|
|||
Бесінші кітаптың соңы. 48 страница– Сенің аузыңнан осындай мақтаудың шыққаны үшін!– Ақия құюлы бір рюмка коньякты көтеріп салды да көз жасын парлатып жіберіп күлді. Маған бір рюмканы толтыра құйып ішкізіп, – енді ішпей қоя тұралық!– деді. Жаудырай қарап отырып тамақ жегізді. Мұңлы көзінің не дәуір ұзақ қадалғанын өзі сезбегендей. – Періштем!– деп күбірлегенінде өзі селт етіп оянғандай болды. – Мен анау өлексені бір байқап келейін! – Орнынан жас қызша секіріп тұрды. Сыртынан ескі плашын кие сала кілеттен шығып, есігін сыртынан құлыптай жөнелді. Мен терезе алдына бардым. – Құлжан, Құлжан!– деп дауыстап оятқаны естілді. – Тұр, тұр, үйге өрт кетті! – Не, не?... Өзімнің Ақамбысың?... Су қоспай, су қоспай, екі жұтым арақ берші... Құдай үшін! – Тілі сәл күрмеліңкі шықты Құлжанның. Ақия жауап қатпай бірдеме құйып бергендей болды. – Мә!.. Бес-алты минуттай уақыт өткізіп, күле қайтты клетке. – Бүгін сенен бірінші рет өтінейін, не десем де, қалай ишараласам да тілегімді қайтармашы, мақұл ма! – Қолымнан тартып тұрғызды да жетектей шықты. Таңданыспен ілесе бердім. Түн қараңғы, үйлеріне шырақ жағылмаған. Құлжан жатқан үйге кіргізді. Ерінің дәл қасына төсек салған екен, ескі плашты тастай сала жау жағына алдымен өзі жатты да қолымнан тартты. Кек алудың ендігі бір сатиралы дастанын бастамақ екенін енді түсіндім. Қасына құлай кетіп, құша сүйдім. Ол, маңдайымнан бастап тамағыма дейін шөпілдете жөнелді. – Құлжан!... Құлжан!... Ей керең!– дауыстап жұлқылап оятты ерін. Мен тұрып шығып кетуге ыңғайландым да Ақияның өзі тар юпкасын жоғары түре қайырған соң орнығып шешіне бастадым. – Ей, ей Құлжан, бүгін қасыңа жатамыз, разымысың? – Лазы! – тым солғын үн шықты Құлжаннан. – Өз қатынымсың... ғой... осылай бірілге... қасыма... жатса...ңшы... қаталыма!... Алақ... арақ бал ма?... Бал ма? – Бал! – сықылықтап күлді Ақия. – Қазір беремін!... Ақия мені құшақтап өзіне көтере тартқанда Құлжан ұйықтағандай қор ете түсіп еді. Әйелі ыңырсып, мені емірене аймалағанда қорылы өше қалды. – Естімейді!– деді Ақия. – Естісе ести берсін, түсінде көрсін! Неғұрлым!.. Байқасам, өзі мойнын бұрып салып, бір шекесімен Құлжанның құлағын сүзе жорықтап барады екен... Қыза шапқан жүйріктей езулеп, алқынысы үдей түсті. Тәуекел деп қасақана тебіне түстім мен де... Ол ышқына шапқылады. Бір кезеңнен асқандай соза-соза дем тартып тыныстады соңында... Ал, сүю жағынан тіпті, өзінің «неғұрлым» дегеннен де асырып ысқыртты. Бас жағынан Құлжанның көйлегін алып төменгі жағымызға апара бергенінде білегінен ұстай алып едім. Қолымды қағып тастағандай қарсылықпен «қылмыстыларымызды» тазалап сүртті. – Құлжан, мә, бал!– деп дауыстады сонсоң. Менің қарсы үйдегі кереуетке барып жатуымды күбірлеп тапсырды да сол көйлекпен Құлжанның аузын сүртуге кірісті. Еденге түкіре түрегелдім. Ақия Құлжан жаққа қарап жатты. – Арақ ішемісің, енді іш, мә!... Өй, мә, іш деймін! Тіршілігің үшін өзің еккен егіннің өнімі, мұны ішпесең өліп қаласың, мә, іш!... аш аузыңды!... – Ойбай-ай мынауың немене, мынауың! Алақ емес қой! – Ол – дәрі, міне арақ, міне!... «Япырай!»– деп мен қатты күрсіндім. Қарсы үйге кіріп, кереуетіне екпетімнен түсіппін. – «Кек қуған адамның жабайы хайуанға айналуы оп-оңай екен-ау!... Ақия сық-сық күле келіп, есік ілгегін салды үстіме көрпе жапты. Туфлин енді тастап шешініп, өзі де кірді көрпеге. Аймалай түсіп аударып өзіне қаратты. – Не болды, өкпеледің бе маған? – Бүгінгі қылығымыз, кек алудың әуейілік дәрежесінен әлдеқайда асып кетті! – Ие, тәрбиеші мұғалімдік басыма бұл ісім үшін хайуандық қара ноқта кигізсең де заңсыз емес!... Әрқандай бәдік шығармадан да мендей ұятсыз әйел кейіпкер көрмеген шығарсың!... Менің бұл әрекетімді біреуге айтуға, иә, жазуға ұжданың да шыдамас, адамгершілік ар-ұят шегінен аттап кеткенім рас!.. Бірақ, осы қылмысымды, мына ұждансыз жауыз жалақордың махаббат пен сана атаулыға істеген қастықтарын былай қойып, мені малданған малданысына ғана салғастырып көрші жаным!... Нағыз адамға болған осы құштарлық сүйіспеншілігімнің сүртіндісін тартырудан басқа не дауа бұған?... «Ата-бабасы көрмегенді көрсетемін демеп пе едім». Ақияның бұл өрескел ащы әділетіне басқа жауап таба алмай жұмсарып, жай қағида ғана айта алдым. – Ит қауып алды деп өзіміз де сол итше қапсақ, адам болғанымыз ба? – Менің бүгінгі ісім, махаббаттасу мен өштесуге келгенде әйел заттық еркектерден әлдеқайда қабілетті де әділетті екендігін көрсету ғана. Әйелдерді байлаулы малы санап басынатын еркек аз ба, әсіресе арақкештік жалпыласқаннан бері еркектердің не боп бара жатқанын білемісің, менің бұл ісім, сол танымдарын саған шегіне жеткізе масқаралап көрсету ғана. Итше қапқаным жоқ қой! Күліп жіберіп, мен де құшақтадым. – Меніңше, арақ екеуің бірлесіп, мына иттен кектеріңді алып болыпсыңдар, қалғаны болса осы беталысымен өзі-ақ өтеп өлетін болыпты. Енді мұндай өрескел тентектікті қоятын шығарсың? – «Тентек» дедің бе мені? – Екі шықшытымнан екі алақанмен құшып, ойнақы үнмен сөйлеп кетті Ақия. – Бәсе, осылай атап еркелетші, уақыттық болса да ерге мен де бір еркелеп көрейін-дағы!... «Өрескелдігімді» қояйын, мақұл, мақұл! Бірақ, мұндай жұмысыма енді тек екі рет қана рұқсат етсең болды! Менің жаңағы тентектігім, өзімді алқымдап жүрген намыс азабын басу үшін ғана өтілді. Енді сенің кегің үшін бір, Мақпалдың кегі үшін бір «ойын» көрсетемін де сонан соң мұндай ұятсыз масқаралауды мүлде қоямын!... Әлде Мақпал екеуің оның жаласынан көрген азаптарыңды кек көрмейсіңдер ме? – Мұндағы біздің кегіміз ұмтылмас кек болғанымен сенің қолданған жазаң – мұның сүйегімен бірге шығатын мәңгілік жаза болды. Орасан рақымсыздығымен осыныңның өзі үшке есеп! – Сен бұл жазаны рақымсыздығымен ғана өшке есепте ме! Тірі кезінде көзіне бір көрініп қорламасаңдар, кек алу болып есептелмейді. Енді бұған күн аралатып екеуіңді екі рет көрсетемін! Сөйтіп, үш рет «сұмдық түс» көрсін! – Сықылықтап тұншыға күлді Ақия. – Сол «түстерін» мені шақырып алып, сайқалдықпен жорытуы мүмкін. Маған туралап айтудан қорқады. Ол менен, «тастап кетсе, иә қолға алынса қазір күн көре алмаймын» деп қорқады ал мен оның шебер жағымпаздығынан қорқамын. Өмірім зар-мұңмен жалғыздық, ішқысталықпен мағынасыз өтіп кеткендей көрініп, – Ақия солқылдап жіберіп жалғастырды сөзін. – Жындана жаздап жүргенімде келіп, мені үлкен масқарадан сен құтқардың. Енді ғана айығып келемін! – Айықтыру емес, жындандырып алдым-ау деймін сені? Күліп жібердім. – Егер бұл желпінуімді жындану десең де сорың емес, бақыттың жындандыруы болар. – Мұныңды ағаттық санамаймын, тентегім! Қапалықтың қапасына жалғыздан-жалғыз ұзақ қамалған құс та кеңдікке шығып, қанат жаза қалғанда осылай желпінеді. Ал, бүгін көп жұмыс істепсің, шаршаған шығарсың, әңгіме-күлкіге ертең де күн бар, ұйықтап ал! – Ертең күн жоқ! –деп «тентек» тартына күлді. – Ертеңнен бастап үш күнге дейін маңыма жолай алмайсың! – Неге? – Әлгі бір... айлықы... ертең келетін сияқты. – Олай болса... қарманып қал десеңші! Ақия сықылық қақты, тарта берді өзіне... Таң ата клеттегі орныма барып ұйықтап едім. Мақпалым мен Асқарым екі жағымнан құшақтап күлкіге бөледі. Түске жақын ояндым. Ақия жуынып, киім ауыстырып, қуырдағы мен шайын да дайындап болыпты. Қарақшылардың хаупін оған сол шай үстінде ескерттім. Бір тобы мұнда мен келудің алдындағы түнде ғана келіп, ақша боларлық ештеңе таба алмай шыққанын айтты Ақия. Тәуір нәрселерін үңгірге сақтап жүр екен. Тонаушылар Мақұлбектің үйіне, екеуінің де мас болып, соғысып жатқан уақытында басып кіріп, әйелінің алтын сырға, жүзігі мен тойлық киімдеріне дейін ештеңесін қалдырмай жиып әкетіпті. – Қазіргі тонаушылар «қызыл қорғаушы» болып, түстерін бүтіндей өзгертіп келетіндіктен өздерін танып қояды деп қауіптенбейді. Өлтірмейді,– деді соңында. – Бірақ, үйдегі адам санын тексеруді сылтау етіп, санақ кнешкемізді көреді. Сондықтан, басы артық сені ұрысының да бөрісінің де көрмегені жақсы, оны білемін. Олар кіргенше жасырынып үлгересің, қамсыз бол! – Ақия, Ақия!–деп айқайлады Құлжан осы шақта. –Неғып жүрсің, мұнда кел! – Алдына итаяқтарын жайып келіп едім, мына иттің дауысы тірі ғой! – Ақия елеңдей қарады. – Осында кіруді талап етуі мүмкін, үңгірге кіріп тыңда, қақпағы ашық тұра берсін!– дей сала дастарқан мен көрпе–жастықты жиып, клет есігін ашық тастай жөнелді. Үңгір қақпағын алып дауалға сүйеп қойып түстім де үшінші баспалдағынан, үлкен көмірді далдалай баспалап қарап тұрдым. Өлексе Ақияның білегіне сүйене шығып, кішкене балаша есік алдына шаптырды. Бешпетін желбегей жамылып, шолақ штанымен ғана шығыпты. Оң жағына мойын бұрып, клет есігіне ісіп кеткен көзінің қиығымен қарап–қарап қояды. Арақтан ісіп, құрсақ салып, толған тұлыптай домаланып қалыпты өзі. Шұбар жүзі граниттей көкпенбек сұр. – Өй-өй үлкен дәрет, үлкен, осы жерге отыра салайын Ақатай!– деді. – Жүр әрі!– Ақия дәретхана жақты нұсқап итермелегенде домалай қалды. Ақия қайта көтермелеп тұрғызып тәлтіректетіп бұрыштағы дәретханаға әкетті. Талтаңдап қайта оралғанында Ақия оны қасақана клетке қарай жетектеді. Үнсіз келіп клеттің есігін тінте қарап тұрған сұмы жалына жөнелді бір шақта. Қарасам, Ақия қолтығына қысып клетке кіргізіпті. – Енді үңгірге жат, үйді былғап болдың!– деп қатқыл үнмен зекіді. – Ағатай, Ақашым, бүгін тыныштық қой, үңгірге қамай көрме мені, тіліңді алайын, тіліңді алайын!... Ақияның «байы» үйіне қайта кіргенше ышқына жалынды да жер төсегіне қайта орнығып алған соң ер екендігін білдіре шаңғырлады. Терезеден келіп тыңдадым. – Бәйбіше, мұнан соң айтқаныңның бәрін орындаймын. Жалғыз-ақ... ерлі-зайыпты жұбайлармыз ғой! Арамызда татулық болуы шарт екен. Сол үшін бір-бірімізге... әсіресе сыр жасырмайықшы!... Түнде менің қасыма... кімді әкеліп жатқыздың? – Кім келіпті?– деп Ақия ақырды. – Білмеймін әйтеуір... ыңғай жібек киімді, иіс майы бұрқыраған әйелді... сен емессің... саны жуан біреу келіп, аямай еңкілдетті. Менімен қосып... тіпті еденді солқылдатты. Әйелдің... әйел емес, қыз сияқты... құлын дауысын шығарды. Басымды көтеріп қуып жіберейін десем, өзімді соғып кетер деп қорықтым! Ақия қарқылдап күліп жіберді де, тез тиылып, қай уақытта екенін тағы да айқайлап сұрады. – Қайдан білейін, сағатым жоғалған ғой, әйтеуір түнде... Соққыдан мертігіп әлсіреп жатқан кезімде мұншалық басынғанына ызаланып жатып... ұйықтап кетіппін. Бір шақта қарасам жоқ! – Жаның шықсын!– деп шаңқылдады Ақия. – Түн бойы қасыңда мен жатқамын ғой, бірін-бірі осында келіп шыңғыртса, саңырау сен естігенде мен естімеймін бе?... Арам жүрегіңе ұялап алған өз шайтандарың ол! – Жоқ, анық, Құдай біледі ағатай! Тіпті өзімді қызға сүздіріп жатқанын да сездім. Қыздың біз өкше туфлиі тік көтеріліп бұлғаңдағанын да көргендеймін. Байпағы да жалаңаш саны да аппақ. Ал сенде біз өкше жоқ. Қызыл қорғаушыларға өзің тапсырып бергенсің ғой. Біздің қып–қызыл семьямызда ондай «төрт көнеден» ештеңе қалған жоқ қой! Ал, түндегі шайтанның өне бойы түгел шірік көне, шужыңжуий мүлкі! – Сөйтіп кім деп ойладың оларды? –Ақия дауыстап естірте сұрап, рас жауап ала алмаған соң факт көрсете» шабуылдады өзіне. – Түнде іңірде бір құсқаныңнан кейін келіп қасыңа мен жатқамын ғой, өзіңе айқайлап тұрып айтпадым ба! Аузыңдағы құсығыңды сүртіп, шөлдегеніңді айтқан соң су да, арақ та бердім. Төсегіңе тағы да жіберіп қоймауыңды айтып неше рет ояттым ғой, ал кім келеді соның арасында!... Әлде менің өзімнен күмәнданып отырмысың? – Жоқ, жоқ, оллаһи сен емессің, басқа, ыңғай жібек киімді қыз дедім ғой! Сен болсаң, еңкілдеп жылау түгіл елейсің бе ондайды. Тіпті танауының демі борандай соғып ысқырп кетті дедім ғой, шиқылдап бір жолата өліп кете жаздады дедім ғой!... Юпкасын төсіне дейін түріп тастапты, әлгі неме, екі-үш бүктеп аямай ышқынтты. Сен емессің, сен болсаң, үстіңе шыбын қонғандай да сезбей, әдеттегіңше тып-тыныш ұйықтай берер едің ғой! Әсіресе мені сүзгілеп оятатын жынды емессің ғой!... Басқа! Басқа біреулер! Екеуін сен шақырып әкеліп табыстырған екен дедім! – Ей, сен енді маған біреуді-біреуге қамап беретін кезеп деп жала жаппақпысың? Қамап берсем кең үй тұрғанда, басқа жер құрығандай сен пәленің қасына әкеліп жатқызамын ба! – Жоқ, жоқ, оллаһи енді жала жаппаймын Ақатай! Жала жаппаймын, сендім!.. Арақтан есеңгіреп жатып көрген жаман түсім болды!... Соның түс болғаны қандай жақсы! Одан да зорырақ біреу келіп сені бүктесе не оңар едім, тәубә-тәубә!... Болды-болды қойдым!... Таң атқалы осы мәселені шеше алмай қорқып, сенен сұрайын деп арағымды да ішпей қойыппын!– дайын тұрған бір ыдыстағысын жұта салғандай қырылдады. – Әкел тағы бір жұтым берші, көңілім жай тапсын, соның түс болғаны қандай жақсы! – Енді шай ішіп, нан жеп ал, құрғақ іше берсең өліп қалып, мені зарлатарсың!... Мә, тамақтың артынан іш!... Алдымен көйлегіңді киіп ал!... – Мақұл, мақұл!.. Өй мына көйлекке де құсық тиген бе? – Көзіңе де құйылыпты, түнде келіп қасыңа жатқаным сол емес пе!... Үй, қоя тұр десем тағы ішіп алдың ба! – Ендігісін қоя тұрам, Ақатай, қоя тұрайын!– деп Құлжан қырылдады... Ақия үйінен шыға сықылықтап-шиқылдап келіп маған жабыса түсті де ішегі түйілгенше күлді. – Бәрін естідің бе?... Кел енді тамақ жейік, ойынның бірінші көрінісі табыспен аяқтады!..
Тергеушім, сіздің алдыңызда өтірік қоспау жөніндегі антым бойынша, шіріктескен жер асты клубының арсыз сары ойынын да сарапқа салып, жас оқушылар алдында кешірілмес ұятқа қалдым. Бұлай аңқылдата берсем, сіздің көз бен ауыз-мұрныңызға да пайдасы тие қоймас, бұл комедияның екінші, үшінші көрнісі әшкере сөйленбей-ақ қалсын, кешіріңіз! Әйтеуір бірінші көрінісінен артпаса кем түспейтіні белгілі болды ғой. Бұл баян еткенім, төңкерісші саптасыңыздың біздегі махаббатқа жүргізген төңкерісі өзін қандай табысқа жеткізгенін, не ішкізіп, не жегізгенін ұқтырғанымыз ғана. Әрқандай адам не ексе соны ормай ма!... Ал, Ақия өз арызын маған айту арқылы сізге де жеткізіп болды. Осы арқылы бар жайын түсініп болдыңыз. Оны тексеріп, мәселесін шешуден үмітіңіз кесіліп те болды, білем: оны жазаласаңыз да, ақтасаңыз да Құлжаныңыз өледі. Сүйгеннен айрылып, мораль жағынан әлдеқашан өліп болған Ақияға енділікте жалаңыздың да жазаңыздың да өтпейтіндігі, оның төңкерісшіңізді өз қолын былғап өлтірмейтіндігі де, сол төңкерісшіңіздің «қатыны» болғандықтан оның іш киімін қазіргі шақта құлыптай алмайтыныңыз да белгілі. Оның мәселесін осы бойында жауып тастаудан басқа амалыңыз жоқ. Асқынған мерез бұрқырап тасқындап бүкіл қоғамды, тіпті өз мұрныңызды да сасық қанды іріңге бөктіріп жатқанда Құлжанның төңкерістік семьясынан шіріктік түгіл қолаңса иісін сезуіңіз мүмкін бе, сондықтан қылмысымды мен де қамсыз баяндай берейін! Сол құлыпталған кішкене қақпалы үйде мен Ақияны емдеп, Ақия Құлжанды емдеп жата бердік. Мақпалым мен Асқарымнан ешқандай дерек табылмады. Сәбиімнің «әке, әке, жүй-жүй» деп шыралдаған үні тіпті жиы естілетін болды құлағыма. Солардан хабар іздеп Ақия да мен де жорттым. Автобус табылмағанда есек арбамен секектеп кемпір де қаңғырды. Ол, Гүлнисаның бірінші түрмеде екендігін анықтап тапқанымен түрмешілер жолықтырмай, апарған тамағын ғана қабылдапты. Әке–шешесін де көрістірмейді екен. Кемпір білу үшін әдейі Мақпалға деп ұсынған тамағын алмай қайтарыпты. Ол түрмеде ондай есімді әйел жоқ екен. Құлжанның қып-қызыл кінешкелерін түгел алып, Дөрбілжінге сол болып барудың да амалын іздеп көрдім. Бірақ, ол жаққа «төңкерістік қызмет әтіреті» болмаса жалғыз-жарым «қызылды» да жүргізбейтін болып қапты. Сөйтіп, қанша кезгеніммен дерек таппадым. Көшеде өліп көмусіз жатқан, есінен айрылып жынданып кеткен, аяғынан айрылып шоңқиып, белінен айрылып бүктетіліп қалған адамдардан басқа сау таныстарымнан ешкім кезікпеді. Мол қара сақал-мұртын сыпырып тастап, бір күні тақыр иек қызыл қорғаушы, бір күні аппақ мұртты ұраншы болып жантаңдап жүрген Тоқты Баситті ғана танимын. «Не қажет болса үйдегі келініңізге айтып қой!» деп қана жөнелді ол. Ақия екеуіміз екі жақтап жортып, жылт таба алмай жабығып қайтамыз да кеште бас қосып, бір-біріміздің көңілімізді жабдықтаймыз. «Сен келмесең қазірге дейін қападан жынданып, мына итті ажалынан бұрын өлтіріп арандайды екенмін!» деп ол жабысады да, «сен болмасаң, ызаға булығып барып бірдеме істеп қолға түседі екенмін!» деп мен жабысамын. Әлемде бір-бірімізден басқа көңіл жұбатарлық жұбай да дос та жоқ сияқты, тіпті өз десіп кеттік. Уақыт өте келе ол, қуанышын жасыра алмай қолымды құрсағына басып жататын болды. Бірақ, жеміс пайда болғаны өзіне де кейінірек айқындалыпты. Бір күні доқтырхананың әйелдер бөліміне көрініп келіп кешінде бірақ айтты ол табысын. – Бала!... Өз сезуімде де бір айдан асты!– деді. – Одан бері «байыңның»қасына жаттың ба? – Жоға!... Неге сұрадың? – Осы іңірде соныңның қасына жатып қайт! – Қойшы! – Жолықпасаң кімнің баласы демексің оған? – Өзінше жала жаба саламын, һа–һа–һа...а... мас болып алып маған не істегеніңді де білмейсің деп ұрсамын өзіне! – Арамнан болған деп көңіліне бүгіп жүріп, сәті түскенде баламызды тұншықтырып өлтіре салса қайтпексің? Селк ете түсті Ақия, өңі сұрлана қалды да тіземнен басын көтеріп алды. – Рас!.. Өліп қалмаса ондайдан тайынбайды бұл жауыз! – Кілеттен асыға шықты да үйінен бір құмыра қара сұйықтық пен кірлеген ескі киім алып кірді. Дастарқанды асыға жайып шай құйып берді де термосты қасыма қойды. Өзі шешіне бастады сонсоң. Әкелген іш көйлегін кие сала ошақ алдына барды, қара дәріні мойыны мен омырауынан бастап, білегіне, балтыры мен санына, тіпті... бәр жеріне жағынды. Қарап отырмын, аңқиып таңырқап отырмын, ай нұрлы аппақ дене қара сұр бұлт жамылғандай өшкіндеп көгілдір қара сүп-сүркей бірдемеге айнала қалды. Орнымнан ыршып тұрып, қасына бардым. Нафталин бе, пармалин бе, сірке сума, тіпті, шуаш-қолаңса ма... әйтеуір бәрі араласқан бір түрлі жиркенішті иіс мүңкіді. – Мұның не тентегім-ау!... Қасыңа теке болмаса кім жуиды енді? Күлмей, өзі де тыжырына жауап қатты. – Әуелден осы «эстетикаға» үйреткемін оны!... Итті ләззәттандырып дәндетпекпін бе! Бұзауын жанастырмау үшін сиырдың емшегіне өзінің жапасын жағып қоятын кей бір малшы әйелдерінің амалы еді бұл. Сонау үйленген тойынан бастап Құлжанды осындай «сасықтығымен» жирендіріп-түңілтіп келгенін енді түсіндім. – Бәсе, мен келгелі әйелін бір іздемейтіндей бұл итте еркектік жоқпа деп жүрсем, арақтан басқа құмардан осылай жерітіп болған екенсің ғой! Ескі белдемшені өлімге беттегендей көңілсіз киіп, плаш жамылды. – Кешір періштем, балаңның амандығы үшін ғана барамын! – Кебісшең шыға жөнелді. Біраздан соң кілеттен мен де шықтым. Безенуі бұлай болғанда кезігуі тіпті керемет болса керек қой, ішкі есігін ептеп сәл ғана ашып қойып тыңдадым. – Ей Құлжан, Құлжан!– деп құлағына айқайлап жатыр екен. Оянбаған соң шымшып алған тәрізді, шыр еткізді. – Ойбай-ай... не болды, не болды, ә-ә?– деп басын көтеріп алды «байы». – Әйелің барын ұмыттың ба?.. Бүгін еркексіреп келдім қасыңа! – Е, солай ма екен.. бәлем!... Мен... керек пе... екенмін саған?... Қалжыңым ғой... ауру болып... қалдым ғой... әйтпесе... Ақатай, Ақатай, олай көтермеші, жата... жата тұрайыншы!... Ойбай бүйрегім!... Бүйрегім деймін, ақырын!... Үй–үй! ... І,і, енді осылай жата тұрайын!... Әйтеуір үстіңе шықтым ғой... Сәл дем алып... шіркін, бір жұтым арақ!... Осындайда керек екен ғой!... Үнсіз недәуір жатты екеуі. Көрпе анда-санда қымырлап қояды.
|
|||
|