|
|||
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің əәлсіздігін талдап жазыңыз.29.Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан əән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз. Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны, аудармашысы болып табылады. Ұлы ақынның «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» деген ұлы өлеңдері көптің көңіліне ой салатын өлеңдері болып табылады. Бұл өлеңдер талдауды қажет етеді. Бірінші «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіне талдау жасап көреді. «Құлақтан кіріп, бойды алар...» Абайдың өлең, əән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған əәбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, əән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тəәржімаланып алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы. Ал «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңіне де кезек келді. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем əәдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың əәлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ең алдымен бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары, əәлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мəәнді əәрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді.Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дəәлелдейді. Мұсылманшылықұғымынша еңбеделді деген жайларды дəәлелдейді. Тəәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздықетуші əәулие ғұламасы –бəәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нəәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Қорыта келе, Абайдың бұл өлеңдері қазақ əәдебиетінің төрінен ойып тұрып орын алды.
30.А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дəәлелдеп жазыңыз. «Адамзаттың Абайы» атанған хакім , дана да, дара ақын, ойшыл Абайдың артына қалдырған мұраларының бірі – қара сөздері.Абайдың қара сөздері күллі адамзат баласына арналған.Себебі, өзінің қара сөздерінде жақсылық пен жаманның, естілік пен ессіздіктің парқын ажыратып көзіңе көрсетеді.Көрсетіп қана қоймай, нағыз, толық адам болу жолын ұсынады. Ақынның естілік пен білімділікті дəәріптейтін қара сөзінің бірі – он тоғызыншы сөзі.Абайдың он тоғызыншы қара сөзінің өзектілігі неде жатыр? Біріншіден, Хакім Абай бұл қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тəәжірибесінің ғана нəәтижесі мен тəәрбиеден туындайтын нəәрсе деген ой тастайды.Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, көріп, естіп, ұстап көре біле білімді болатынын айтады.Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді.Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді. Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мəәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға алады. Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай адамдар өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың айналасына зиянын тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық та болмайтыны белгілі деп ойлаймын. Ойымды қорытындылай келе, мың жерден білімді болып тұрсаң да, есті сөзді ескеріп, қажетіңе жаратпасаң, білімділігің түкке тұрғысыз деп ойлаймын.Себебі, жақсылыққа жақсылық, естілікке естілік қана үйір болады.Есті сөзге сүйініп, көңілге түйінгенде ғана мəәніне терең бойлап, өміріңе жаратады екенсің.Ендеше, Абай айтқандай, естілердің сөзін ескеріп жүрейік.
31.Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің əәлсіздігін талдап жазыңыз. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Ескендір қандай адам? Ақылдылығымен, айласымен, көрегендігімен, талапшылдығымен, мақсат қойғыштығымен атағы жер жарған, ешікімді өзіне бағындырмай қоймаған даңқты тұлға. Керемет! Осыншама ұлы қасиеттерге ие атақты патшаның бойында міні бар ма, əәлсіздігі бар ма?! Иəә, бар! Жəәне ол əәлсіздіктері аз да емес! Ғұлама Абай оның жауабын поэманың өзінде бізге ұғындырып та берді. Ақын патша ұлылығын көрсете отырып, сол «ұлылықтың» астарында əәлсіздіктің жасырынып жатқандығын дəәлелдей жазады. Македониядағы бала күнінен «ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ» бала. ƏӘкесі өмірден кеткен соң жиырма жасқа əәлі толмаған жігіт билеуші болды. Өзін алып билеуші санаған Ескендірге оның мемлекеті өте кішкентай болып көрінді: «өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алатып қарады оңды-солды». Осылайша, дайын билікке оп-оңай қол жеткізген Ескендірдің бойындағы көрсеқызарлық оты тұтанды. Ескендір неғұрлым көп жерді жаулап алған сайын оның ашкөздігі мен қатыгездігі өрши түсті. Бұл-заңды құбылыс. «Алтын көрсе, періште жолдан таяр»,- деп халық та айтқан емес пе?! Ешқашан қылышы майырылмаған Ескендір енді үстіүстіне масаттана береді. Жолында не кезіксе, соның барлығы ұлы жеңімпаз Ескендірге тиесілі болуы тиіс! Тіпті, кішкентай бұлақ та оның ашкөздігін тоқтатпады: «...Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп, Талқан қылып шаһарын алыңыздар!». Көрдіңіз бе, жойқын билеушінінің екпінін ешкім де тоқтатпайтын сияқты! Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны көрмеу, өзгені мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл барып тұрған қасиетсіздік, осалдық, патшаның өзі байқамаған сорақы əәлсіздігі! Поэманың ақырына қарай: «...Тоя ма адам көзі мың-мың санға... ...Қанша тірі жүрсе де өлген күні Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен...» деген жолдарда Ескендірге ақылшысының сынай айтқаны патшаға терең ой салады. Ешкімге құлақ аспаған даңқты билеуші дана Аристотельдің əәрекеті мен ақыл сөзінің алдында осылайша алғаш рет мойұнсынды. Қорыта келе, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында ақын зұлымдық пен мейірімсіздікті ақылға жеңдіреді. Поэмадан ұлылық пен даңқ иесі болу-ашкөздік, қанағатсыздық, жауыздық, менмендіктен жасалмайтындығы жайлы дана ой түюге болады.
|
|||
|