Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жауаптар.. Сұрақтар.. Жауаптар.. Сұрақтар.. Жауаптар.



Жауаптар.

  1. Физикалық жүктеме метаболизм қарқынының ынталандыруымен қабаттасады,

бұл өз кезегінде тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін талап етеді және артық мөлшердегі көмір қышқыл газының шығарылуын талап етеді. Сондықтан екі студентте де гипервентиляция байқалады.

2. Өкпенің  желдетілу коэффициенті ҚТА айырмашылығы мен өлі кеңістік көлемінің қалдық ауа көлемі мен РДША жиынтығының қатынасына тең.

Осылайша, бірінші студентте ӨЖК=(500-150)/(1000+1500) = 0,14; екінші студентте ӨЖК=(1200-150)/(1000+1500) =0,42.

3.Екінші студентте тыныс алу едәуір тиімді.

 

Есеп 9

Адам иіс газымен жеңіл уланған кезде жеңіл түрде бас айналуын және жүрек соғуын сезінеді.

Сұрақтар.

  1. Мұндай құбылыстардың механизмі қандай?
  2. Бұл кезде қанның оттегілік сыйымдылығы қалай өзгереді?
  3. Уланған адамда осы симптомдарды дәрісіз жою үшін қандай жәрдем көрсету керек?

Жауаптар.

  1. Иіс газымен жеңіл уланған адамда пайда болған симптомдар гипоксия әсерінен туындаған, себебі СО гемоглобинмен байланысып, оттегін тасымалдай алмай қалған.
  2. Гемоглобиннің СО-ны байланыстыру қабілеті оттегімен салыстырғанда 200 есе жоғары сондықтан қанның оттегілік сыйымдылығы төмендейді.
  3. СО- мен жеңіл уланған кезде зардап шеккенді таза ауаға шығарса болғаны.

 

 

Есеп 10

Тұмаумен ауырған адамда гомеостаз параметрлерінің өзгеруі орын алады.

Ең алдымен дене температурасы өзгереді.

Сұрақтар.

  1. Оксигемоглобин мөлшері қалай өзгереді?
  2. Сыртқы тыныс алу параметрлері қалай өзгереді?
  3. Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисық сызығы өзгереді ме?

Жауаптар.

  1. Қанда оксигемоглобиннің мөлшері төмендейді, себебі, жоғары температурада гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілеті төмендейді.
  2. Тыныс алу жиілейді.
  3. Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисық сызығы өзгереді, себебі, гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілеті төмендейді, диссоциация жылдамдығы жоғарылайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.