Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





адыр Мырза ƏӘлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дəәлелдеп жазыңыз.



42.Қадыр Мырза ƏӘлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дəәлелдеп жазыңыз.

    Сонау алпысыншы жылдары туған əәдебиетке жаңа бір қуатты толқын басталып, өнер мұхитының көкжиегі кеңейіп сала берген еді. Сол дарын иелерінің бірі – Қадыр Мырза ƏӘли. Оның өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің бірлігінде, ұлттық дəәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында. Қазақ поэзиясының көркемдік дəәстүрінен мол сусындаған ақын өлеңдерінде тың ой, жаңа ізденіс, рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мəәнге айналған ұлттық көркем дəәстүріміз.

     Қадыр ақынның «Домбыра» өлеңінің алғашқы шумағы қанатты сөзге айналып кеткені де белгілі. 

Екі ішектің бірін қатты, бірін сəәл-пəәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!

   Домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екенін Қадыр Мырза ƏӘлі екі-ақ ауыз сөзбен осылайша түйіндейді. Расында да қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі – ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан мəәңгілік тақырып. Қашаған жыраудың «Қолымдағы ағашым – Алып жүрген домбыра. «Домбыра – күнəә» деген сөз – Тек бір айтқан дабыра. Пайғамбарым туғанда, Бесік болған бұл ағаш. Ыбырайым Кəәғбəә салғанда, Мешіт болған бұл ағаш.

Ықырам үйдің алдында, Есік болған бұл ағаш» деп төгілте жырлағаны – домбыра. Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмалары – қазақтың асыл өнері күй мен ұлттық мұрасы домбыраға жырдан қаланған ескерткіш. Одан берідегі Жұмекен: «Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам. Бірі – ұлым, өзіңсің, екіншісі – домбырам», – деп, ұлы мен ұлтының мұрасының қаншалықты ардақты, қаншалықты құнды екенін өлеңі арқылы көрсетеді. Бұл қаламгерлерден өзге де қазақ өлеңінің тарихында домбыраны жырға қосқан ақын көп. ƏӘрқайсысы əәртүрлі стильде жырласа да, ортақ тақырып, ортақ мұңның бір ұқсас тұсы бар, ол – ұлтының ұлы аспабына деген иісі қазақтың құрметі, сезімі мен ойы. 

      Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы əән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дəәлелі. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді ─ деген жолдары осыны айғақтайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.