|
|||
Сұрақтар.Есеп 2 Эксперименттік жануарда депрессорлық нервтерді кесу нәтижесінде артериялық қысымның тұрақты жоғарылауы орын алады. Сұрақтар. 1. Депрессор нервтерді кесу табиғи жағдайда тууы мүмкін қандай ахуалды модельдейді. 2. Көрсетілген нервтерді сипаттаңыз (орналасуын, физиологиялық маңызын және т.б.). 3. Қысымның жоғарылауы неге байланысты? Жауаптар. 1. Тұрақты артериялық гипертензия кезінде барорецепторлар адаптацияға (бейімделу) ұшырайды, осының нәтижесінде импульстер олардан қантамыр қозғалтқыш орталығына өтпейді де артериялық қысым жоғары деңгейде қалады. 2. Депрессорлық (қолқалық) нервтер: сол жақтағы- орталыққа тепкіш нерв талшықтары мен және қолқа доғасында орналасқан рецепторлардан басталады, оң жақтағы оң бұғанаасты артерияның рецепторларынан басталады. Екеуі де кеңірдек нерві құрамында кезбе нервтердің түйінді ганглийіне, сонан соң сопақша миға барады. Артериялық қысым өзгерген кезде импульстар осы жол арқылы таралады. 3. Барорецепторлардан импульстер берілмеген кезде жұлын орталықтарына әсер ететін кезбе нервтің орталық нейрондары және жасушалары тежеледі. Сопақша ми орталықтарының ілесе қозуы принципі бойынша жүрек жұмысы күшейіп, тамырлардың саңылауы тарылады. Осының нәтижесінде артериялық қысым жоғарылайды.
Есеп 3 26 жастағы тексерілетін ер адамда пульс толқыны таралуының жылдамдығын анықтау үшін қолқа реограммасы және сол білектің реовазограммасы тіркелген. Қолқа аймағындағы электродтар мен білектегі бірінші (проксимальды орналасқан) қос электродтар арасындағы қашықтық 52 см, реовазограмма пульсі толқынының кідіріс уақыты қолқа реограммасымен салыстырғанда 0,05 с құрайды.
|
|||
|