Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шəәкəәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.



32.Шəәкəәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына керағар мінездерін талдап жазыңыз.

Шəәкəәрім Құдайбердіұлы – əәдебиетіміздің алтын қорына өзінің асыл мұраларын қалдырып кеткен қаламгердің бірі.Ел арасындағы аңыздарға негіздей отырып, «Еңлік- Кебек» поэмасын жазып қалдырды.ƏӘдебиетті парақтар болсақ, Шəәкəәрім сияқты аңыз негізіндегі ғашықтар тағдырына қалам тартқан қаламгерлер санаулы ғана.Шəәкəәрімнің бұл дастанының өзектілігі неде? Менің пайымдауымша, рулық тартыс кезінде болған бұл оқиға қазақ халқының салт- дəәстүрінің беріктігін дəәлелдейтін туындыға негіз болған.

  Поэмадағы бас кейіпкер – Еңлік қыз.Еңліктің қазақ қызына тəән кереғар мінезі дастанның қай тұстарынан көрінеді? Біріншіден, Еңліктің қазақ қызына тəән кереғар мінезі үйге келген танымайтын қонаққа сыр білдіргені, қонаққа өз төсегін дайындағаны қазақ қызының бойына жат қылық деп есептеймін.Бұрын-соңды қазақ қызы өз төсегін ер адамға салып бергенді қойдым, қыздың төсегіне ешкім де отырмаған.Сол себепті, поэманың басында-ақ Еңлік өзінің кереғар мінезін көрсетіп қойды деп ойлаймын.

Екіншіден, Еңліктің қазақ қызына керағар мінезі Кебекке ол көрсеқызар, жеңсікқой қыз болып көрінуінен де байқалады.Бірақ, бұл мінезін Еңліктің өзі басындағы ауыр мұңын айтып жуып-шайғандай болады. Еңліктің: Ей, батыр сен жатырсын, ұйқың қанбай,Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай, -деп жігітке өзінің бірінші болып тіл қатуы қыз балаға тəән ұяңдықты жоқ етіп тұр емес пе?

Еңліктің бұл қылықтарын басындағы ауыр мұңынан деп ақтағанмен де, əәке мен ана тəәрбиесін көрген қазақ қызы арына дақ түсіріп тұрғандай көрінеді маған.Сондықтан да, өз басым Еңіліктің бұл жат қылықтарын қолдамаймын.

 Ойымды қорыта келгенде, дастанда Еңліктің қазақ қызына кереғар жат мінездері көп жерінен байқалатынын айтқым келеді. Қазақтың қызы əәкесінің рұқсатынсыз жігітпен сөйлеспеген, қазақ қызы атастырылған жары бола тұра, жігітке өз сезімін бірінші болып білдірмеген.Сондықтан да, əәр қазақтың қызы қызға тəән ибалы, инабатты қалпын сақтаса деген тілегім бар.Жəәне қазақ қыздарын осындай жат қылықтардан аулақ болуыға шақырамын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

33.Шəәкəәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.

    «Жастарға» өлеңі –Шəәкəәрімнің ағартушылық нысанын жария еткен əәйгілі туындысы. Абай көтерген адам болуға ,азамат болуға шақырады.Ал қазіргі таңда Шəәкəәрім айтқан Абайдың толық адам болу қасиеттері жастар бойынан табыла ма? Осы сауал төңірегінде мен өз көзқарасымды ашып көрсетсем деп едім.

  Қазақ халқының тарихы мен мəәдениетінде өзіндік із қалдырған , Ұлы Абай мектебінің дəәстүрін жалғастырушы Шəәкəәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" деген өлеңінде өз ортасынан білімді,əәрі ойшыл жан деп Абайды ғана таныған . Біріншіден, оның өнеге көрген ортасы Абай əәулеті еді. Екіншіден, жетімдік көрмей өсуіне себеп болған Абайдың тағылымы еді.Сондықтан да жастарды адалдықты сүюге, арамдық-қулықтан қашуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.Осындай игі қасиеттерді бойына сіңіріп өскен жастар жалын жүректі,өршіл намысты,биік рухты болса,ол елдің еңсесі де биік болмақ .

Шəәкəәрім «Жастарға»өлеңі арқылы жастарды Абай арқылы түзеткісі келді. Абайдың арман-мұратын білім,ғылым үйренуді , адал еңбек етуді,адамгершілікті,əәділдікті ту етіп көтеру,надандық,алауыздықтан аулақ болуға шақырады.Оны ақын "Жастарға" өлеңінде: "... Бір білімді данышпан жан табалық,

 ... Ал енді олай бола кімді алалық?...

 ...Жалыналық, Абайға жүр, баралық!"- дейтіні де сондықтан. Ол жастардың өмірлік мақсаты туралы айта отырып,өзінің өнерпаздық бағытын да айқындайды. «Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық?» деген сауал қойып,кім болса да үлгі аларлық  

«білімді,данышпан»,шынайы ғалым Абай дейді. Шəәкəәрім өмір бойы ақ пен қара,əәділдік пен зұлымдықтың құрбаны болып өтті.

Қазақ қашанда жамандығын жасырып,жақсылығын асырып айтқан халық қой.Десек те, жастар тəәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып,қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мəәселеге атүсті қарауымыз өз тамырымызға балта шабумен бірдей.Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды,қазақи бояуға мүлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп қынжыламын. Дегенмен, бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек ,Қырандай күшті, арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты бар жастарымыздың ел игілігі үшін атқарылып жатқан бастамалардың басы-қасында жүргені де қуантады.Сондықтан, тəәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан»,-деп Абай атамыз айтқандай,Отанымның өркендеп өсуіне бар күш-жігерімді аямаймын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Шəәкəәрім шығармаларында айтылған Абай бойынан үйренерлік адами құндылықтарды басты орынға қойса,нұр үстіне нұр болар еді.Ұлттың бүгіні мен келешегі-белсенді жастардың қолында.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.