Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дəәлелдеңіз.



43.Өз өміріңіздегі əәжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған əәже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

ƏӘлемдегі ең мейірімді, ақ ниетті абзал жанның бірі - ақ əәже. Немересін ақ бесікке бөлеп, «Бесік жырымен» əәлдилеген ізгі жандардың өмірдегі орны қашанда бөлек. Осы ардақты əәжелер жайлы талай қаламгер сыр шертті. Сондай бір туынды - М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі. Өлеңді оқи отырып, көз алдыма жүзінен жылулық лебі ескен, көзінен мейірімділік шуағын төккен, басына ақ кимешек киген қарт ана елестеді. Сол Мұқағали əәжесінің бейнесі бүгінгі əәжелер бойынан табыла ма деген ой мені толғандырып та кетті. Осы сауалға өзімше жауап іздеп көрейін.

Алғашқы ойымды əәже мен немере арасындағы үзілмес сезімнен бастағым келеді.

Ол қандай құдіретті сезім десеңші! Бұған дəәлел ретінде: 

ƏӘже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем, - деген ақын сөзін алғым келіп отыр. Бұл сөзден əәжесінен айырылса да, немеренің сарқылмас сағынышы мен махаббаты сезіледі. ƏӘжесінің бұл дүниеде жоқ екендігін білсе де, оны өлді деуге жүрегі қимайды. Иəә, əәркімге де əәже қымбат. Мен де əәжемді жанымдай жақсы көрем. Кішкентай кезімде əәжемнің ертегісін естімей жастыққа басым тимеуші еді. Ешкімге айтпаған сырымды соған айтам, жұбанышты содан табам. Міне, əәже мен немере арасындағы үзілмес сезім деп осыны айтар едім. Өз əәжем мен өзге əәженің ұқсастықтарын іздей келе, əәлемдегі əәжелердің бəәрі бір-біріне ұқсас па деп те қалам. Яғни, əәже тəәрбиесін көріп өскен ұрпақ ұлтының берік тірегі болары анық деп нық айта алам.

Осы пікірімді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын əәжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын» деген сөзімен өрбіткім келеді. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дəәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болатыны сөзсіз. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, ұрпақ тəәрбиесіне көп көңіл бөлмейтін əәжелеріміз де арамызда бар. Жаһандану дəәуірінде кейбіреулер ата-баба бесігін электронды бесікпен алмастыруды ұсынып жүр. ƏӘженің бесік жырын естімей өскен баладан ертеңгі күні ұлтжанды азамат шығуы неғайбыл. Меніңше, бұл - ұлттық тəәрбиеге балта шапқандықтың белгісі. Өкінішке орай, қоғамда кейде олар жайлы кереғар пікірлер де ара-тұра кездесіп қалады. Бұрынғы заман мен қазіргі заманның əәжелерінің арасында алшақтық бар дейді. Сонда қандай алшақтықты сөз етіп отыр? Заман қалай құбылса да, əәже мен немере арасындағы ұлы сезім өз мəәнін ешқашан жоғалтпайды деп ашына айтқым келеді. Ол уəәж жауапкершіліктен қашқан, өз құлқынын ғана ойлағандардікі. Бір сəәт ойланып көрейікші. Бұрын қарттар үйі деген болушы ма еді? Айтуға ауыр тіркестердің бірі. Сол қарттар үйінде көздері жаутаңдап, ұл-қызын сағынышпен күткен қарияларды көргенде, өзіңді қоярға жер таппайсың. Безбүйрек, қатыгез адамдар қайдан шығады екен деген ой туындайды. Олардың орны бұл жер емес қой. Кешегі күні баласы үшін шыр-пыр болып, жар құлағы жастыққа тимей жанталасқан қариялардың орны төр емес пе? Көпке топырақ шашпайын, дегенмен ата-ана қадіріне жете алмаған қатыгездерге өкімет тарапынан бір шара қолдану керек те шығар, бəәлкім. 

Заман өзгеріп, қарыштап дамысақ та ұлттық бейнемізді жоғалтып алмайық, құндылығымызға адал болайық. Түйгені көп қарияларымыз асыл қазына екеніне күмəән келтірмейік. ƏӘженің əәлдиіне қаныққан ұрпағымыздың өрісі кеңейе берсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

44.М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.

Өмірдің мəәні мен сəәні болған махаббат тақырыбын сөз етпеген ақын кемде кем шығар.Соның бірі қара өлеңнің хас шебері – Мұхтар Шаханов. Оның қаламынан туған «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кез келген жастағы адамға ой саларлық үлгіде жазылған деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл шығарманың өзектілігі ғасырлар өтсе де, жойылмақ емес.

Автордың: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады, - деген ойы – ғашықтық сезіміне берген бағасы деп білемін.

 Ақын сезімнің шырғалаңына түсіп қалған жас қыздың оқиғасын өлеңіне арқау ете отырып, ғашықтық сезімнің құдіретін жеткізіп көрсетеді.Өлеңде ақын ғашықтық сезімнің құдіретін неге ашып көрсетті? Кейінгіге үлгі боларлық құнды ой түйінін бергісі келгендіктен деп ойлаймын.

Ақынның: Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. «Жыға алмайды оны жұрттың өсегі. Бұған дəәлел - құдіретті "Қорлан" əәні кешегі- деуі ақынның адамзат атаулының өмірінде болатын қасиетті сезімге ара түсуі сияқты көрінеді.

 Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан əәнімен бір арнаға тоғысады. Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін айтады. « ...Ғашық болып өлу қандай мəәртебе» деген жолынан Тірі күнінде қолы жетпеген арманын мəәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сəәт есінен шығармай көз жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мəәртебе екендігін мен де мойындаймын.

 Ғашықтық сезім дегенде , өз басым аманатқа қиянат жасамау деп ұғамін.Себебі, нағыз ғашықтар бір-біріне уəәде береді, серттеседі.Міне, осы жағдай ақынның өлеңінде де белең береді. Естайдың елу бір жыл қолында шабыт берген жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.Міне, осы тұсы нағыз ғашық жүректің сертке беріктігін көрсетпей ме?

Қорытындылай келе, ақын жүрегінің ғашықтық сезімін осынша шабытпен жырлауының себебі , сүю бақытының кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екендігін түсіндіруінде деп ойлаймын.Сондықтан да, ғашықтық сезімнің қадіріне тіріде жете берейік дегеім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

45.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дəәлелдеңіз.

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан? Бұл өзекті мəәселе болғандықтан,жан-жақты талдауды қажет етеді.

  Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рəәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тəәуелсіздігіміздің негізі де осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста алаштың серкелері – ƏӘлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлын тілге тиек ете аламыз. 

 Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары: бірінші – ұлттық болмысымызды сақтау, тəәуелсіз ел болу; екіншісі – ұлттық тарихымызды ұлықтау; үшіншісі – туған тіліміздің мəәртебесін көтеру. Оған дəәлел ретінде қозғалыс көшбасшысы ƏӘ. Бөкейхановтың жобасы бойынша, мемлекет толықтай экономикалық тəәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х. Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дəәлелі – бүгінгі таңда мемлекетіміз тəәуелсіз ел болып, 20 жыл ішінде əәлем таныған, мойындаған ел болдық.     Н.Назарбаевтің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жəәне осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының жалғасқандығын айтады. Менің пайымдауымша, Елбасы Алаш зиялылары арманын іске асырды. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тəәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл əәлемді мойындатуы. Өз тіліміз, дініміз бар. Алаш арманы – бүгінгі Тəәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз, əәрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тəәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз.

Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дəәлелі - Мəәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол əәрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.