі орын алды.Осы кезде гипоксияның белгілері де туындады (ЖСЖ мен тыныс алу жиілігі жоғарылады). Қанға талдау жасағанда эритроциттердегі гемоглобин мөлшерінің төмендегені анықталды.2 аптадан соң қанда эритроциттер мөлшерінің көбеюі, жүрек соғуының жиілігі мен тыныс алу жиілігі қалыпқа келген. Сұрақтар.
Жауаптар.
Есеп 1 Тексерілушіде (55 жастағы ер адам, бойы 180 см) тыныс алу ағзаларының функциональдық жағдайын зерттеу кезінде өкпенің өмірлік сыйымдылығы 4000 мл, Тиффно индексі 60%-ға тең, анатомиялық өлі кеңістік мөлшері 120 мл-ге тең екені анықталған.Қосымша тексерулер кезінде бронхтардың кілегейінде мукоциттердің функциясы бұзылмағаны, тыныс жолдарында бөгде заттар мен ісіктік құрылымдардың жоқ екені анықталған. Дәрігер медикаменттік емдеу тағайындаған.
|
|||
|