Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын ойлайтын батыр екенін дəәлелдеп жазыңыз.



41.Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын ойлайтын батыр екенін дəәлелдеп жазыңыз.

Кеңес дəәуіріндегі халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен тығыз байланысты. Өйткені ақын – суырыпсалмалық өнерді біздің заманымызға жеткізушілердің бірі ғана емес, өзінің қайталанбас дарынымен сол дəәуірдің өміршеңдігін жазба поэзиясы дамыған дəәуірде де таныта білген жүйрік ақын. Жамбылдың эпикалық жырау ретінде халыққа танытқан шығармаларының бірі – «Өтеген батыр». Дастанның басты кейіпкері Өтеген қандай батыр?

Жырдағы Өтеген – халық ішінен шыққан қаһарман. Ол үнемі халықпен, өзінің жауынгер серіктермен ақылдасып отырады. Бұл тұста ақын: Жинап алып нөкерін, Жарқылдады ол қырандай.

Батыр барлық халықпен

Ақылдасты ұрандай, -

деп жырлайды. Өтеген батыр өз халқының қамын ойлап жер кезеді. Ел-жұртына жйлы қоныс іздейді. Шығысқа да, батысқа да барады. Қасындағы жауынгерлермен талай азап, қиыншылық көреді. Сонда да шыдас береді. Серіктерін төзімділікке шақырады. Халық мүддесі үшін мақсат-мұратқа жететініне сендіреді. Сөйтіп оларды жеңіске үндейді. 

Қара қазан, сар бала

Қамы үшін қамдана, Қонысқа жер іздейді. Мен табамын, табамын, Бұлақ аққан жерлерді. Көгі көктем, гүл жарып, Құрақ атқан жерлерді.

Төрт түлікке ыңғайлы,

Толқын көлі, тоғайлы,

Көгінен набат, жерден нұр Құлап жатқан жерлерді.

Жұт болғызбай, құт қонғызған,

Қой үстінде бозторғай

Жұмыртқалап, бақ қонған,

Сүйікті қазақ халқына

Ұнап жатқан жерлерді...

     Сонымен бірге дастан ел аузында аңы түрінде айтылып жүрген мифтік элементтерге де бай. Өтеген батыр қазақ даласының батыс жағын аралай жүріп Ақтөбе өңіріне жеткенде, алдынан айдаһар, абжылан, жезтырнақтар шығады. Ондай тағы дүлей күштермен арпалысып, оның бəәрін де жеңіп, өзінің жігіттерін аман сақтап қалады. Мұның бəәрі Өтегеннің батырлығын, ақыл-айласының басым екенін бейнелеу үшін алынған суреттеме тəәсілдер.

    Қорытындылай келе, Жамбыл Алланың өзіне дарытқан өнеріне, өлеңіне, жырына сенеді, уытты сөзіне арқа сүйеді, сол арқылы айбат шегеді, айбар көрсетеді. Ол өзінің орынды жырларында: «Сөзім – жалын, домбырам – найза» деп термелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.