Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сал-серілердің (əәнші-ақындар) көтерген мəәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.



35.Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дəәйектерге сүйеніп, дəәлелдеп жазыңыз.

Ұлттық əәдебиет сарқылмас қазына. Халқымыздың асыл қазынасының бірі – əәнші-ақындардан қалған поэзия жəәне əәндер тұтастығы.Қазақ музыка өнерінде аттары алтын əәріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан Сал,Ақан сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,ƏӘсет. Солардың бірі – Мұса Байжанұлы. Оның «Ақ сиса» өлеңі бүкіл қазаққа мəәлім.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы күрестің ұраны» деп те аталды. «Бұл өлеі Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз бе?» - деген сұрақ туындайды.

Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайдыүОл өзінің ақынтұқымын əәңгімелеп,домбыра,сырнай,сскрипкасын кезек тартады.Ел назарын бірден Жаяу Мұсаға аудартады. Мұса көп ұзамай беделді «жақсы» атанады.Бұл сол ауылдың жуаны Шорман əәулетіне ұнамайды.Жуандар ішінде пышақ айналмай қояды.Мұса Байжанұлы Шорман əәулетімен болған шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін шығарды.

«Он екі жыл айдадың тобыл жаққа,

Еш болмас,бастан бағын таяр щақта», -деп Мұса Байжанұлы айдауда он екі жыл болғандығын көркем дəәлелдейді. Оның ерекшелігі – өлеңді бар қазаққа түсінікті қара сөзбен, тура мағынада жазады.

«Параны мұнан былай тоқтат,Мұса,

Нашардың жол терісіне өзің сыймай»,- деген өлең жолдарында басты ой жазылған. Біріншіден,мұнда сол уақыттағы əәлеуметтік теңсіздік айқын бейнеленген.Мұстафадай бай феодалдар кедейлерге əәлімжеттік жасайтыны жазылған.Екіншіден.өлең жолдары бұйрықты райда жызалғын. Сондықтан,қазақ халқының əәлімжеттік пен қиянатқа қарсы бағытталған ұраны.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні.Жаяу Мұса өз заманының шындығын нақты жаза білген ақынсазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман əәулетіне бағытталған тоқтау сөз.Қазақ музыка өнерінде аттарға алтын əәріппен өшпейтін таңба қалдырған ақылсөздердің бірі болған.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы кұрес ұраны» деп те атап кеткен.Осындай əәнші ағамызға не жетсін,содан үлгі алып ардақ тұтуымыз керек.

                                               

         

36.Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?Балуан Шолақтың аты аталғанда еске түсетін бір есім бар.Ол – Ғалия.

Ақынның ғашығына арнап шығарған əәніне қатысты жиырмаға жуық сөз мəәтіні бар.

Сол мəәтіндерден Балуан Шолақтың сүйіспеншілік лебі анық байқалады. 

Сал-серілердің əәнмен бірге айтылатын өлеңдері, көбінесе лирикалық сипатта болып келетіні сияқты Балуан Шолақтың «Ғалиясы» да махаббат сырын шертуге арналған.Ақынның бір ғана Ғалияға осыншама өлең арнауы ғашықтық сезімінің шексізсіздігін көрсетеді.ƏӘйтсе де, ақынның қаламының шабытының шарықтауы болған Ғалия, расымене де қандай еді? 

«Ғалия» əәнін тыңдап отырғанда, өткір мінезді сұлу қыздың «нұр сипаты» көз алдыңа келеді. «Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан» деп қыздың бейнесін эпитеттік метафорамен сипаттайды. Өлеңнің қайырмасында келіп, қайталанып тұратын «Ғалия – ау, бетіңнен, ƏӘппақ қардай етіңнен» деген жолдардан сұлу қыздың нұр дидарын үздік теңеумен бейнелегені көрінеді. Осындай көркемсөз айшықтарын ақын өзінің арман – мұратын, іңкəәр сезімін беру үшін шебер пайдалана білген деп ойлаймын. Ғашығының қол жетпес ерекше жан екенін өлеңдегі «айым да сен, күнім де сен» деген метафорамен жеткізсе, қыздың күлімдеп қараған көзқарасына « оң қабағы тартып» қуанатынын айтып, Ғалияны тоқсан құбылтып бейнелейді.

Сонымен қатар, халықтың тұрмыс ерекшелігіне тəән көркем бейнелер де ақын өлеңдерінен орын алған. «Менің көңілім, Ғалия, дауаласын, Ауған түйе секілді бейімдесең» деген жолдар – қазақ ақынының аузынан ғана шығатын бейнелі теңеу. 

Өлеңде сұлу қыздың өзіне ғана тəән ерке қылығын «бір күн ауру, бір күн сау» деген сөздермен көрсете келе, ғашық жігітті сарсаңға салып қойған тəәкəәппар мінезін де бейнелейді. Ақын сүйгенінің бұл мінезіне ашуланбайды. «Бүйте берсең, жүйкемді құрытарсың» дей тұра, «қай қылығын қалқаның ұмытарсың» деп сол еркелігіне сүйсінгендігін байқатады. Алып жүректің Ғалияға арналған іңкəәрлік сезімі əән – өлеңнің өн бойынан есіліп тұрады. 

Қорыта келгенде, сүйгенін əәнге қосу – сал-серілер мен əәнші –ақындардың бір қыры десек, ақын Ғалия бейнесін көркем тіркестермен бейнелейді. Тағдыр екеуінің махаббатын баянды етпегенмен, кейінгі ұрпаққа өлмес мұра ретінде сырлы да сазды əән қалды. Бұндай əәндер қазақ барда мəәңгілік жасайды деген сенімдемін.

                                               

         

37.Сал-серілердің (əәнші-ақындар) көтерген мəәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.

Сал- серілік өнерді халқына өлмес мұра етіп қалдырған əәнші-ақындар – тобы қазақ əәдебиетіндегі біртуар тұлғалар.Олар ақындық пен əәншілікті, сазгерлікті қатар алып жүрген, сегіз қырлы , бір сырлы өнер майталмандары болды.Олардың назарынан ел арасындағы, заман ағымындағы бірде-бір мəәселе тыс қалған емес.Мұның мəәнісі неде?

Бұл сұраққа жауап алу үшін , алдыменен, сал-серілердің көтерген мəәселесі мен қозғаған тақырыптарына талдау жасап көрейік.ƏӘнші-сазгер ақындар ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды қаламына тиек етті.Олардың өздері де сол əәлеуметтік ортаның əәділетсіздігінің құрбаны болған.Сондықтан да, өз өлеңдерінде осы мəәселелерді шыншылдықпен жазған деп ойлаймын.

Біріншіден, сал- серілерге көрегендік қасиет тəән сияқты.Себебі, айналадағы əәлеуметтік теңсіздікті жіті бақылап, түйген ойларын батыл айтып отырғанын көреміз.ƏӘсіресе, Жаяу Мұса, Ақан сері, Біржан, ƏӘсеттің өлеңдерінде анық көрінеді.Жалғыз атынан айрылған Мұсаның жаяу атануы, Ақан серінің айықпас трагедиялық халі, ƏӘсеттің туған жерден жат өлкеге кетуі, Біржанның озбыр болыстың қиянатын көруі көрінісі емес пе?Десе де, əәнші-ақындар жырының күрескерлік мəәні жойылмады деп ойлаймын.Сегіз серінің: «Қолыма ұстап жүрмін ерлік туын, Көзімнен туған өлке бір-бір ұшып, Сағындым көп Есілдің мөлдір суын» деген өлеңінде өмірлік мақсаттың бағдары айқын көрінеді.Сонымен қатар, туған елден артық ештеңе жоғын да аңғартады. Себебі, сал-серілердің көбі қуғын-сүргінге ұшырап, жат елде жүрген.

Екіншіден, сал-серілер адамның еркін өмір сүруі мен бас бостандығын жырлайды.Сұлулық пен махаббатты дүниенің сəән-салтанаты деп көрсетеді. Жақсылық пен жамандықты салыстыра суреттеу де, əәнші-ақындардың қозғаған тақырыптарының өзегі болған.Ақан серінің жеті қыздың сипаты мен жігіттің он үш түрлі қасиетін жеке беруі «Адамның біліміне ақыл серік» деген идеясын ашатындай.

Сонымен қатар, аңшылық, мергеншілік жайлы да жыр еткен.Менің ойымша, қазақ халқының саятшылық өнерін жыр етіп қана қоймай, мықтап сақтап қалған да – осы ақындар тобы.

Қорыта келгенде, əәнші-сазгер ақындардың көтерген мəәселелері əәр алуан.Олар өз заманының айнасы іспеттес болған.Сондықтан да, өршіл, азаматтық сарындағы жырларын жазып қалдырды.Сал-серілер поэзиясы – бүгінгі күннің еншісіндегі асыл мұрамыз!

                 

         



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.