Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Менің мақтанышым – Астанам (Астананың 20 жылдығына орай)



48.Менің мақтанышым – Астанам (Астананың 20 жылдығына орай)

 «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сəән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан əәсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір əәлем емес пе?. 

«Бəәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық əәсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бəәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бəәрі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.Не бары 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын жəәне жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. 

Елдігіміздің еңселі, тəәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мəәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін.

                                                                                                                     

         

49.Табысты болу - адамның бəәсекелестік қабілетінің көрінісі.

    Кез келген адам табысты болғысы келеді. Жəәне бəәсекеге қабілетті болудан да бас тартпайды. Сонда табыс пен бəәсекеге қабілеттілік дегеніміз не? Оны қалай жасауға болады? Өз ойымды фактімен жеткізіп көремін. 

  Бұл терминдер көбінесе бизнес саласында жүрген азаматтарға арналған. Бұл туралы Иманғали Тасмағанбетов былай деген: «Табысты болуы үшін жастар талапты болуы керек. Білімін сағат сайын шыңдап отыруы қажет. Бір мектеп, бір университетпен шектелуді заман талабы көтермейді.» Ал бəәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың бəәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің бəәсекеге қабілеттілігі; салалық бəәсекеге қабілеттік; елдердің бəәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей жəәне сырттай тəәуелділік бар: елдік жəәне салалық бəәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бəәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Президент жаңғыру табысты болу үшін əәрбір азамат өз еліне пайдалы болу керек деп есептейді. Президент табыс туралы тағы былай деген: «Үштұғырлы тіл» жобасының маңызын түсіндірген кезде берілген қазақ тілін — мемлекеттік тілі ретінде, орыс тілін — ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін — жаһандық экономикада ықпалдасудың табысты тілі ретінде үйрену. Аталған үш тілді меңгеру үшін жасалған тең дəәрежедегі жағдайларды жасау, олардың қызмет көрсету дəәрежесінің тең емес екенін, қызмет көрсету жүктемесінің тең емес екенін жəәне, соңында, олардың мəәртебесінің тең еместігін білдірмейді. Менің ойымша, табысқа жету үшін алдымен мақсат қою керек. Содан соң мақсатқа жететін жоспар болу керек. Содан кейін қадамдар жасап, табысқа жетесің. Зор табысқа жеткен кез-келген адам бəәсекеге қабілетті бола алады. Бəәсекеге қабілеттілік дегеніміз – басқа ірі компониялармен дəәрежеңнің тең болуы. Немесе басқа адамдармен бірдей қабілетке ие болуың керек. Басқаша айтар болсақ, сенің қолыңда сені көрсететін затың немесе билігің болуы керек.

    Қорыта келе, қазақтардың барлығы бəәсекеге қабілетті болу керек. Себебі, қазақтар бұған лайықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

50.Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты.        Ұлттық болмыс дегенде бірден көз алдыңа жайлауда тұратын, малын бағатын, киіз үйде тұратын қазақ хандығы кезіндегі қазақтар елестейді. Бір жағынан ойлап қарасаң, қазақтар үшін жанын берген желтоқсан ққрбандары есіңе түседі. Сонды қазақты қазақ қылып тұратын ұлттық болмысы қандай?

  Біріншіден, қазақ тілі – қазақтардың ана тілі, ұлттық болмыстың сипаты болып табылады. Қазақтардың барлығы қазақша білуі керек. ƏӘйтпесе, несіне қазақ болып жүр? Екіншіден, қазақтардың салт-дəәстүрін біліп, күнделікті қолданып, тозығы жеткенін қалдырып отыруы керек. Үшіншіден, киім үлгісі. Меніңше, ұлттық нақыштағы ою-өрнекті күнделікті киімге жапсырып жүрсе несі айып. Төртіншіден, тағы да наурызда жасалатын жəәне ойналатын ұлттық ойындар. Күнделікті болмаса да, анда-санда алтыбақан, бəәйге жарыстырып, ақсүйек тапқанға не жетсін? Қазіргі таңда Қазақстанның кейбір жерлерінде нағыз қазақтарша өмір сүретін кісілер бар. Олар Алтайда, Тарбағатайда, Жетісуда өмір сүретін қазақтар. Ол кісілер қыста саятшылық құрады, ұлттық мерекені тойлайды, ұлттық ойынды ойнайды, ұлттық киім киеді, ұлттық тағамды жейді жəәне заман көшінен қалып жатқан жоқ.

   Елбасымыздың да айтқысы келгені осы. Қазақтарды рухани жаңғырту арқылы ұлттық болмысты сақтау. Рухани жаңғыру аясында Қазақстанда біршама ісшаралар атқарылып жатыр. Мысалы, біз кезіндегі Ахмет Байтұрсынов қалдырып кеткен латын қарпіне көшкелі жатырмыз. ƏӘрі жер-жердежыр мүшəәйралар мен айтыстар өткізілуде. Бұнымен қоса қазақ даласында көкпар, бəәйге, асық ату сияқты ойындар қайта жаңғыруда. Бұның барлығы 2017 жылы 12 сəәуірде шыққан «Рухани жаңғыру» жолдауының жемісі.

  Қорыта келе, «жүз адам бар жерде жүз түрлі пікір бар» демекші өз ойымды айтайын. Егер қазақ жерінде ұлттық болмысымызды жаңғыртатын жобалар көбейсе, орыстанып бара жатқан қазақтар қайта қазаққа айналар еді. Жəәне сол жобаға қатысамын деген қазақтарда кішкене болсын патриотизм болуы керек.   



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.