Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ркім «Бақыт» дегенді əәр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дəәлелдермен негіздеп жазыңыз.



46.ƏӘркім «Бақыт» дегенді əәр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дəәлелдермен негіздеп жазыңыз.

Кез-келген адамнан оның өмірдегі ең қалаулы нəәрсесі не екенін сұраңызшы. Ең көп таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Менің ойымша, біз бəәріміз сол үшін дүниеге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Меніңше, ең бастысы шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда. Жүрегімде махаббат əән тербейтін, Бағалайық бақытты, жан тербейтін. 

Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер, 

Оралмайды, жан құрбым, өмір кетер, - деген Қ.Жүнісовтің «Бағалайық бақытты» өлең жолдары мені күн сайын жаңа белестерді бағындыруға жетелейді. Өмірдің қайталанбас сəәттерінен лəәззат алып, қиындықтармен жалыққанда көңілді бекер түсірмей, онымен күресу – бақыттың бір қыры. 

Осы өмірде мен үшін əәрқашан бақыт сыйлайтын адам бар. Ол – менің қадірлі анашым. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нəәрсе жоқ. В.Гюго айтқандай: «Нəәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сəәби үшін ең жылы ұя». Расында да, менің анам мені құшақтап, құшағына алған кезде мен əәлемдегі ең бақытты адам екеніме күмəәнсіз сенемін. Сондай-ақ, біз үшін барын салып жүрген асқар тау – əәкем. Сонымен қатар, бауырларым, олардың менің көңілімді аулауы, көмектесуге тырысқандары, мені бақытқа бөлейді. Яғни, бірінші бақытым – отбасым. 

Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру жəәне оларды бақытты ету. Қарапайым мысал: ауыр шелектермен келе жатқан қарт əәжеге көмектесу. Қарттар үйіне келіп қарт адамдардың бір сəәт болса да, көңілін аулау бақыт емес пе? Барлық игі істер сенің жүрегіңдегі тыныштық, нағыз адамгершілік сезімдігін оятады.Сонда сенің жолың тазарып, бақытқа бөленесің.

Қорыта келсем, адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы, оған қол жеткізуі, əәр адамның өз қолында. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. Шынымен мен бақыттымын. Мен өзіме ,жақындарыма, достарыма, істеріме, болашағыма сенемін.

Соңында М.Мақатаев өлеңімен аяқтасам деймін:

Бақыт деген – əәркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген – дəәл қазір,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

 

 

 

47.«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...» Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елі мен өткенімен жəәне болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. ƏӘрбіріміз үшін отан ошақ басынан басталады. Туған жер ,туған көше,туған қала мен үшін туған жер. Менің отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер Жаркент қаласы. Дəәл осы жерде менің көңілді де ,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың. 

Сен əәрқашан өзің бармасаң да,оймен қиялдап таған көшені,есіктің алдында «атаңның үйге кір деген”сөздері еске түсіресің. Жүректің əәлсіз дүрсілі естіледі. Кəәзір бой жеттім ,бірақта өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем менің кішкентай отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын. Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс. Ол мені құшағында мəәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, тəәлімін ,тəәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан керейшық кең дала мені сабырлық пен алмақтылыққа, кеңпейілділікке тəәрбиелейді. Ай жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда əәрлі-берлі сипап өтіп, қытырыңа тиетін, барары мен келер жері беймəәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен –ару бір байыппен сылдырап ағып,сабырлық пен байыптылыққа баулыйды. Төбесі көкті тіліп бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті,жайқалған жасыл желігінен өмірге сүйіспеншілікті,жылы жүзділікті қыбыр-жыбыры таусылмас жəәндігінен еңбекқоршылықты үйрендім. Қарап тұрсақ адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп,сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп,тұла бойыңның шымырлайтындықтан да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес оның көкейіңе салған адамдақ ұстанымын да сағынғандықтан болар. 

Қорытындысына келсек ,туған дала төсіне жүгіріп шығып, о шеті мен бұл шетіне көз жүгіртіп,айналаңа көз салсаң ,ақиық ақын М. Мақатаев атамызша «Пай!Пай!Пай! Киелі неткен жер!»-демеске еш шараң қалмаитындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.